2025 жылғы 31 желтоқсанға Қаратал ауданының Қабылиса жырау атындағы мәдениет үйінің жыл бойы атқарылған жұмыстары жайлы ақпарат

 

          Қаратал ауданы бойынша 1 аудандық (Қаратал ауданының Қабылиса жырау атындағы мәдениет үйі), 10 ауылдық мәдениет үйлері (Көкпекті, Ескелді, Қанабек, Жылыбұлақ, Қаражиде, Көпбірлік, Алмалы, Бастөбе, Жаңаталап, Кәлпе) және 2 ауылдық клуб (Мылқаулар, Қарақұм) жұмыс атқаруда. Штат саны – 77. Қаратал ауданы бойынша жалпы үйірмелер саны – 90. Қатысушылар саны – 1026. Балалар үйірмесінің саны – 54.                     Қатысушылар саны – 669. Аудан бойынша Халықтық атағы бар ұжымдар саны – 4. Қатысушылар саны – 118. 2025 жылға жалпы 22 байқауға қатысты. Оның ішінде – 9 республикалық, 5 халықаралық, 8 облыстық байқаулар. Қатысушылар саны – 162 өнерпаз.

2025 жылдың 5 маусым күні Көкпекті ауылдық мәдениет үйіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, қолданысқа берілді. Ағымдағы жылдың 13 желтоқсанында Қаратал ауданына қарасты Тастөбе ауылында мәдениет үйінің ашылу салтанаты өтті. 2025 жылдың 30 желтоқсанында Қаратал ауданына қарасты Бәйшегір ауылдық округінің орталығы – Алмалы ауылында «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында мәдениет үйінің ашылу салтанаты өтіп, қолданысқа берілді. Қаратал ауданы бойынша жыл бойы өткізілген іс-шаралар саны – 2 262. Қатысушылар саны – 293 700. Мәдениет үйлері бойынша 41 компьютер бар. Оның ішінде 21 интернетке қосылған.

Дата публикации
05 января 2026