"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-3-бабына сәйкес 2026 жылғы 1 наурызда Қызылбалық ауылдық округі әкімінің сайлауы өтеді.
2026 жылғы 21 қаңтарда аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Қызылбалық ауылдық округі әкімінің сайлауын 2026 жылғы 1 наурызға тағайындады. Сайлау тағайындау және сайлау округтерін құру туралы қаулылар, сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары, аудандық аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының құрамы және сайлау учаскелерінің шекаралары аудан әкімдігінің сайтының «Сайлау» парақшасында орналастырылған және аудандық газеттерде жарияланды.
Барлығы сайлауда 1 аумақтық және 2 учаскелік сайлау комиссиялары, 17 сайлау комиссияларының мүшелері жұмыс істейді. Қызылбалық ауылдық округі бойынша сайлаушылар саны 628 адам.
2026 жылдың 22 қаңтарынан бастап әкімдікке кандидаттар ұсыну басталды, ұсыну құқығы саяси партияларға, азаматтарға, өзін-өзі ұсыну жолымен, сондай-ақ ұсыну мерзімі аяқталған күні екіден кем кандидат ұсынылған жағдайда, аудан әкіміне тиесілі.
2026 жылдың 27 қаңтардағы жағдай бойынша әкімдікке 4 кандидат өзін-өзі ұсыну тәсілімен құжат өткізді. Кандидаттарды сәйкестікке тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Сайлауға дайындық жұмыстары жалғасуда.
Қаратал аудандық сайлау комиссиясы