«Қаратал ауданының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі» ММ-де 2025 жылы атқарылған жұмыстар туралы мәлімет

2025 жылы өңірде ауыл шаруашылығы саласында 1385 ауыл шаруашылығы құрылымы жұмыс істеді. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер көлемі 661,6 мың гектарды құрады, оның ішінде жайылым жерлер 634,2 мың гектар, шабындық жерлер 4,1 мың гектар, суармалы жерлер 22,1 мың гектар, басқа жерлер 1,2 мың гектар болды.

Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 2025 жылы 33,6 млрд теңгені құраса, 2026 жылға бұл көрсеткішті 35,2 млрд теңгеге жеткізу күтіледі. Оның ішінде 2025 жылы егін шаруашылығы 21,0 млрд теңге, мал шаруашылығы 12,6 млрд теңге болса, 2026 жылы егін шаруашылығы 21,7 млрд теңге, мал шаруашылығы 13,5 млрд теңге деңгейінде жоспарлануда.

2025 жылы ірі қара мал саны 49,2 мың бас, қой-ешкі 127,0 мың бас, жылқы 14,4  мың бас, түйе 0,30 мың бас, шошқа 8,5 мың бас болса, 2026 жылға ірі қара малды 51,5 мың басқа, қой-ешкіні 128,5 мың басқа, жылқыны 15,5 мың басқа, түйені 0,35 мың басқа, шошқаны 8,7 мың басқа жеткізу күтіледі.

Егін шаруашылығы бойынша 2025 жылы 21,4 млрд.теңге құрады. ( ИФО 102,9%)

2025 жылы аудан бойынша 3119,9 тонна минералдық тыңайтқыш қолданылды.(147,6 т. Аммофос, 1451,9т. Аммиакты селитра, 475,4т аммоний сульфаты , 16т. Карбамид, 530 т. Нитроаммофос, 499 т. Диаммофоска.) Бұл өз кезегінде биылғыжылы 44,1 мың тонна алуға себеп болды.

Мал шаруашылығы өнімдері бойынша 2025 жылы ет өндірісі 9,8 мың тонна, сүт 15,9 мың тонна, жұмыртқа 9,5 мың дана, жүн 277 тонна болса, 2026 жылы етті 10,5 мың тоннаға, сүтті 16,5 мың тоннаға, жұмыртқаны 10,5 мың данаға, жүнді 278 тоннаға дейін арттыру күтіледі.

2025–2026 жылдары өңірде бірқатар инвестициялық жобалар іске асырылуда.

Жыл басынан бері тартылған инвестиция көлемі 2 млрд 500 млн теңгені құрады.

Инвестициялық жобалар аясында «БОЗТОҒАН АГРО» ЖШС тарапынан 200 гектар жерге тамшылатып суару технологиясы енгізілді. Жобаның құны 100 млн теңге, нәтижесінде 8 жаңа жұмыс орны ашылады.

Бұдан бөлек, «БОЗТОҒАН АГРО» ЖШС тарапынан 400 басқа арналған сүт бағытындағы ферма іске қосылуда. Жобаның инвестициялық құны 400 млн теңгені құрайды. Жоба аясында 15 жұмыс орны ашылып, ферма жылына 1 080 тонна сүт өндіру қуатына ие болады.

Сондай-ақ, «КАТК» ЖШС жалпы аумағы 50 000 гектар жерге 10 000 бас ірі қара мал өсіру жобасын іске асыруды жоспарлап отыр.

2025 жылы жаңадан алынған ауыл шаруашылығы техникасының жалпы саны 61 бірлікті құрап, оның жалпы құны 1 млрд 26 млн теңге болды. Оның ішінде «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамы арқылы 56 техника 922,7 млн теңгеге алынса, шаруашылықтардың өз қаражаты есебінен 5 техника 103,6 млн теңгеге сатып алынды. Соңғы 3 жылда барлық техниканың 26 %-ы  жаңартылды (техника сатып алу көлемі сонғы 3 жылда  орта есеппен 12–13% өсіп отыр)

Қайта өңдеу кәсіпорындарында өндірілген өнім көлемі 3,1 млрд теңгені құрады. Атап айтқанда, «Үштөбн-Айдын» ЖШС сүт өңдеу кәсіпорнында 6,0 мың тонна өнім өндірілсе, «Үштөбе сүт өнімдері» ЖШС сүт өңдеу кәсіпорнында 2,0 мың тонна өнім шығарылды. Сонымен қатар, «Уштобинский» ЖШС күріш өңдеу кәсіпорнында 880 тонна күріш өңделді.

2025–2026 жылдары Қаратал ауданында суару желілерін қайта қалпына келтіру бағытында бірқатар жобалар іске асырылуда. Аталған жобалар ауыл шаруашылығы алқаптарын сумен қамтамасыз етуді жақсартуға және су үнемдеу технологияларын кеңінен енгізуге бағытталған.

