2026 жылдың бірінші тоқсанында «Қаратал ауданының кәсіпкерлік және туризм бөлімі» ММ атқарған жұмыстары туралы ақпарат

         Өнеркәсіп

         2026 жылға жоспар 5 200 млн. теңге, индекс көлемі 101,0 пайыз, ағымдағы жылдың бірінші сәуіріне өнеркәсіп өндірісінің көлемі 1250,0 млн. теңге күтілуде, 2025 жылмен салыстырғанда индекс көлемі 112,5 пайыз.

          Өнеркәсіп саласында 16 кәсіпорын жұмыс жасауда, атап айтсақ: сүт өнімдерін өндірумен айналысатын «Үштөбе Айдын» ЖШС және «Үштөбе сүт өнімдері» ЖШС, профильдік бұйымдар өндіретін «Прогресс СМ» ЖШС, күрішті қайта өңдеумен айналысатын «Уштобинский» ЖШС, жылу энергиясын өндіретін «Жылыту орталығы» ЖШС, сумен жабдықтау және су бұру қызметтерін жүзеге асыратын «Каратал таза су» ЖШС, полиграфиялық қызмет көрсететін «Адина соль» ЖШС, электр энергиясын таратумен айналысатын «Уштобинский РЭС» және басқа да кәсіпорындар бар. Сондай-ақ жер қойнауын пайдаланумен айналысатын кәсіпорындар: «Тамас», «Бахыт и Компания», «New Live Group», «RISH22», «Жетысу Мунай», «Шымыр-Кайра», «Bars Technologies».

          Инвестиция

         2026 жылға әлеуметтік - экономикалық бағдарламаға сәйкес 30 млрд инвестиция тарту жоспарлған. Бюджеттен тыс инвестиция сомасы                          20 млрд. теңге, бюджеттік инвестиция 10 млрд. теңге.

          Қаңтар – наурыз айларында тартылатын инвестиция көлемі 1 256,9 млн. теңге күтілуде, 2025 жылмен салыстырғанда 154 пайыз, бюджеттен тыс инвестиция 1 175,0 млн. теңге күтілуде 160 пайыз.

   Бөлшек тауарайналымы

         2026 жылға жоспар 16 860,0 млн. тенге, индекс көлемі 100,0 пайыз. Қаңтар-наурыз айларында бөлшек тауарайналымының көлемі 2 438,0 млн. тенге күтілуде, индекс көлемі 100,1 пайыз.  

Шағын және орта кәсіпкерлік

          Қаратал ауданы бойынша 2026 жылға арналған жоспарға сәйкес жұмыс істеп тұрған бизнес субъектілерінің санын 3081-ге немесе 103%-ға дейін жеткізу көзделген.

          Ағымдағы жылдың 1 наурызындағы есеп бойынша 2884 бизнес субъектісі жұмыс істейді. Оның ішінде заңды тұлғалар – 187, жеке кәсіпкерлер – 1403, шаруа қожалықтары – 1294. Өткен жылмен салыстырғанда бизнес субъектілерінің саны 51-ге азайып, 98,3%-ды құрады (заңды тұлғалар саны 20-ға артты, жеке кәсіпкерлер саны 25-ке және шаруа қожалықтары саны 46-ға азайды).

          Бюджетке түсетін түсімдер ағымдағы жылдың 1 ақпанына 288,6 млн теңгені құрады, бұл өткен жылғы деңгейдің 94,5%-ын құрайды (өткен жылы – 305,2 млн теңге). 2026 жылға бюджетке түсетін түсімдерді 1,4 млрд теңгеге жеткізу жоспарланған.

Дата публикации
10 апреля 2026