"БЖЗҚ туралы өзекті мәселелер"
БЖЗҚ өзекті сұрақтарға жауап береді
Зейнетақы шотынан үзінді көшірмеде аударымдар сомасы 2013 жылдан басталады. Өткен жылдардағы аударымдар туралы ақпаратты қалай алуға болады?
БЖЗҚ 2013 жылы Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорының ("МЖЗҚ "ЖЗҚ" АҚ) базасында құрылды. Зейнетақы активтері мен барлық жеке қорлардың міндеттемелері БЖЗҚ-ға берілді.
Жеке зейнетақы шотынан (бұдан әрі - ЖЗШ) үзінді көшірме алу - бұл салымшылардың (алушылардың) заңмен бекітілген құқығы. БЖЗҚ атына ЖЗШ ашылған жеке тұлғаға оның сұрау салуы бойынша ЖЗШ ашылған күннен бастап кез келген сұрау салынатын күнге зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты ақы алынбай беруге, сондай-ақ оның зейнетақы жинақтары туралы ақпаратқа қол жеткізудің электрондық және өзге де тәсілдерін қамтамасыз етуге міндетті.
Сіз өзіңіздің зейнетақы жинақтарыңыздың жай-күйі туралы келесі жолдармен біле аласыз:
электрондық:
- БЖЗҚ сайтында немесе мобильді қосымшасында не электрондық үкіметтің жеке кабинеті арқылы (egov.kz) электрондық цифрлық қолтаңбаны немесе пайдаланушының логині мен паролін пайдалана отырып;
- БЖЗҚ-да ұсынылған мекенжайға электрондық пошта арқылы;
тікелей БЖЗҚ кеңсесіне жеке жүгінген кезде;
пошта байланысы қызметтері арқылы.
БЖЗҚ-да ЖЗШ ашылғанға дейінгі кезеңде ЖЗШ-дан үзінді-көшірме қалыптастырылған жағдайда ЖЗШ-дан үзінді-көшірмеге, оның ішінде мәліметтерді БЖЗҚ-ға берген "соңғы" жинақтаушы зейнетақы қоры ұсынған зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат қоса беріледі.
Қажет болған жағдайда БЖЗҚ 2013 жылға дейін ақпарат бере алады. Ол үшін электрондық пошта арқылы жазбаша сұрау салуды ұсынамыз enpf@enpf.kz немесе БЖЗҚ-ның тұрғылықты жері бойынша бөлімшесіне сұратылған ақпаратты және ол құрылуы тиіс кезеңді көрсете отырып. Құжат Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде ұсынылатын болады.
Айтыңызшы, басқа елде тұрақты тұруға өтініш берген адам зейнетақы жинақтарын жақын туыстарына бере ала ма?
БЖЗҚ-ның елден тыс жерлерге кететін немесе тұрақты тұруға кеткен салымшыларының зейнетақы жинақтарын алуға мүмкіндігі бар екенін түсіндіреміз. Ол үшін олар ҚР Ішкі істер органдары арқылы тұрақты тұруға шығуды ресімдеп, БЖЗҚ-ға құжаттар пакетін ұсынуы керек. БЖЗҚ-дан Қазақстаннан тыс жерлерге тұрақты тұруға кетуге байланысты зейнетақы төлемдерін алу құқығын ҚР шегінен тыс тұрақты тұруға кеткен, БЖЗҚ-ға зейнетақы жинақтары бар және ҚР заңнамасына сәйкес құжаттарды ұсынған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар пайдалана алады:
міндетті және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен - шығу фактісін растайтын құжаттарды ұсынған кезде.
ерікті зейнетақы жарналары есебінен – шығу ниетін немесе фактісін растайтын құжаттарды ұсынған кезде.
Азаматтар тұрақты тұруға кетуді тиісті түрде ресімдеген және басқа елдің шетелдік паспортына ие болған жағдайда зейнетақы жинақтарын алуға үміткер болуға құқылы.
БЖЗҚ-ға құжаттарды тапсырудың 3 тәсілі бар:
Сіз БЖЗҚ кеңсесіне шетелдік паспортпен және банктік шот туралы мәліметтермен жеке жүгіне аласыз.
Сіздің өкіліңіз (сенім білдірілген тұлға) құжаттар пакетімен БЖЗҚ кеңсесіне жеке өзі жүгіне алады. Өзімен бірге: Сіздің шетелдік паспортыңыздың немесе азаматтығы жоқ адамның куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмесі; өкілдің (сенім білдірілген тұлғаның) жеке басын куәландыратын құжат; нотариалды куәландырылған сенімхат; сіздің банктік шотыңыз туралы мәліметтер болуы тиіс.