2022 – 2025 жылдары жалпы сомасы 13,6 млрд. теңгеге суару жүйесін және каналдарды салу жоспарланған. Жоба екі кезеңнен тұрады: 1 кезең – жобаның құны 4,7 млрд. теңге, ұзындығы 193,4 шақырым.

«Риголит» ЖШС – 4 млрд. теңгеге шарт жасалып, жұмыстар жүргізілуде. Бүгінгі күні механикалық тазалау жұмыстарының жалпы ұзындығы – 112,3 шақырым. (Тастөбе ауылдық округі – 25 км, Жолбарыс батыр ауылдық округі – 55,3 км, Балпық ауылдық округі – 6 км, Айту би ауылдық округтерінде – 1 км).

Елтай ауылдық округінде - 25механикалық тазалау жұмыстары жүргізілді. 81 км темір бетон науалары қойылып, 43 су бекеттері, 12 су бөлгіш, 33 су қозғалтқыш, 3 су құбырлары, 308 су ағызу орнатылды. 2024 жылға 1,7 млрд.теңге бөлініп толық игерілді.

«АзияКанал құрылыс» ӨК мердігерлігімен Байшегір–Қызылбалық  округі аумағындағы Аққайыр каналын суару желілерін қалпына келтіру жобасы жүзеге асырылуда. Жобаның құны 503 млн теңгеге  20 шақырымды тазалау жұмыстары және бетондау, шлюздер орнату, көпірлер қою жұмыстарын жүргізеді. Жоба өтпелі 2026 жылдың маусымында аяқталады.

Сонымен қатар, «Қазсушар» РМК мердігерлігімен Үштөбе, Бастөбе және Ескелді ауылдық округтерінде  суару желілерін жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Аталған жобаның құны 30 млн теңге, жөнделетін желінің ұзындығы 30,3 шақырым, жыл аяғына дейін толығымен аяқталады.

Бұдан бөлек, «Энерго-РЭМ» мердігерлігімен Үштөбе, Бастөбе және Ескелді ауылдық округтерінде 32 канал суару инфрақұрылымын қайта жаңғырту жобасы қолға алынған. Жобаның құны 186 млн теңге, жұмыстардың жалпы ұзындығы 193 шақырым, іске асыру мерзімі 2025–2026 жылдар.(қазіргі уақытта 69 шақырым орындалды)

Су үнемдеу технологияларын енгізу нәтижесінде 2025 жылы жоспар бойынша 1 800 гектар алқапты қамту көзделсе, нақты орындалуы 1 908 гектарды құрады. 2026 жылға су үнемдеу технологияларын енгізу көлемін 2 050 гектарға дейін ұлғайту жоспарлануда. Оның ішінде тамшылатып суару және жаңбырлатып суару әдістері кеңінен қолданылуда.

Аталған жобаларды іске асыру ауданның суару жүйесін жаңғыртуға, ауыл шаруашылығы өндірісінің тиімділігін арттыруға және су ресурстарын үнемді пайдалануға мүмкіндік береді.

2024 жылы «Ауыл Аманаты» бағдарламасы аясында барлығы 128 млн. 30 мың теңгеге 19 несие алушыға (11-мал шаруашылығы, 8-басқа) қаражаттары аударылуы күтілуде.(6- несие алушы құжаттарын қайта жаңартып рәсімдеді)

2025 жылы «Ауыл Аманаты» бағдарламасына қатысуға 26 аудан азаматтары  243,1 млн. теңгеге өтінішті «Жетісу ӘКК»-ға  жіберді.

2024 жылы аудан бойынша «Кең дала» кредиттеу бағдарламасы аясында 6 шаруа қожалығы 57,5 млн.теңге несие алса, 2025 жылдың көктемгі дала жұмыстарына «Кең дала-2» бағдарламасы аясында Аграрлық несие корпорациясы арқылы 8 шаруашылық 91,0 млн. теңге сомасына несие алды және «Агробизнес» бағдарламасы бойынша ауданның 5 шаруашылығына 220,1 млн. теңге беріледі (5 % мөлшерлемеде).

Жер мәселесіне келетін болсақ:

Қаратал ауданы бойынша пайдаланылмай жатқан жер учаскелерін мемлекет меншігіне қайтару жұмыстары бойынша:

2025 жылы 17360 га, оның ішінде 170 га суармалы егістік, 17 190 га жайылымдық алқап жер учаскелері мемлекет меншігіне қайтарылды.

2025 жылы жалпы 95962,2 га, оның ішінде – 95547,4 га жайылымдық алқап, 392,2 га суармалы егістік, 13,5 га шабындық, 6 га басқалай жерлерге конкурс жеңімпаздарымен келісім-шарттар жасалынып, берілді.

Дата публикации
06 января 2026