"Darmen" қосымшасын жүктеп алыңыз
Darmen - қажет нәрсенің бәрі қалтаңызда. Мектептерде сабақ болмайды ма, әлде орталық көшелер жабылады ма, қала сыртына шығуға болады ма, әлде бүгін көктайғақ болады ма? Әкімдіктен осы жерде және қазір қажет болатын маңызды ақпаратты бірден алыңыз. Мобильдік қосымшаны Android және IOS базасындағы смартфондар мен планшеттердің барлық иелеріне мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде жүктеуге болады. Қосымшаны AppStore және Plaу Market ұялы телефондарына арналған қосымшалар дүкендерінен Darmen қосымшасының жұмыс істеу мәселелері бойынша Darmen атауын енгізу арқылы жүктеуге болады.+7 708 425 43 46. Оқиғалар мен ТЖ фактілері туралы 112 телефонына қоңырау шалыңыз.
Осыған байланысты Қаратал ауданының төтенше жағдайлар бөлімі осы ауданның барлық тұрғындарынан маңызды ақпаратты уақытында алу үшін "Darmen" қосымшасын жүктеп, тіркелуді сұрайды.
Ол үшін PlayMarket-ке кіру керек, іздеу жүйесінде "Darmen" қосымшасын теріп, орнату функциясына өтіңіз, жүктеу керек бағдарламасы ашылады, қалаңызды таңдаңыз, терезе шығады, «Иә» деп таңдауға рұқсат беру керек, сол жақ жоғарғы бұрышта 3 сызық бар, оларды басу арқылы профиль функциясына өтіңіз, терезе шығады, авторизация қажет, логинді нұқыңыз, тіркелуді таңдаңыз, "телефон нөміріңізді енгізіңіз" терезесі шығады, енгізілген телефон нөмірін нұқыңыз, төменгі оң жақ бұрышта "тіркелу жасау" терезесі пайда болады. Атыңызды, әкеңіздің атын енгізіңіз, 6 саннан тұратын құпиясөз ойлап табыңыз, қайта құпия сөзді, өзіңіздің эл. Пошта көрсетіңіз. Ұялы телефоныңызға SMS код келеді, оны енгізіп, "Растау" таңдаңыз.
Қаратал ауданының төтенше жағдайлар бөлімі