Қаратал аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ-нің жыл қорытындысы

Қаратал аудандық ТҮКШ, АЖ, ЖК және ТҮИ бөлімінің атқарылған жұмыстары бойынша ақпарат


Ауданішілік автомобиль жолдары бойынша
Аудандағы жалпы пайдаланудағы автомобиль жолдарының ұзындығы – 767,0 км, оның ішінде 368 км (47,9%) – облыстық, 398,96 км (52,1%) – аудандық маңызы бар жолдар мен елді мекен көшелері.
2025 жылы 8 елді мекенде жалпы ұзындығы 11,346 шақырымды құрайтын 18 көшеге (Үштөбе қ. - Кузнецова, Қазыбек би, Мира, Көкдала шағын ауданы көшелері, Қарашеңгел а.-  Жамбыл, Жаңаталап а. - Ильина, 
Тастөбе - Тұрысбаев, Халықов, Алмалы а. -  Жайлығұлов, Бастөбе а. - Гостелла, Ортатөбе а. - Жібек жолы, Көкпекті а. - Сейфуллин көшелері) асфальт жабындысы төселді. 
Жол қауіпсіздігін сақтау мақсатында аудан аумағындағы жалпы ұзындығы 21,3 шақырымды кұрайтын автомобиль жолдарының жолақтары мен жаяу жүргіншілер жолақтары 2 мәрте жаңартылды,  
Үштөбе қаласы бойынша 18 жасанды жол кедергісі мен 182 жол белгісі орнатылып, жалпы көлемі 7 300 м² құрайтын шұңқыр жөндеу жүргізілді.
Қаратал аудан бойынша жалпы ұзындығы 75,5 шақырымды құрайтын 64 ішкі автомобиль жолдарын қысқы күтіп ұстау бойынша жүргізілуде.
Техникалық ерекшелікке (техническая спецификация) сәйкес техника саны: 10 бірлік - трактор (қалақ щеткасымен) 1 бірлік - франталды жүк тиегіш, 5 бірлік – самосвал, 2 бірлік – жаяу жүргінші (тратуар) жолын тазалауға арналған арнайы техника, 2 бірлік – камаз (КДМ) арнайы техникаларамен қысқы күтіп ұстау жұмыстары бойынша аудандық маңызы бар қалаішілік, ауылішілік жолдарын қысқы кезеңде тазарту бойынша қардан тазалау жұмыстары үздіксіз жүргізіліп, көлік жүргізушілердің жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында арнайы инертті материалдар себілді. 500 тонна тұз бен құмның қоспасы.     


Аббаттандыру, көгалдандыру
Ағымдағы жылда, аудандағы саябақтар мен қоғамдық орындар, көшелер мен алаңдар жаңартылып, қала тұрғындарына қолайлы жағдайлар жасау үшін жасыл желектер мен демалыс аймақтары құрылған.  
Жыл басынан Ескелді ауылдық округі қарасты Қызылжар, Көкдала ауылдарына балалармен спорт ойын алаңдары салынды.
Сонымен қатар қазіргі таңда, Үштөбе қаласы Көкдала шағын ауданын абаттандыру жұмыстары жүргізілуде атап айтқанда футбол, волейбол, воркаут ойындары бой көтеріп, Көкдала шағын ауданына отырғызылған (2 100 түп қылқан жапырақты) ағаштарды уақытылы күтіп ұстау мақсатында тамшылап суғару автоматтандырылған жүйесі орнатылды. Мартынов көшесінің бойына аллея құрылысы бастауын алған, жобаға сәйкес, салынатын аллеяның бойында шағын архитектуралық формалар, тратурар салынып, аллея жарықтандырылы, 180 түп қылқан жапырақты ағаш түптері отырғызылып, аллеяға металл қоршаулар орнатылды.
Сонымен қатар Кәлпе, Елтай, Жылыбұлақ, Жаңаталап, Тастөбе, Копбірлік, Қызылжар, Көкпекті және Үштөбе қаласындағы ҰОС 80 жылдығына арналған ескеткіштерге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. 
Және де Үштөбе қаласындағы Гагарина № 59,61,63,65,67 көппәтерлі үйлердің шатырлары мен қаспеттеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Қаратал ауданында экологиялық жағдайды жақсарту бағытында бірқатар шаралар қолға алынған. 
2025 жылы Қаратал ауданында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында 14 000 түп көшет отырғызу жоспарланған.  Бүгінгі күнге толық отырғызылды. 
Көктемгі уақытта 12 500 түп (4 500 жапырақты, 8000 қылқан жапырақты) түп көшет отырғызылды. Ағаштарды күтіп-баптау, суғару және зиянкестерден қорғау жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде.
Күзгі кезеңге 1 500 түп көшет тотырғызу жоспарланған. Қазіргі кезде 1 500 (400 жапырақты, 1 100 қылқан жапырақты) түп көшет отырғызылды. 
Ағымдағы жылдың 11 қазан айында Таза Қазақстан тазалық бағдарламасының аясында, «Үздік ауыл» облыстық конкурсында Кәлпе ауылы үздік болып танылып жеңімпаз атанды. 
Бағдарлама аясында аудан көлемінде 53 сенбілік өткізіліп, жол жиектері, арықтар, саябақтар мен скверлер тазартылды. Нәтижесінде 12 500 тонна қоқыс шығарылып, 14 500 адам мен 8 техника жұмылдырылды. Үштөбе қаласында күнделікті тазалық пен суғару жұмыстары қалалық әкімшілігі тарапынан ұйымдастырылуда.
Сондай-ақ, аудан бойынша кәсіпорындар мен тұрғындарға санитарлық тазалықты сақтау, қоқысты болдырмау бағытында түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. 
Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекстің 505-бабы бойынша 609 хаттама толтырылып, 59 айыппұл салынды.
«Облыстың елді мекендерін көктемгі-күзгі санитарлық тазарту, абаттандыру және көгалдандыру екі айлығын өткізу туралы» 2025 жылғы 
31 наурыздағы № 88 қаулыға сәйкес мониторинг барысында ағымдағы жылдың 10 сәуірі күні Қаратал ауданы бойынша 31 рұқсат етілмеген қоқыс үйінділері анықталып, қазіргі таңда толығымен жойылды.
Жетісу облыстық экология департаменті тарапынан Геопортал жүйесін талдау нәтижесінде, Қаратал ауданы аумағында 
12 заңдастырылмаған қоқыс үйінділері анықталды. (Үштөбе қаласы 1 локация, Бастөбе а.о. 6 локация, Айту би а.о. 1 локация, Балпық би а.о. 1 локация, Ескелді а.о. 2 локация, Жолбарыс батыр а.о. 1 локация). Қазіргі таңда 12 локацияның барлығы тазартылды.

