Енді халыққа қызмет көрсету орталығында тұрғын үйді таңдауға, сатып алу – сату мәмілесін рәсімдеуге, мүлікке құқықтарды тіркеуге болады. Жылжымайтын мүлікті сатып алуды немесе сатуды жүргізу үшін: екі данада ресімделген шарт; жылжымайтын мүлік техпаспорты; құқық белгілейтін құжаттар қажет.
Бұл ретте ХҚКО-ға дайын сатып алу-сату шартымен де, онсыз да келуге болады. Мемлекеттік корпорацияның маманы оны құруға көмектеседі. Шартта барлық техникалық сипаттамалар көрсетілуі керек . Егер жылжымайтын мүлік құрылыс салушыдан сатып алынса, компанияның сенімді тұлғасының аты көрсетілуі керек.
Қызметтің құны жылжымайтын мүлік түрінен өзгеретінін ескеріңіз, мысалы, қоймалар немесе паркингтер немесе басқалар. Сонымен қатар, ХҚКО-да мәміленің қарапайым нысанын жасау бойынша қызметтер көрсетіледі.
Егер сатып алу-сату объектісі жеке үй болса, онда қызмет құны өзгермейді. Бірақ бұл ретте жер учаскесін және оның аумағындағы шаруашылық құрылыстарын тіркегені үшін қосымша ақы алынады.