Қажетті құжаттарды пошта арқылы жіберуге болады. Құжаттар тізімі келесідей: нотариалды куәландырылған қолы бар зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш; шетелдік паспорттың немесе азаматтығы жоқ адам куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмесі; банк шоты туралы мәліметтер. Жиналған құжаттар пакетін БЖЗҚ-ның облыстық (өңірлік) филиалдарының бірінің пошталық мекенжайына жіберуге болады.
Зейнетақы жинақтарын төлеу тек алушының банктік шотына, оның ішінде зейнетақы төлемдерін алушы әрекетке қабілетсіз/әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған тұлға болған жағдайда ғана жүзеге асырылатындығына назар аударамыз. Заңды өкілдің (қорғаншының/қамқоршысының), сондай-ақ сенім білдірілген тұлғаның банк шотына зейнетақы жинақтарын төлеуге жол берілмейді. Осылайша, басқа елде тұрақты тұруға өтініш берген адам өзінің зейнетақы жинақтарын жақын туыстарына бере алмайды.
Қазақстанда тұруға ықтиярхаты бар азаматтар зейнетақы аударымдарын жасай ала ма?
"Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" ҚР Заңының (бұдан әрі - Заң) 2-бабына сәйкес, егер заңдарда және халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар зейнетақымен қамсыздандыру құқығын Қазақстан Республикасының азаматтарымен тең пайдаланады.
"Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы" ҚР Заңының 1-бабы 1-тармағының 14) тармақшасында шетелдіктің Қазақстан Республикасының аумағында жеке басын куәландыратын және оның Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алғанын растайтын құжат шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты болып айқындалған.
Демек, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың, егер заңда өзгеше көзделмесе, БЖЗҚ-ға зейнетақы жарналарын Қазақстан Республикасының зейнетақы заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде аудару жолымен, Қазақстан Республикасының азаматтары сияқты өздерінің зейнетақы құқықтарын қалыптастыруға құқығы бар.
Менде операциядан кейінгі 2 мүгедектік тобы бар. Мүгедектік маған 5 жылға тағайындалды. Зейнеткерлік жасқа дейін зейнетақы төлемдерін ала аламын ба? 1 және 2 топтағы мүгедектік бойынша зейнетақы қалай тағайындалады?
"Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" ҚР Заңында зейнеткерлік жасқа толғанға дейін 1 немесе 2 топтағы мүгедектігі бар жеке тұлғалардың мүгедектік мерзімсіз болып белгіленген жағдайда ғана МЗЖ және/немесе МКЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар екендігі көзделген. Бұл ретте мүгедектік тобы мен мерзіміне қарамастан ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы төлемдерін алуға болатынын атап өтеміз.
БЖЗҚ-ға құжаттарды тапсыру тәсіліне байланысты барлық қажетті құжаттардың өзекті тізбесі БЖЗҚ корпоративтік веб-сайтында мына мекенжай бойынша орналастырылған: www.enpf.kz "қызметтер" бөлімінде - "алушыларға".
Менде тіркеу және тұру мекен-жайы өзгерді. Оны БЖЗҚ жүйесінде қалай өзектендіруге болады?
Заңнамада Салымшы (Алушы) 10 күнтізбелік күн ішінде БЖЗҚ-ға өз міндеттемелерін орындауға әсер ететін барлық өзгерістер туралы хабарлауға міндетті деп көзделген.
БЖЗҚ міндеттемелерінің орындалуына әсер ететін өзгерістерге, оның ішінде салымшының (алушының) тұрғылықты мекен-жайының, электрондық мекенжайдың (e-mail), егер осы мекенжайлар хабарлау кезінде пайдаланылса, өзгеруі жатады.
Өзгерістерді келесі жолдармен жасауға болады:
-БЖЗҚ сайтында немесе мобильді қосымшасында электрондық цифрлық қолтаңбаны, электрондық қызметке QR-қол қоюды немесе пайдаланушының логині мен паролін пайдалана отырып, жеке кабинет арқылы;
- БЖЗҚ кеңсесіне тікелей жеке жүгінген кезде;
- "Қазпошта" АҚ бөлімшелеріне жеке жүгінген кезде. "Қазпошта" АҚ бөлімшелерінің тізімі сайтта орналастырылған www.enpf.kz "қызметтер" бөлімінде - "Қазпошта" АҚ-мен ынтымақтастық.