Меню

Страницы

Статья

БЭК-ке мүше мемлекеттердің еңбекшілерін зейнетақымен қамсыздандыру туралы келісім қалай жұмыс істейді

Келісім 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енді және оның негізгі мақсаты Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) мүше мемлекеттер еңбекшілерінің жұмысқа орналастырушы мемлекет азаматтарымен бірдей шарттарда және тәртіппен зейнетақы құқықтарын қалыптастыру және іске асыру болып табылады.

Келісім күшіне енген сәттен бастап 2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша еліміздің аумағында еңбек қызметін жүзеге асыратын ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің 46 350 Еңбекші-азаматы үшін жұмыс берушілермен жасалған еңбек және азаматтық-құқықтық шарттар негізінде міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) жеке зейнетақы шоттарына (ЖЗШ)аударылды, БЖЗҚ-да ашылған.

Бұл ретте БЖЗҚ-да есепке алу үшін ашылған ЖЗШ (МЗЖ) болмаған жағдайда, аталған шоттар аударымдар түскен кезде автоматты түрде ашылды.

Сондай-ақ, 2021-2022 жылдар ішінде БЖЗҚ ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің 40 азаматынан зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш қабылданды және орындалды, оның ішінде 37 еңбекшіге Қазақстан заңнамасы бойынша зейнеткерлік жасқа толуына байланысты зейнетақы төлемдері және 3 мұрагерге еңбекшілердің қайтыс болуына байланысты зейнетақы төлемдері тағайындалды.

2 еңбек шартының негізінде Қырғызстан мен Ресей аумағында еңбек қызметін жүзеге асырған және аталған елдердің зейнетақы жүйесіне сақтандыру жарналарын аударған Қазақстан азаматтарына тиісті құзыретті органдар жасына байланысты өмір бойы зейнетақы тағайындады.

Осылайша, еңбекшілердің ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерде зейнетақы жарналарын жұмысқа орналастырушы мемлекеттің зейнетақы жүйесіне аудару жолымен зейнетақы құқықтарын қалыптастыруы және оларды тағайындалған зейнетақы төлемдері түрінде іске асыруы Армения, Беларусь, Қырғызстан, Қазақстан және Ресей Федерациясы кіретін ЕАЭО туралы шартқа негізделген келісімнің арқасында мүмкін болды.

БЖЗҚ Келісім шеңберінде зейнетақымен қамсыздандыру мақсатында ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің азаматтары еңбек немесе азаматтық-құқықтық шарттар жасасу арқылы жұмысқа орналасу мемлекетінде жұмыс берушілермен еңбек қатынастарын ресми ресімдеуі қажет екенін хабарлайды.

Өз кезегінде, жұмыс берушілер ресми жұмысқа орналастырылған жұмыскерлер үшін жұмысқа орналастыру мемлекетінің зейнетақы жүйесіне зейнетақы (сақтандыру) жарналарын осы жұмысқа орналастыру мемлекетінің заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде жүзеге асыруға міндетті.

 БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда "МЖЗҚ "ЖЗҚ" АҚ базасында құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің "Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті" ММ атынан Қазақстан Республикасының Үкіметі болып табылады. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлік басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар әзірлеу жөніндегі функциялар Ұлттық қорды басқару жөніндегі кеңеске берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды тартуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) оның зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz)

Дата публикации
20 января 2023
Дата обновления
20 января 2023
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

02 сентября 2026
Бос орындар
08 июля 2026
Бейнероликтер
13 марта 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы