Қаратал аудандық аумақтық сайлау комиссиясының жанындағы жас сайлаушылар Клубын құру туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 12-тармағына, 20-бабының 5-тармағына және 2024 жылғы 27 желтоқсандағы № 57 қаулымен бекітілген Қаратал аудандық аумақтық сайлау комиссиясы жұмыс Регламентінің 5-тармағына сәйкес Қаратал аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қаратал аудандық аумақтық сайлау комиссиясы жанынан «Жас сайлаушылар клубы» құрылсын.
  2. Қаратал аудандық аумақтық сайлау комиссиясы жанындағы жас сайлаушылар Клубы туралы Ереже осы қаулыға қосымшаға сәйкес бекітілсін.
  3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қаратал аудандық аумақтық сайлау комиссиясының хатшысы Д. Тлектесовке жүктелсін.

         

         Төраға                                              А. Истыбаева

          Хатшы                                              Д. Тлектесов

 

Дата публикации
22 января 2026