Атқарылған жұмыстар
«Жылыту орталығы» ЖШС-нің 2025-2026 жылыту маусымын 2025 жылдың қазан айының 6 жұлдызында бастап, 2026 жылдың 7 сәуір күні сағат 00.00-де толық аяқтады.
Жылу беру жүйесінің жұмысында ауытқулардың алдын алу мақсатында жылу алмастырғыштың 4 секциясында орналасқан тығыздағыштар (прокладкалар) мен пластиналар бірнеше мәрте тазаланып, қайта орнатылды.
2026 жылдың қаңтар-наурыз айларында қауіпті қалдықтар мен қоқыс толықтай шығарылып, қазандықтың аумағында тазарту жұмыстары бірнеше мәрте жүргізілді.
«Жылыту орталығы» ЖШС-і 2026 жылдың наурыз айында Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Жетісу облысы бойынша экология департаменті республикалық мемлекеттік мекемесінің профилактикалық бақылауынан өткізілді.
«ИВЦ» ЖШС-мен ақпараттық-технологиялық сүйемелдеу мен қызмет көрсету бағдарламасы бойынша әр айдың 15 жұлдызына дейінгі аралықта тұтынушыларға QR коды бар ескерту шоттары, түбіртектер жолдануда. Тұрғын үй халық жылу тұтынушылары жылу беру қызметіне 906 мың теңге қарызы бар. Бюджеттік ұйымдар мен заңды тұлғалардың қарыздары жоқ. Жеке тұлғалардан бағдарлама арқылы төлем қабылдау бірте-бірте өз нәтижесін көрсетуде.
«Жылыту орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 2025-2026 жж. жылыту маусымына субсидиялау бойынша БМҚ алынған газ отынының 2 222 025 м3 газы қолданылды.
Барлық тұтынушыларға хабарландыру айтылып, шүмектері толық жабылды. Барлық тұтынушылармен жылыту маусымы аяқталған уақыттан бастап жылу желілеріне жуу, қысыммен шаю жұмыстарын жүргізу қажет екендігі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Абоненттерге ресми түрде хат жолдау жұмыстары жүргізілуде.
2026-2027 жж. жылыту маусымына дайындыққа арналған жөндеу жұмыстарының жоспары құрылып, бекітілді.