Жетісу облысы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы аталған мәселеге қатысты келесіні хабарлайды:
2026 жылғы 30 қаңтардағы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің №41, ҚР Ішкі істер министрлігінің №60 және ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің №47 бірлескен бұйрығына сәйкес, «Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға ҚР-да тұрақты тұруға рұқсат беру» және «Қандас мәртебесін беру немесе ұзарту» мемлекеттік көрсетілетін қызметтері бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Пилоттық жоба 2026 жылғы 16 ақпаннан бастап жұмыс жасайды.
Осыған сәйкес, облысқа тұрақты тұруға келген шетел азаматтары және «Қандас» мәртебесін алуға ниет білдірген этникалық қазақтар келесі рәсімдерден өтеді:
app.tectcenter.kz);
деректері, байланыс мәліметтері, білімі, жолсапар мәліметтері, денсаулығы, құқық бұзушылықтар, жұмыс тәжірибесі, әскери міндеті, туыстары туралы ақпараттарды migration.enbek.kz ұсынады)
Жоғарыда көрсетілген талаптарды толық орындаған жағдайда:
«Қандас» мәртебесі тек ҚР-ның Үкіметі айқындаған қабылдаушы өңірлерде беріледі (Абай, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Ұлытау облыстары).
Жоғарыда баяндалғандарға байланысты, пилоттық жобаның іске қосылуына сәйкес, 2026 жылғы 16 ақпаннан Жетісу облысы аумағында «Қандас» мәртебесін алуға ниет білдірген этникалық қазақтардың өтініштерін қабылдау тоқтатылды.
Ескертпе: Сұрақтар қосымша туындаған жағдайда аудан, қалалардағы «Халыққа қызмет көрсету орталығы» филиалдарынан білуге болады.