2026 жылғы 1 наурызда Қаратал ауданынның Қызылбалық ауылдық округінде әкім сайлауы өтті.
Қаратал аудандық сайлау комиссиясы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Қаратал ауданынның Қызылбалық ауылдық округі әкімінің сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 628 азамат енгізілді, олардың 510 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 14, "Барлығына қарсы" деген жолда белгі қойылған – 53.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Рақметқазынов Нұржан Нұрланұлы – 102;
Танирбергенов Ануар Маратович – 79;
Уалиев Талгат Рапыкович – 262.
Қызылбалық ауылдық округінің әкімі болып Талгат Рапыкович Уалиев сайланды, 1987 жылы туған, «Үштөбе қаласы әкімінің аппараты» ММ-нің бас маманы, Үштөбе қаласының тұрғыны, өзін-өзі ұсынған.
Қаратал аудандық
аумақтық сайлау комиссиясы