«Қаратал ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекеменің 2026 жылдың 1-тоқсанда жұмыс жоспарының орындалуы туралы ақпарат

 

 

Жылдық күтілетін жоспармен  қаңтар–желтоқсан айлары аралығында  әр айдың 20 күніне әлеуметтік-экономикалық негізгі көрсеткіштердің орындалу болжамы туралы ақпарат облыстық экономика басқармасына және аудан әкімі аппаратына ұсынылды.Статистикалық есеп шыққан соң қаңтар–желтоқсан айлары аралығында әр айдың 16 күніне әлеуметтік-экономикалық негізгі көрсеткіштердің орындалуы туралы ақпараты  және инвестиция бойынша көрсеткішті нақты жобалар бөлінісінде бөліп былтырғы жылмен салыстыра отырып облыстық экономика басқармасына және аудан әкімі аппаратына ұсынылды. Көрсеткіштердің ай сайынғы қортындылары бойынша (өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, инвестиция, құрылыс, бөлшек тауар айналымы, тұрғын үй құрылысы, ШОБ, бюджет кірістері, шығыстары, жалақы деңгейі, әлеуметтік көрсеткіштер, коммуналдық төлемдер көрсеткіштері, а/ш дақылдарының егу көрсеткіші және а/ш техникасы бойынша ақпарат) былтырғы жылдың кезеңімен  салыстырылған және жылдық жоспары көрсетілген ақпаратты  (карманник) аудан әкімі аппаратына  ұсынылды. Ай сайын айдың қортындысы негізінде (брифинг, аудан әкімінің халықпен тұрақты кездесуі т.б.) баяндама жасалып аудан әкімі аппаратына ұсынылды. Облыс әкімінің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларың орындалуы бойынша облыстық экономика басқармасына бақылау хатты жабылды.  Аудан әкімінің 1 кеңейтілген отырысына аудандағы мекемелер бойынша кемшіліктер жинақталды, 1 баяндама жасалды, 1 кеңейтілген отырыстан кейін берілген  тапсырмаларға сәйкес 1 қаулының жобасын дайындалып, қаулы шығарылды, мерзіміне сәйкес қаулыда берілген тапсырмалардың орындалуы бойынша баяндама жасалынды.

Өткен қаржы жылына аудан және Үштөбе шағын қаласының төлқұжатын дайындау (Ауданың әлеуметтік экономикалық төлқұжатты жасалынды, Үштөбе шағын қаласының  төлқұжаты жасалып облыстық экономика басқармасына ұсынылды. Сонымен қатар, ауылдық округтердің әлеуметтік экономикалық төлқұжатты жасалынып алынды.).

 «Е-QAZYNA» бағдарламасындағы мекемелердің есептерін және квазимемлекеттік мекемелердің даму жоспары тапсыруын қадағалау (бағдарламасындағы аудан бойынша мекемелердің есептерін және квазимемлекеттік мекемелердің даму жоспарын тапсыруын уақытылы қадағалау жұмыстары жүргізіліп, мекеме басшыларының қолы және  мөрі басылған хабарландырулары жинақталып алынуда).

Сайтқа азаматтық бюджетті, ашық бюджетті енгізу және ауданның мемлекеттік органданының сайтқа енгізген ақпаратарын уақытылы енгізуін қадағалау (Ашық бюджеттер порталында аудандық бюджеттік бағдарлама әкімшілерімен: 1) өткен қаржы жылындағы бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы есебі орналастырылды 2) 2027-2029 жж. азаматтық бюджет және бюджеттік бағдарламалары орналастырылуда (Әлеуметтік желілер, аудан әкімінің және ауылды округ аппаратарының сайтында орналастырылуда).

Үштөбе қаласының әкімі сайтына ХҚБ-ті  (БНУ)  бойынша «Халық қатысатын Бюджет-Үштөбе 2026» бөлімшесін ашып, әлеуметтік желілерде хабарландыру жарияланып, тұрғындар тарапынан жобалар жіберіліп, сәйкестігі тексеріліп сайтқа орналастырылып, қазіргі уақытта кезеңге сәйкес дауыс беру жұмыстары жүргізілуде.  Облыстық экономика басқармасының ұсынған кестесіге сәйкес ХҚБ-нің орындалуы бойынша ай сайын ақпарат ұсынылды. Сонымен қатар, жыл басынан облыс тарапынан келіп түскен осы бағыттағы тапсырмалардың барлығы орындалды.

Ауданның экономикалық жағдайын, өнеркәсіппен ауыл шаруашылығы салалары жағдайын, көлік, байланыс және коммуникация, әлеуметтік-мәдениет салаларын, экономиканың басқа бағыттарын зерттеуді және талдауды жүзеге асыруға (Аудандағы әр бір ауылдық елді-мекен бөлінісіндегі 2025 жылға мониторинг нысандарын тиісті облыстық басқармалармен келістіріліп, кестеге сәйкес жинақталып облыстық экономика басқармасына  уақытылы тапсырылды. Сонымен қатар, "Мемлекеттік жоспарлау (бюджеттік жоспарлау)" ақпараттық жүйесі жүйесіне  және  «Мониторинг СНП» жүйесіне енгізілді.

