«Қаратал ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ «Жанұя» отбасын қолдау орталығы» КММ-нің 2025 жыл қорытындысы туралы ақпарат

«Қаратал ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ «Жанұя» отбасын қолдау орталығы» КММ-нің
2025 жыл қорытындысы туралы ақпарат

 

Бастөбе ауылы                                                                                     30.12.2025

 

«Қаратал ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі «Жанұя» отбасын қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2024 жылдың 12 шілдесінде Қаратал ауданы әкімінің № 358 қаулысына сәйкес құрылды. «Қаратал ауданының «Жанұя» отбасын қолдау орталығы» КММ-нің штаттық кестесіне сәйкес
20 қызметкер.

2025 жылдың 12 қыркүйек айында Қаратал ауданы әкімінің «Өмірде қиын жағдайға тап болған адамдарды (отбасыларды) ерте анықтау және қолдау көрсетуді ұйымдастыру жөніндегі  мобильдік топ  құру туралы» № 72 өкімімен  өзгерістер енгізіліп, мобильдік топтын құрамына 186 мамандар тізімге енгізілген, оның ішінде  қала, ауылдық округ әкімдері, денсаулық саласы, білім саласы, полиция бөлімі және «Мансап» орталығы.

2025 жылдың 28 тамыз күні «Қазақстан Республикасының Конституциясына 30 жыл» толуына орай Үштөбе қаласының Орталық саябағында «Пробация үйі» прокуратура органымен, «Жанұя» отбасын қолдау орталығының қолдауымен өтетін  жобаның кезекті отырысы  өткізілді. Отырыс барысында, Қаратал АПБ, пробация бөлімі, орталық аурухана, жеке сот орындаушылар және Мансап орталығы бірлескен меморандумға қол қойылды. Отырыстың басты мақсаты, пробация бөлімінің тіркеуінде тұрған тұлғаларға көмек көрсету (жұмысқа орналастыру, медициналық көмек, бұғатталған банк карталарын ашу және т.б.)

2025 жылдан бастап жалпы 132 отбасы жүгінген (отбасы мүшелерінің жалпы саны – 465). Психологиялық көмек алған адам саны – 38, Құқықтық көмек алған – 49, әлеуметтік көмек көрсетілгені – 45. Жатын орынмен қамтылған отбасылар саны – 8.

Орталықтың сүйемелдеуімен жұмысқа орналастырылғаны – 10.

7 – азаматтың қажетті құжаттарды рәсімдеуде көмек көрсетілді.

Қайырымдылық (демеушілік) көмек бірілген (азық-түлік, қатты отын және т.б.) – 13. Сондай-ақ, орталықтың тіркеуінде тұрған Е санатындағы Пак отбасына (4 адам мүмкіндігі шектеулі) демеушілер тарапынан, тұрғын үйге газ жүйесі жүргізілді.

«Мектепке жол» Республикалық қайырымдылық акциясы – 1
(1 отбасына, 2 отбасы мүшелері).

Өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасылар саны – 50, оның ішінде отбасы мүшелердің саны – 173. Отбасылық зорлық-зомбылыққа ұшыраған – 8, отбасы мүшелерінің саны – 16, кәмелеттік жасқа толмаған – 6 бала.

Сонымен қатар, мобильдік топ тарапынан FSM Social мобильдік қосымшасы арқылы сигналдар түсіру мақсатында ауданның барлық білім ошақтары, денсаулық сақтау саласының басшыларына және Қаратал АПБ-нің участкелік полиция қызметкерлері мен юневалды полиция қызметкерлеріне арналған түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Орталықтың ұйымдастырумен өткізілген іс-шаралар: психолог тренингтері –17, мерекелік шаралар – 12, профилактикалық іс-шаралар – 20, дөңгелек үстелдер – 17, ашық есік күні – 9, семинарлар – 7, онлайн сауалнама – 3 алынды;

Қаратал ауданының тұрғындарына, Зорлық зомбылықтың түрлері –
15 200 дана, ерте жүктіліктің алдын алу – жасөспірімнің болашағын қорғау туралы – 14 320 дана, Цифрлық зорлық зомбылықтың салдары туралы – 12 750 дана, Отбасы құндылықтары туралы – 16 820 дана, Балалардың құқығын қорғау – 11 360 дана жадынамалар таратылды.

«Жанұя» отбасын қолдау орталығы туралы Үштөбе қаласында
1 билборд орнатылды.

 

 

Мекеме басшысы                                                   А. Айтбаева

Дата публикации
05 января 2026