Аудан әкімі аппаратының персоналды басқарудың
бірыңғай қызмет бөлімінің 2025 жылға арналған есебі
Қаратал ауданы әкімінің 2025 жылғы 21 қазандағы «Қаратал ауданының жергілікті атқарушы органдарының штат санының лимиті туралы» № 465 Қаулысымен 107 штаттық бірлігі бекітілген. Аудан әкімі аппаратына – 15, қала, ауылдық округтеріне – 54, аудандық бөлімдерге – 38 штаттық бірліктер бекітілген (ауданның халқы саны – 40953).
Аудан бойынша бүгінгі күнге 6 бос лауазым орын алған (4 тұрақты 2 уақытша орын). Оның ішінде 3 айдан асқан бос лауазым жоқ.
2025 жылғы 21 қазандағы «Қаратал ауданының жергілікті атқарушы органдарының штат санының лимиті туралы» № 465 Қаулысына сәйкес жұмыстар жүргізілуде.
Барлығы аудан әкімдігі бойынша 40 еркек, 61 әйел мемлекеттік қызмет атқаруда.
Жоғары білімді - 86, арнаулы ортамен –15 қызметкер қызмет атқарады.
2025 жыл бойынша бос орынға конкурс жариялануын айта кететін болсақ, ішкі конкурс негізінде - 3, жалпы конкурс негізінде – 17, конкурстан тыс - 2 және сайлау арқылы – 2 қызметкер жұмысқа қабылданды.
2025 жылы жоспарға сәйкес біліктілігін арттыру және қайта даярлау курстарына 33 қызметкер жоспарланған. Бүгінгі күнге жоспар 100 пайызға орындалды.
Тәртіптік комиссияда істер қаралмады.
Тәртіптік жазалар 2025
|
№ |
Тәртіптік жазаның атауы |
Саны |
|
1 |
Ескерту |
18 |
|
2 |
Сөгіс |
2 |
|
3 |
Қатаң сөгіс |
1 |
|
4 |
Қызметке толық еместігі туралы ескерту |
6 |
|
Жалпы |
27 |
|
|
Оның ішінде басшылық лауазымдар |
20 |
|
Тәртіптік жазаға тартылған мемлекеттік қызметшілер саны бүгінгі күнге 27 қызметкер, оның ішінде 20 басшылық лауазымдар.