Комиссия отырысы 2025 жылға бекітілген жоспарға сәйкес, ал комиссияның жоспардан тыс отырысы аудандық полиция бөлімі ұсынған іс-құжаттарды қарау бойынша өтеді. Қосымша комиссияның жоспардан тыс отырысы «E-otinish» азаматтардың барлық өтініштерін қабылдау және өңдеу бірыңғай платформасы арқылы түскен шағымдарды қарау бойынша өтті.
2025 жылдың 12 айының қорытындысы бойынша комиссияның жалпы отырыс саны 30, қаралған сұрақтар саны - 54 және кезектен тыс отырыс саны - 12. Қаралған материалдар саны - 18, оның ішінде құқықбұзушылық жасаған кәмелетке толмағандарға қатысты - 10, ата-аналық міндетін орындамау – 8, шағымдар – 2 және қамқоршылықтан бас тарту – 1. Комиссияның шешімімен мектепішілік есепке 3 кәмелетке толмаған бала алынды, сотқа жолданған материалдар саны – 4, олар; ата-ана құқығынан шектеу – 2, ішімдікке тәуелділіктен мәжбүрлі емдеуге жіберу – 2. Жыл басынан Талдықорған қаласының балаларды бейімдеу орталығына 4 кәмелетке толмаған бала орналастырылды. Сот шешіміне сәйкес 2 кәмелетке толмаған бала «Айналайын» арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығына тәрбиелену мен оқуын жалғастыруға жіберілді.
Жыл басынан аудандық сәтсіз отбасы есебінде тұрған ішімдікке салынған 2 отбасыға комиссия тарапынан «Жанұя» отбасын қолдау орталығының психологтарымен көмек көрсету тапсырылған болатын, бұл отбасылар бүгінгі күнге түзеліп, аудандық есептен алынды.
Бүгінгі күнге ауданды сәтсіз отбасы есебінде 6 отбасы бар, ондағы кәмелетке толмаған бала саны 21. Мектеп жасындағы бала саны 15. Осы балаларға мектеп әкімшілігі тарапынан жауапты тұлға тағайындалып, жеке жұмыс жоспары бекітіліп, педагогикалық – психологиялық түзету жұмыстары жүргізілуде. Бос уақыттарын тиімді пайдалану мақсатында үйірмелерге, секцияларға тартылған.
|
«Айналайын» балаларға қолдау көрсету орталығына сот шешімімен орналастырылған балалар саны |
10
|
|
Балалар үйіндегі/Дом ребенка балалар саны |
1 |