ЖОБА
Қаратал аудандық мәслихатының 2024 жылғы 10 мамырдағы № 21-78
«Қаратал ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен
тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының, 2 тармағы, 2-2 тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97-бабының 4, 5-тармақтарына, Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы №117 «Тұрғын көмегін беру қағидаларын бекіту туралы» бұйырығына сәйкес, Қаратал аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Қаратал аудандық мәслихатының 2024 жылғы 10 мамырдағы «Қаратал ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» № 21-78 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 189820 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Қаратал ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау қағидаларында:
8 - тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау немесе көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру мерзімі Мемлекеттік корпорациядан немесе «электрондық үкімет» веб-порталынан құжаттардың толық топтамасын алған күннен бастап 6 (алты) жұмыс күнін құрайды.
15- тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Тұрғын үй көмегінің мөлшерін көрсетілетін қызметті беруші мынадай нормалар шегінде есептейді:
1) тұтынушылар үшін газбен жабдықтау жөніндегі коммуналдық қызметті тұтыну нормалары пәтерде бір адамға он бес текше метрден аспайды;
2) электр энергиясын тұтыну нормалары:
электр плиталарын пайдаланбайтын 1 адамға - бір айға 70 киловатт, 4 және одан көп адамы бар отбасы үшін – бір айға 250 киловатт;
электр плиталарын пайдаланатын 1 адамға - бір айға 80 киловатт, 4 және одан көп адамы бар отбасы үшін – бір айға 250 киловатт;
3) тұтынушы үшін сумен жабдықтау және (немесе) су бұру қызметтерінің нормалары:
бір адамға төрт текше метрден аспайтын суық су;
бір адамға екі текше метрден аспайтын ыстық су;
4) есептеу аспаптары бар тұтынушылар үшін жылумен жабдықтау қызметін тұтыну нормалары айына бір шаршы метрге нөл бүтін жиырма бес мың гигакалориядан аспайды.
5) қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау және әкету (қоқыс шығару) бір адамға алты жүз елу теңгеден аспайды;
6) лифттерге қызмет көрсету бір пәтерге мың үш жүз теңгеден аспайды; 7) телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемді ұлғайту бөлігінде байланыс қызметтері бір абонент үшін мың үш жүз тоқсан тоғыз теңгеден аспайды;
8) кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге бір шаршы метр үшін алпыс теңгеден аспайтын шығыстар;
9) мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалдау ақысы бір шаршы метр үшін жүз жиырма теңгеден аспайды;
Қаратал аудандық
мәслихатының төрағасы Т.А.Ә