«Қаратал ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ-нің 2025 жылдың қорытындысы бойынша көрсетілген мемлекеттік қызметтердің есебі

Мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі өз жұмыстарында барлық мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет көрсету туралы» Заңы мен мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы  Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік-құқықтық актілерін тікелей басшылыққа алады.

2025 жылдың қорытындысы бойынша көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 2290, оның ішінде сәулет-жоспарлау тапсырмасы-862, эскиздік жобаны келісу-819, объектілерді кейіннен кәдеге жарату (ғимараттар мен құрылыстарды бұзу)-609. Аталған мемлекеттік көрсетілетін қызметтер электронды түрде көрсетілді.

2025 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік қызметтердің қағидаларының бұзылуының алдын алу және көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді электронды түрде алу бойынша ашық есік күндері өткізіліп, мақалалар жарияланып, әлеуметтік желіде «Qyzmel live» жобасы аясында мекеме басшысы тікелей эфирге шықты.

          Мемлекеттік қызмет көрсету саласын жақсарту мақсатында                                 2025 жылдың 4 тоқсанында қоғамдық кеңес отырысында мекеменің мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің жұмыстары талқыланып, тиісті ұсыныстар беріліп бүгінге күнге ұсыныстар орындалды.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша біліктілікті арттыру «Ең алдымен адамдар» курстарынан жоспарға сәйкес ағымдағы жылдың                        2 мемлекеттік қызметші өтті.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар бөлімде болмады.

Есептік кезеңде бөлімнен мерзімі бұзылған және қызметті алушыларға қызметті көрсетуден  негізсіз бас тарту жағдайлары тіркелмеген.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнамасы бұзылуының анықталған фактілері жоқ.

Есептік кезеңде қарау мерзімдері бұзылған мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына шағымдар бөлім бойынша болмаған.

Халықты хабардар ету үшін бөлімде – қызмет берушілерде стандарттар мен қағидалар, анықтама телефондарының нөмірлері, өтініш бланкілерінің үлгілері орналастырылған стенділер ілінген.

 Бұл жұмыстардың тиімділігін бағалаудың шарттарының бірі – қызметті уақытылы әрі сапалы көрсету, азаматтардың қызметке ризашылық деңгейінің артуы болып отыр.

 

         «Қаратал ауданының құрылыс,

           сәулет және қала құрылысы бөлімі»

           мемлекеттік мекемесінің басшысы                                      Д. Адаев

Дата публикации
05 февраля 2026