2026 жылғы 1 тоқсандағы Қаратал ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің орта мерзімді даму бағдарламасының орындалуы туралы ақпарат

 

 

2026 жылғы 1 тоқсандағы Қаратал ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің орта мерзімді даму бағдарламасының орындалуы туралы ақпарат

 

 

Қаратал ауданы әкімдігінің «Қаратал ауданының жергілікті атқарушы органдарының штат санының лимиті туралы» қаулысына сәйкес «Қаратал ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-нің  штат саны лимиті  5 бірлік болып бекітілген. Оның ішінде: бөлім басшысы - 1, сектор меңгерушісі – 1, бас маман - 3.

«Қаратал ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Қаратал ауданының үйде қызмет көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 31 әлеуметтік қызметкерлер, 1 басшы, 2 кеңесші, 2 меңгеруші, 1 бухгалтер 86 жалғызбасты қарт және 76 мүгедектігі бар балаларға әлеуметтік қызмет көрсетеді .

2026 жылы әлеуметтік төлемдерге жоспарланған 953 миллион 892 мың теңге қаражаттың 172509,0 мың теңгесі игеріліп, жылдық жоспардан бюджеттің атқарылуы 18,1% құрады.

 Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес  бөлім мамандарымен Мемлекеттік қызметтің 16 түрі көрсетіледі.

2026 жылғы 01 сәуірге бөліммен 621 қызмет көрсетілді.

2026 жылы ауданда 1616 жұмыс орынын құру жоспарланған, оның ішінде 886 тұрақты, 730 уақытша.

2026 жылғы 01 қаңтар мен 31 наурыз аралығында аудан бойынша 491 жұмыс орны құрылды (оның ішінде 331 уақытша), бұл жылдық жоспардың 30,3  пайызын ұрады.

Еңбекші көшіп келушілерге (мигранттар) 25 рұқсат берілді.

Бекітілген квотаға сәйкес пробация қызметінде есепте тұрған 3 адам жұмысқа орналастырылды.

2026 жылы атаулы әлеуметтік көмек алатын 1075 отбасына                         (4491 отбасы мүшелеріне) 427 миллион 274 мың теңге жоспарланған.

Ағымдағы жылдың үш айында атаулы әлеуметтік көмек 408 отбасына, оның ішінде 2051 адамға 110870,5 мың теңге тағайындалып төленді.

1 жастан 6 жасқа дейінгі  балалары бар отбасыларға төленетін қосымша төлем бойынша 1461 балаға 94 миллион 790 мың теңге жоспарланған.

Атаулы әлеуметтік көмек алушылардың 1 жастан 6 жасқа дейінгі балалары бар 311 отбасыға, оның ішінде 1 балаға 1,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (6488 теңге) барлығы ағымдағы жылдың үш айында 311 отбасы, оның ішінде 544 балаға  10224,8 мың теңге қосымша төлем төленді.

Жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша азаматтардың жекелеген санаттарына 800-ден астам әлеуметтік көмек алушыларға                     81 миллион 375 мың теңге жоспарланған.

Аз қамтылған отбасылардың бала-бақшада тәрбиеленіп жатқан 107 балаларына  тамақтануы үшін  жыл басынан 3470,1 мың теңге төленді.

Әлеуметтік маңызы бар туберкулез ауруына  шалдыққан  тіркеуде тұрған                 30 азаматтардың құжаттары қабылданып, оларға 7 АЕК мөлшерінде, яғни 30275 теңге әлеуметтік көмек тағайындалып, жыл басынан 3 айға 1634,9 мың теңге төленді.

АИТВ індетіне шалдыққан 3 балаға жыл басынан 508,5 мың теңге тағайындалып, төленді.

Ауған соғысына қатысқан азаматтарға төленетін біржолғы көмек 34 адамға 7352,5 мың теңге (1 адамға 216 250 теңге) төлем жүргізілді.

Мүгедектігі бар балаларды үйде оқыту үшін кеткен шығындарды өтеу  мемлекеттік қызметі бойынша – 3841,0 мың теңге, жыл басынан 44 адамға жәрдемақы тағайындалып, 1522,4 мың теңге төленді.

Мүгедектігі бар адамдардың оңалту бағдарламасына 235 миллион 981 мың теңге жоспарланған.

Бүгінгі күні аудан бойынша тіркеуде тұрған мүгедектер саны 1698 адам. (Оның ішінде 16 жасқа дейінгі балалар саны 190, I  топтағы жандар 176 адам, II топтағы жандар 692 адам,  III – топтағы азаматтар 640 адам).

Мүгедектігі бар азаматтардың жеке оңалту бағдарламасына сәйкес техникалық көмекші құралдарға 488 өтініш қабылданды. Оның ішінде 41 мүгедек протездік-ортопедиялық көмекпен, 2 мүгедек сурдотехникалық, 23  мүгедек тифлотехникалық, 13 мүгедек  қол-арбамен, 191 мүгедек санаторлы-курорттық емдеумен, 81 мүгедек жеке көмекшінің қызметімен, 11 мүгедек тіл мамандарының қызметімен, 127 мүгедек міндетті гигиеналық құралдармен қамтамсыз етілуде.

Ағымдағы жылы  78 жеке көмекшінің жалақысына 21 миллион 738 мың және 3 топтағы мүгедектігі бар 10 адам ымдау тілі маманының жалақысына 2898,0 мың теңге мөлшерінде қаражат жұмсалды.

Барлығы 58306,0 мың теңге жұмсалды.

Сонымен қатар мүгедектігі бар адамдарды тегін тасымалдауға «Инватакси» қызметіне арналған шығыстар ағымдағы жылдың  31 наурызына 2898,0 мың теңгесі игерілді.

Мүгедектігі бар 37 адамның барлығы 1287 өтінімі қанағаттандырылды ("Инватакси" қызметінің әлеуметтік тапсырысын орындаушы «Қаратал мүгедектер қоғамы» республикалық қоғамдық бірлестігі болып табылады).

Мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік инфрақұрылым нысандарының      қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша 2026 жылға ауданда жоспарланған 18 объект.

 

 

Дата публикации
09 апреля 2026