Қаратал ауданы әкімдігінің 2026 жылдың 1 тоқсанның қорытындысы бойынша көрсетілген мемлекеттік қызметтердің сапасына ішкі бақылау есебі

Қаратал ауданы әкімдігінің 2026 жылдың 1 тоқсанның қорытындысы бойынша көрсетілген мемлекеттік қызметтердің сапасына ішкі бақылау есебі

 

Мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі өз жұмыстарында барлық мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет көрсету туралы» Заңы мен мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы  Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік-құқықтық актілерін тікелей басшылыққа алады.

2026 жылдың 1 тоқсанның қорытындысы бойынша көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 1221, оның ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді «электрондық үкімет» веб-порталы және (немесе) Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету мүмкіндігі болса да, қызметті берушілермен (Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгендерді қоспағанда) қағаз түрінде көрсетілгендер саны – 12, электрондық ақпарат жүйесі арқылы – 638, Мемлекеттік корпорация арқылы – 53, «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы  - 518.

«Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларына сәйкес, Қаратал ауданы әкімінің 2025 жылғы                                             10 желтоқсандағы № 93-ө н/қ өкімімен бекітілген Қаратал ауданы жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметтерді көрсету саласындағы заңнаманы сақтау бойынша 2026 жылға арналған Ішкі мемлекеттік бақылау туралы жоспарына сәйкес үш мекемеге ішкі бақылау іс-шаралары жүргізілді. Олар: «Айтуби ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ—сі, «Ескелді ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ—сі, «Бәйшегір ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ—сі.

Тексеру нәтижесінде мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде бұзылған фактілер анықталып, тиісті ұсыныстар жолданған. Атап айтқанда;

Айтуби ауылдық округі әкімі аппаратының жауапты маманы мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы жұмыскерлердің біліктілігін арттырғандығы туралы курсынан өтпегені анықталды. Ескелді және Бәйшегір ауылдық округі әкімі аппаратарының орналасқан ғимаратта, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету үшін қажетті құжаттар тізімі  мен оларды толтыру нысандары үлгілерінің көзделген қажетті құжаттар тізімі мен оларды толтыру  нысандарының ескі үлгілері орналастырылған.

 2026 жылдың 1 тоқсанның қорытындысы бойынша мемлекеттік қызметтердің қағидаларының бұзылуының алдын алу және көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді электронды түрде алу бойынша мемлекеттік органдар тарапынан 57 - дөңгелек үстел, семинар-кеңес, ашық есік күндер мен жәрмеңкелер, тікелей эфир, акциялар өткізілді. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру бойынша түсіндіру іс-шараларымен 1840 халық қамтылды. Сондай-ақ, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің қағидалары мен мемлекеттік қызметтерді электронды түрде алу бойынша 4 мақала жарияланды.

Бұдан бөлек, аудан әкімдігінің қаулысына сәйкес, аудандық мәслихат, аудандық АМАНАТ партия депутаттары, сондай-ақ мемлекеттік емес ұйымдар қызметкерімен арнайы мониторингтік топ құрылды. Мониторинг тобымен мемлекеттік ұйымға бару арқылы, мүмкіндіктері шектеулі адамдарға, ережелер мен ыңғайлылықты сақтау бойынша 4 мекеме қаралып тиісті нұсқаулықтар берілді.

          Мемлекеттік қызмет көрсету саласын жақсарту мақсатында тоқсанына бір рет аудандық фракция және қоғамдық кеңес отырыстарында мемлекеттік қызмет көрсететін мекеме басшыларының жұмыстары талқыланып, тиісті шешімдер қабылданды.

Электрондық қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында аудан бойынша 47 өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары орнатылған, есептік кезеңде бұрыштар арқылы 3595 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

Сервистік әкімдік арқылы 3390 қызмет көрсетілді.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша біліктілікті арттыру «Ең алдымен адамдар» курстарынан жоспарға сәйкес ақпан айында 1 мемлекеттік қызметші өтті.

«Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» мемлекеттік қызметін көрсету барысында туындайтын ақаулықтар бар.

"Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру" мемлекеттік қызметтің көрсету қағидаға сәйкес, мемлекеттік көрсетілетін қызмет екі тәсілмен ұсынылады:

1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы;
          2) "электрондық үкіметтің" www.​egov.​kz веб-порталы (бұдан әрі – портал).

Бүгінгі күнге қызметті алушылар портал арқылы өтініштерін өткізе алмайды, порталда құқық растайтын құжаттарын жүктей алмайды немесе келесі қадамға өткізбейді.

Ал "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы өтініштерін жолдаған жағдайда, АРМ ЕКГН ақпараттық жүйесі арқылы аудан, қала, округ әкімі аппаратына түспейді.

Осы мәселе бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметтер агенттігі Жетісу облысы бойынша Департаментіне хат жолданған.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар ауданда болмады.

Есептік кезеңде мемлекеттік органдармен мерзімі бұзылған және қызметті алушыларға қызметті көрсетуден  негізсіз бас тарту жағдайлары тіркелмеген.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнамасы бұзылуының анықталған фактілері жоқ.

Есептік кезеңде қарау мерзімдері бұзылған мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына шағымдар аудан бойынша болмаған.

Халықты хабардар ету үшін мемлекеттік органдарда – қызмет берушілерде қағидалар, анықтама телефондарының нөмірлері, өтініш бланкілерінің үлгілері орналастырылған стенділер ілінген.

          Бұл жұмыстардың тиімділігін бағалаудың шарттарының бірі – қызметті уақтылы әрі сапалы көрсету, азаматтардың қызметке ризашылық деңгейінің артуы болып отыр.

 

 

              Қаратал ауданы әкімі

        аппаратының персоналды

        басқарудың бірыңғай

        қызметі бөлімінің бас инспекторы                                М.Бодаубекова

Дата публикации
06 апреля 2026