2026 жылғы 15 наурызға тағайындалған республикалық референдумды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын бекіту туралы

«Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 21-бабы 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларына сәйкес және «2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдум өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 11 ақпандағы № 1170 Жарлығы негізінде Қазақстан Республикасының Орталық референдум комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. 2026 жылғы 15 наурызға тағайындалған республикалық референдумды  әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың  қоса беріліп отырған күнтізбелік жоспары бекітілсін.
  2. Аумақтық референдум комиссиялары республикалық референдумды әзірлеу мен өткізуді қамтамасыз етсін.
  3. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Орталық референдум комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын.

 

Төраға

Н. Әбдіров

 

Хатшы


Ш.Өтемісов

 

 

Астана қаласы

2026 жылғы 12 ақпан

№ 6/10

 

 

 

Дата публикации
13 февраля 2026