Барлық мемлекеттік мекемелерден 2026 жылға арналған мемлекеттік сатып алу жоспарлары жинақталған. Жиналған мәліметтер бойынша жұмыс жүргізілуде.

Қаратал ауданының бірыңғай ұйымдастырушысы арқылы ашық конкурс тәсілімен өткізілетін 2026 жылға арналған жобалардың жалпы саны 64 конкурсты құрайды. Бүгінгі күнге Қаратал ауданы бойынша 64 жоба бар, оның ішінде: 61 жоба аяқталды.

Сонымен қатар, квазимемлекеттік органдармен электрондық конкурстарды жоспарлау және уақтылы өткізу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Коммуналдық меншікке қатысты аудан әкімдігінің 7 дана қаулылардың  жобасы әзірленді, жүзеге асырылу жұмыстары тұрақты жүргізілуде.

Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) мүлікті есепке алу, сақтау және жою бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Облыстық қаржы басқармаға келесі нысандар бойынша Тастөбе ауылының ФАП, Кәлпе ауылының теннис орталығы, Қаратал тарихи-өлкетану музейіне сатып алынған экспонаттар, Үштөбе қаласы Шаңырақ ы.а. пәтерлерді теңгерімнен қабылдап алу өткізу еру туралы қаулылар дайындауға құжжат мен керекті ақпараттар берілді.

Қаратал ауданының бюджетінің кіріспен шығыс бөліктерінің орындалуын 1С бағдарламасы бойынша мониторингті күнделікті жүргізеді, (Қаратал ауданының бюджетінің кіріспен шығыс бөліктерінің орындалуын 1С бағдарламасы бойынша мониторингті күнделікті жүргізеді,  әр жұма сайын аудан әкімшілігіне бюджеттің игерілуі туралы мәліметті ұсынады).

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша жұмыстарды іске асыру (бағдарлама бойынша 1 тоқсанда 8 өтініш түсті. Көтерме жәрдемақы алуға 6 өтініш түсті, бюджеттік кредит алуға 2 өтініш түсті).

Ауылдық елді мекенге жұмыс істеу және тұру үшін келген 15 маманға көтерме жәрдемақы берілді.

Мемлекеттік қызметті көрсету сапасын жақсарту: халықтың көрсетілетін мемлекеттік қызмет бойынша ақпаратқа қол жетімділігін дамыту        - қызмет алушылармен бетпе-бет ақпарат алмасуды қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік қызметтер жәрмеңкелер ұйымдастырылуда (бетпе-бет кездесулер өттуде).

Даму бюджетінің жоспарын дайындау, жобалау және есебін жүргізу (01.01.2026ж. арналған Даму бюджеті туралы есебі облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау тапсырылды).

Әр айдын 5 дейін бөлінген трансферттердің игерілуі туралы, қала мен ауылдық округтердің кіріс бөлігінің орындалуы бойынша есептер және аудан бюджетінің шығыстарының күтілетін, болжамды атқарылуы туралы ақпарат облыстық қаржы басқармасына ұсынылды. Қаратал ауданы бойынша бюджет кіріс және шығысының орындалуы туралы ай сайын айлық есептер тапсырылуда.

Жергілікті бюджетті жоспарлау және аудандық бюджет пен ЖӨБ жобасын құру. Бюджеттік бағдарлама әкімшілерінен қаражат бөлу туралы бюджеттік өтінімдерді жинақтау («Қаратал ауданы  әкімдігінің 2026 жылғы 26 ақпандағы  №65 "Қаратал ауданы мәслихатының «Қаратал ауданының                                       2026-2028 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешімін жүзеге асыру туралы» қаулысына түзетулер енгізілді.)

  Қаратал ауданының елді мекендерінде автомобиль жолдарын жөндеу бойынша 2025 жылғы титулдық тізім жасалып, облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына жолданды.

Жергілікті атқарушы органның тиісті есебіне қорытынды болып табылатын есепті қаржы жылы үшін жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы есеп дайындалып, Жетісу облысы бойынша тексеру комиссиясына жіберілді.

Жетісу облысының прокуратурасының хатына сәйкес аудан аумағында  2024-2025 жылдары салынып жатқан құрылыс нысандары, аяқталған және аяқталмаған нысандардың тізімі облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына жолданды.

Аудан бойынша 2026 жылға жобалар тізіміне өзгеріс енгізіліп облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына жолданды.

 

 

Дата публикации
09 апреля 2026