Жетісу облысында 20 млн теңгеден астам қаржыға көліктің VIP номерлері сатылды.
"Жетісу облысы құрылған уақыттан бері, яғни 2022 жылдың 15 шілде мен 31 желтоқсан аралығында 20 682 455 теңгеге көліктің 64 VIP номері сатылды. Оның ішінде, 41 көліктің мемлекеттік тіркеу номері 19 аймақ белгісімен рәсімделді.
Халықтың арасында 019 AAA 19, 919 AAA 19,
999 AAA 19 номерлеріне сұраныс жоғары",- деді "Азаматтарға арналған үкімет" МК КЕАҚ Жетісу облысы бойынша филиалының директоры Самат Иманғалиев.
Жалпы, Жетісу облысында көліктің 19 аймақ мемлекеттік тіркеу номері 21 қыркүйектен бастап беріле бастады. Осы уақыттан бері 4995 адам жаңа аймақтың номерімен көліктерін рәсімдеді.