"Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ төрағасының тікелей тапсырмасымен халықпен жаңа форматта жұмыс істеуді бастап кеттік. Яғни, тұрғындар тарапынан халыққа қызмет көрсету орталығына қандай ескерту, ұсыныс, шағымдары барын білу үшін жер-жерде кездесу өткізудемін. Осы мақсатта, Жетісу облысының Көксу және Ескелді ауданына бардым. Тұрғындардың да,блогерлердің де пікірін тыңдадым. Екі ауданның белсенділері халыққа қызмет көрсету орталығы ғимаратының ескі, қараңғы екенін айтып шағымданды. Шағымдары назарға алынып, халықтың талап-тілегін орындауға кірісіп кеттік. Яғни, Көксу және Ескелді ауданындағы Халыққа қызмет көрсету орталығына жөндеу жұмыстарын жүргіземіз. Қазір осы жайтқа байланысты құжат жүзіндегі жұмыстарды бастадық. Ал басты атап өткім келетін жайт, екі аудан халқының тарапынан мемлекеттік қызмет көрсету сапасына наразылығы жоқ.