«Қаратал ауданының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі» ММ-нің 2025 жылдың қорытындысы бойынша көрсетілген мемлекеттік қызметтердің сапасына ішкі бақылау есебі

«Қаратал ауданының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі» ММ-нің 2025 жылдың қорытындысы бойынша көрсетілген мемлекеттік қызметтердің сапасына ішкі бақылау есебі

 

Мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі өз жұмыстарында барлық мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет көрсету туралы» Заңы мен мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы  Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік-құқықтық актілерін тікелей басшылыққа алады.

2025 жылдың қорытындысы бойынша көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 919, оның ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді «электрондық үкімет» веб-порталы және (немесе) Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету мүмкіндігі болса да қағаз түрінде көрсетілгендер саны – 368, «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы - 551.

«Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларына сәйкес, Қаратал ауданы әкімінің 2024 жылғы                                             13 желтоқсандағы № 96-ө н/қ өкімімен бекітілген Қаратал ауданы жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметтерді көрсету саласындағы заңнаманы сақтау бойынша 2025 жылға арналған Ішкі мемлекеттік бақылау туралы жоспарына сәйкес жылдық қорытындысы бойынша 4 ішкі бақылау іс-шаралары жүргізілді.

Тексеру нәтижесінде мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде бұзылған фактілер анықталып, тиісті ұсыныстар жолданған. Атап айтқанда;

Жыл басынан тексерілген бөлімде мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы жұмыскерлердің біліктілігін арттырғандығы туралы курсынан өтпегені анықталды.

 2025 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік қызметтердің қағидаларының бұзылуының алдын алу және көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді электронды түрде алу бойынша мемлекеттік органдар тарапынан 2 - дөңгелек үстел, семинар-кеңес, ашық есік күндер мен жәрмеңкелер, акциялар өткізілді. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру бойынша түсіндіру іс-шараларымен 551 халық қамтылды. Сондай-ақ, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің қағидалары мен мемлекеттік қызметтерді электронды түрде алу бойынша 3 мақала жарияланды.

          Мемлекеттік қызмет көрсету саласын жақсарту мақсатында тоқсанына бір рет аудандық фракция және қоғамдық кеңес отырыстарында мемлекеттік қызмет көрсететін мекеме басшыларының жұмыстары талқыланып, тиісті шешімдер қабылданды.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша біліктілікті арттыру «Ең алдымен адамдар» курстарынан жоспарға сәйкес ағымдағы жылдың                        2 мемлекеттік қызметші өтті.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар ауданда болмады.

Есептік кезеңде мемлекеттік органдармен мерзімі бұзылған және қызметті алушыларға қызметті көрсетуден  негізсіз бас тарту жағдайлары тіркелмеген.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнамасы бұзылуының анықталған фактілері жоқ.

Есептік кезеңде қарау мерзімдері бұзылған мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына шағымдар аудан бойынша болмаған.

Халықты хабардар ету үшін мемлекеттік органдарда – қызмет берушілерде стандарттар мен қағидалар, анықтама телефондарының нөмірлері, өтініш бланкілерінің үлгілері орналастырылған стенділер ілінген.

          Бұл жұмыстардың тиімділігін бағалаудың шарттарының бірі – қызметті уақтылы әрі сапалы көрсету, азаматтардың қызметке ризашылық деңгейінің артуы болып отыр.

 

 

              Бөлім басшысы                                                                 І.Саякбаев

 

Дата публикации
06 января 2026