 

 

 


Жарықтандыру
Қаратал ауданының елді мекендерінде 444 көшеге 4 074 жарық бағаналары орнатылған.
Атап өтсек: 
Үштөбе қаласы 50 көше, 1 953 жарық шамдары, 1859 жарық бағаналары;
Бастөбе А/О - 11 көше, 241 жарық шамдары, 241 жарық бағаналары;
Тастөбе А/О – 6 көше, 195 жарық шамдары, 195 жарық бағаналары;
Балпық А/О – 11 көше, 398 жарық шамдары, 398 жарық бағаналары;
Ескелді А/О – 12 көше, 302 жарық шамдары, 302 жарық бағаналары;
Айту би А/О – 7 көше, 115 жарық шамдары, 115 жарық бағаналары;
Қызылбалық А/О - 9 көше, 74 жарық шамдары, 74 жарық бағаналары;
Жолбарыс батыр А/О – 19 көше, 519 жарық шамдары, 519 жарық бағаналары;
Елтай А/О – 9 көше, 246 жарық шамдары, 246 жарық бағаналары;
Бәйшегір А/О – 20 көше, 125 жарық шамдары, 125 жарық бағаналары;
Аталған округтер жарық бағаналарын күтіп ұстау мақсатында мемлекеттік сатып алу порталына конкурска беріп, қазіргі таңда жеңімпаз мердігер мекемелер анықталды.
Көше бойындағы жарық бағаналардың істен шаққан шамдарын жеңіп алған мердігер мекеме тарапынан қалыпан келтірілетін болады.
Ағымдағы жылы түнгі уақыттағы құқық бұзулышықтын алдын алу мақсантында аудан бойынша 20 көшеге жарық шамдары орнатылды.
Атап айтсақ: Үштөбе қаласындағы Көкдала ш.а. Жолбарыс батыр, Алдабергенов, М. Әуезов, Қаптағаева, Абылай хан, Қабанбай батыр, Тынышбаев, Бақтыбай және Бақтыбай тұйық Мартынов көшесі бойыншағы саябақ жарық шамдары;
Достық ауылындағы Абай және Лазо көшелеріне;
Кәлпе ауылындағы Д. Қонаев көшесіне;
Тастөбе ауылыл Халықов көшесіне жарық шамдары орнатылды.

 

 

 

 


Су жүйесі бойынша
Ұмтыл ауылының су құбырын қайта жаңғырту, салу
Жоба бойынша 3950 м су құбырын салу, су мұңарасын (50 м3) орнату, 26 құдықпен 14 өрт сөндіру гидрантарын орнату жұмыстары қарастырылған. Қазіргі таңда құрылыс-монтаждау жұмыстары 100 % аяқталып, 
Нысанды қабылдау жұмыстары: ағымдағы жылдың 2 желтоқсанында қабылданды
Қанабек ауылының су жүйесіне күрделі жөндеу жұмыстары.
Жоба бойныша келесі жұмыс түрлері қарастырылған:
 5 992 метр су құбырын ауыстыру, 28 өрт сөндіру гидранттарын орнату 14 құдық салу және су мұнарсын ауыстыру.
Нысанды қабылдау жұмыстары: ағымдағы жылдың
3 желтоқсанында қабылданды.
Көпбірлік ауыз су жүйесіне ағымды жөндеу жұмыстарын жүргізу
Көпірлік ауыз су жүйесіне ағымды жөндеу жұмыстарының 50 % жұмыстары аяқталды 2 су резервуарлары, 3 кұдық, су мұнарасы орналасқан жер учаскесіне су желі құбырлары орнатылды. Алдағы уақытта екі 100 м. ұңғыма қазылатын болды.


Қаратал ауданында коммуналдық меншікке жататын 
31 трансформаторлық қосалқы станция мен 33,796 км электр желілері толық көлемде құжаттары заңдастырылып, қабылдау-тапсыру актісімен «ТАТЭК» - АҚ-на сенімгерлік басқаруға өткізілді.

 

Дата публикации
06 января 2026