"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңның 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына, 22-бабына сәйкес Қаратал аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Қаратал ауданының Қызылбалық ауылдық округінің әкімін сайлау бойынша сайлау округі құрылсын:
- Қызылбалық ауылдық округі әкімінің сайлауы – Қызылбалық сайлау округі Қызылбалық ауылдық округі шекараларында.
- Сайлау округтерінің тізімі, олардың шекаралары мен аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері көрсетіле отырып, Қаратал аудандық сайлау комиссиясының интернет-парақшасында және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.
- Осы қаулының орындалуын бақылау аудандық аумақтық сайлау комиссиясының хатшысы Д. Тлектесовке жүктелсін.
Төрайым А. Истыбаева
Хатшы Д. Тлектесов
2026 жылғы 21 қаңтардағы
№ 3 Қаулы
Үштөбе қаласы