Қаратал ауданы әкімі аппаратының
бас инспектор-заңгерінің 2025 жылдың
ЖЫЛДЫҚ ЕСЕБІ
Есептік 2025 жылы Қаратал ауданы әкімі аппаратының бас инспектор-заңгері қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, сондай-ақ аудан әкімінің басқа да нормативтік құқықтық актілері мен тапсырмаларына сәйкес жүзеге асырылды.
Қызметтің негізгі мақсаты аудан әкімі аппаратының жұмысын құқықтық қамтамасыз ету, мемлекеттік органдардың қызметінде заңдылықты сақтау және мемлекеттің мүдделерін қорғау болып табылады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 4 отырысы және Құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 4 отырысы өткізілді, олардың хаттамалары мерзімінде облыс әкімдігіне жолданады.
ҚР Әділет министрлігінің әдістемелік ұсынымдарына сәйкес құқықтық насихат жөніндегі іс-шаралар бойынша есеп тоқсан сайын Жетісу облысы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөліміне жіберіледі.
Есепті кезең ішінде аудан әкімі мен әкімдігінің нормативтік құқықтық актілерінің жобаларына құқықтық сараптама жүргізілді, оның ішінде:
аудан әкімдігінің 576 қаулысы;
аудан әкімінің 95 өкімі;
аудан әкімінің 3 шешімі.
Құқықтық сараптама нәтижелері бойынша жобаларды қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтіруге бағытталған қорытындылар мен ұсынымдар берілді. Заң қызметінің ескертулері мен ұсыныстары белгіленген тәртіппен ескерілді.
2025 жылы соттарда әкімдік пен аудан әкімі аппаратының мүдделерін білдіру қамтамасыз етілді:
11 сот ісі қаралды;
оның ішінде медиация тәртібімен бітімгершілік келісімімен - 8;
ішінара қанағаттандырылған талаптармен - жоқ;
теріс нәтижемен - 1;
тоқтатылды - 2.
2025 жылы 6 талап арыз, 8 пікір дайындалып, жіберілді.
Есепті жылы аудан әкімі аппаратының атына келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың 7 өтініші қаралды. Барлық өтініштер бойынша заңнамада белгіленген мерзімде дәлелді жауаптар берілді. Өтініштерді қарау мерзімдерін бұзу фактілеріне жол берілмеген.
30 мамыр күні жергілікті уақытпен Қазақстанның барлық ірі қалаларында «Халық заңгері» жалпыреспубликалық акциясы өткізілді. Ауданымызда бұл шара Үштөбе қаласы, Жетісу облысы бойынша филиалының Қаратал ауданының Халыққа қызмет көрсету орталығында өткізілді. Акцияға қаланың кәсіби заңгерлері мен адвокаттары, сондай-ақ мемлекеттік және құқық қорғау органдарының өкілдері қатысты.
Акция аясында заңгерлер, адвокаттар мен сарапшылар халыққа тегін түрде заң көмегін көрсетті, сонымен қатар орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері 24 азаматтарды қабылдады. Кез-келген азамат қажетті заңгер кеңесін, сондай-ақ мемлекеттік органдардың өкілдерінен өзін толғандыратын мәселелер бойынша түсіндірме кеңес ала алды.
31.10.2025 жылдың 31 қазанында сағат 10: 00-де аудандық прокуратура Үштөбе қаласы бойынша филиалының Қаратал ауданының Халыққа қызмет көрсету орталығында «Халық заңгері» акциясын өткізді. Консультацияға барлығы 22 маман қатысты. Кеңес алуға 26 азамат жүгінді.
2025 жылғы 31 қазанда сағат 15:00 Ескелді ауылдық округінде аудандық прокуратураның ұйымдастыруымен «Халық заңгері» акциясы өткізілді. Консультацияға барлығы 21 маман қатысты. Кеңес алуға 23 адам жүгінді.
2025 жылғы 27 қарашада сағат 10:00 Балпық ауылдық округі, Жаңаталап ауылында аудандық прокуратураның ұйымдастыруымен «Халық заңгері» акциясы өткізілді. Консультацияға барлығы 19 маман қатысты. Кеңес алуға 11 адам жүгінді.
2025 жылғы 04 желтоқсанда сағат 10:00 Жолбарыс батыр ауылдық округі, Кәлпе ауылында аудандық прокуратураның ұйымдастыруымен «Халық заңгері» акциясы өткізілді. Консультацияға барлығы 20 маман қатысты. Кеңес алуға 21 адам жүгінді.
Аудан әкімдігі жанындағы комиссиялардың жұмысына талдау жүргізілді.
Жалпы, 2025 жылы Қаратал ауданы әкімі аппаратының қызметін құқықтық қамтамасыз ету тиісті деңгейде жүзеге асырылды.
Бас инспектор-заңгері Г.Сугралина