«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-1 бабына сәйкес, Қаратал аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Қаратал ауданының Қызылбалық ауылдық округі әкімінің сайлауы 2026 жылдың 1 наурызға тағайындалсын.
- Қаратал ауданының Қызылбалық ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың қоса беріліп отырған күнтізбелік жоспары бекітілсін.
- Осы қаулы Қаратал аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-парақшасында және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.
- Осы қаулының орындалуын бақылау аудандық аумақтық сайлау комиссиясының хатшысы Д. Тлектесовке жүктелсін.
Төрайым А. Истыбаева
Хатшы Д. Тлектесов
2026 жылғы 21 қаңтардағы
№ 2 Қаулы
Үштөбе қаласы