«Жылыту орталығы» ЖШС-нің 2025-2026 жылыту кезеңінде жылу желілеріне қосылған тұтынушылар саны 375, соның ішінде 22 бюджеттік мекемелер, 53 басқа тұтынушылар және 300 жеке тұлғалар болып табылады. Жалпы жылыту ауданы 78 009,075 шаршы метр, жылу желілерінің ұзындығы 20,424 км-ді құрайды.
2025-2026 жылыту маусымында қосылған жаңа тұтынушы нысандар: Бәйтерек сауда үйі, Абылай сауда үйі, Жайлау базары, Доброцен сауда үйі, Шаңырақ 4 көппәтерлі үйі, Ақын Сара 73 көппәтерлі үйі.
2025 жылы «Жылыту орталығы» ЖШС-нің жылумен жабдықтау қызметінің сапасын арттыру мақсатында, ұзындығы 3,7 км қолданыстағы диаметрі 219 мм құбырларын диаметрі 325 мм-лік пенополиуретанмен оқшауланған болатты құбырмен ауыстыру (реконструкция) жұмыстары жүргізілді. Жалпы құрылыс-монтаждау жұмыстарының құны 837, 9 млн. теңгені құрайды.
Блокты модульді қазандықтың пластинасы мен тығыздағыштарын (прокладкаларын) жылыту маусымы басталмай ауыстыру жоспарланып, қазандықтың пластинасы мен тығыздағыштарын (прокладкалары) бойынша мемлекеттік сатып алу порталына хабарландыру беріліп, «Казторгтехник» ЖШС-і жеңімпаз атанып, қазан айының 1 жұлдызында портал арқылы электронды №12-Гз келісім шарты жасалды. Мердігер Италиядан тапсырыспен алдырып, қазандыққа жеткізіп берді. Келісім шарттың құны 2 млн 483 мың 712 теңгені құрайды.
Жылу беру жүйесінің жұмысында ауытқулардың алдын алу мақсатында жылу алмастырғыштың 4 секциясында орналасқан тығыздағыштар (прокладкалар) мен пластиналар бірнеше мәрте тазаланып, қайта орнатылды.
2025-2026 жылғы жылыту маусымында Шаңырақ ш.а. №4 үй орталық жылу желілеріне қосылып, тұрғындарға толықтай түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, құжаттарының көшірмесі алынып, келісім-шарттар жасалды.
Жаңа құрылысы жүріп жатқан көпқабатты үйдің жылу желілеріне қосылуына екі үлгіде ақау актілері жасалып, жолданған болатын. 2025 жылдың 25 желтоқсанында Ақын Сара көшесі №73 үйдің құрылысы аяқталып, жылу желілеріне толықтай қосылды, бақылап, тексеру жұмыстары атқарылуда. Мердігермен келісім шарт жасалды.
26.05.2025 жылы «ИВЦ» ЖШС-мен ақпараттық-технологиялық сүйемелдеу мен қызмет көрсету бағдарламасы бойынша келісім шартқа қол қойылды. ИВЦ ЖШС-і арқылы тұтынушыларға QR коды бар ескерту шоттары, түбіртектер жолдануда.
2025-2026 жылдарғы жылыту маусымына дайындық, жөндеу жұмыстары толық жоспар бойынша атқарылды. Қазандықтың ішкі жұмыстары бойынша кабельдердің босаған жерлерін тартып, ысырмаларды майлау жұмыстары жүргізілді. Тарату жүйелерінің шүмектері мен ысырмалары тексеріліп, оралып ақаулары анықталып, ауыстырылды. Қазандықтың сырты жуылып, тазалық жұмыстары жүргізілді.
Барлық бюджеттік ұйымдарға жылу желілерін шайып, сығу (опрессовка и промывка), кезекті жылыту мауысымына дайындалу жөнінде 2025 жылдың 15 сәуірінде №87 шығыс хатпен хабарлама жолданды. 2025 жылдың 27 мамырында 2-ші мәрте №105 шығыс хат жолданды. Әлеуметтік нысандар бойынша жуу және қысу жұмыстары толық жүргізіліп, дайындық паспорттары әзірленді.
Дайындық паспорты бойынша қажетті барлық құжаттар жиналып, комиссия мүшелері сайланып, хаттамалар жасалды. Дайындық актісі толтырылды. «Альтаир-Жарық» ЖШС-мен келісім шарт жасалып, жылу жабдықтарының дайындығын бағалау бойынша сараптамалық қорытынды жасалынды. ИП Савич Леонид Леонидови-пен келісім шарт жасалып, өрт сигнализациясының техникалық жағдайы тексеріліп, оң сараптама нәтижелері алынды. «Жылыту орталығы» ЖШС-нің дайындық паспорты бойынша қыркүйек айының 19 жұлдызында электрондық өтініш тапсырылды.
2025 жылдың қыркүйек айының 25 жұлдызында «Жылыту орталығы» ЖШС-нің электрондық дайындық паспорты дайын болды.
2025 жылдың қазан айының 6 жұлдызында «Жылыту орталығы» ЖШС-і жылыту маусымын бастады.
«Жылыту орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жылыту кезеңге пайдаланатын отынды, яғни табиғи газ, дизель отыны субсидиялау ережесі бойынша алынады. Субсидиялау бойынша БМҚ газ отыны бойынша құжаттары тапсырылып, 3 882 120 м3 газға мақұлдау алынды.
Қазандыққа 2 дана түтін шығарғыш (дымасос) алынды. Демонтаждау жұмыстары жүргізіліп, орнатылды.
«Жылыту орталығы» ЖШС
директоры Бокенбаев Т.Р.