2025 жылы әлеуметтік төлемдерге жоспарланған 878 миллион 509 мың теңге қаражаттың 875059,0 мың теңгесі игеріліп, жылдық жоспардан бюджеттің атқарылуы 99,6% құрады.
Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес бөлім мамандарымен Мемлекеттік қызметтің 18 түрі көрсетіледі.
2025 жылғы 31 желтоқсанына бөліммен 2725 қызмет көрсетілді.
2025 жылы ауданда 2504 жұмыс орынын құру жоспарланған, оның ішінде 1348 тұрақты, 1156 уақытша.
2025 жылғы 01 қаңтар мен 31 желтоқсан аралығында аудан бойынша 2543 жұмыс орны құрылды (оның ішінде 1103 уақытша), бұл жылдық жоспардың 101,6 пайызын құрады.
Еңбекші көшіп келушілерге (мигранттар) 219 рұқсат берілді.
Бекітілген квотаға сәйкес пробация қызметінде есепте тұрған 5 адам, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған 2 адам және мүгедектігі бар адамдар үшін квота бойынша 9 адам жұмысқа орналастырылды.
2025 жылы атаулы әлеуметтік көмек алатын 1075 отбасына (5200 отбасы мүшелеріне) 411 миллион 986 мың теңге жоспарланған.
Ағымдағы жылдың он екі айында атаулы әлеуметтік көмек 565 отбасына, оның ішінде 2797 адамға 411190,1 мың теңге тағайындалып төленді.
2024 жылдың он екі айымен салыстырғанда, бүгінгі күні атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 204 отбасыға азайып, атаулы әлеуметтік көмекке төленетін
сомма 21001,0 мың теңгеге үнемделді.
1 жастан 6 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға төленетін қосымша төлем бойынша 1500 балаға 43 миллион 431 мың теңге жоспарланған.
Атаулы әлеуметтік көмек алушылардың 1 жастан 6 жасқа дейінгі балалары бар отбасыға, оның ішінде 1 балаға 1,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (5898 теңге) барлығы ағымдағы жылдың он екі айында 438 отбасы, оның ішінде 786 балаға 40865,7 мың теңге қосымша төлем төленді.
Жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша азаматтардың жекелеген санаттарына 800-ден астам әлеуметтік көмек алушыларға 68 миллион 394 мың теңге жоспарланған.
Аз қамтылған отбасылардың бала-бақшада тәрбиеленіп жатқан 125 балаларына тамақтануы үшін жыл басынан 21681,0 мың теңге төленді.
Әлеуметтік маңызы бар туберкулез ауруына шалдыққан тіркеуде тұрған 44 азаматтардың құжаттары қабылданып, оларға 7 АЕК мөлшерінде, яғни 27524 теңге әлеуметтік көмек тағайындалып, жыл басынан 12 айға 6661,0 мың теңге төленді.
АИТВ індетіне шалдыққан 3 балаға жыл басынан 3328,4 мың теңге тағайындалып, төленді.
Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде тұрған 8 адамға 471,8 мың теңге көлемінде біржолғы әлеуметтік көмек төленді (1 адамға 58 980 теңге).
Ауған соғысына қатысқан азаматтарға төленетін біржолғы көмек 39 адамға 7667,4 мың теңге (1 адамға 196 600 теңге) төлем жүргізілді.
Ұлы жеңістің 80 жылдық мерекесіне орай, Чернобыль апатынан зардап шеккен 15 ардагерлерге 2949,0 мың теңге (1 адамға 196 600 теңге), Тәжік-Ауған учаскесінде тапсырмаларды орындаған ҚР 10 әскери қызметшісіне, Таулы Қарабақтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан ҚР 3 әскери қызметшісіне 2555,8 мың теңге (1 адамға 196 600 теңге), 86 тыл еңбеккерлері мен қайтыс болған соғыска қатысушылардың 2 жесірлеріне 8996,4 мың теңге (1 адамға 102 232 теңге) аудан бойынша барлығы 155 адамға 22168,7 мың теңге көлемінде біржолғы материалдық көмек төленді.
Аудан әкімдігі жанындағы «Мұқтаж азаматтардың жекеленген санаттарына әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау» жөніндегі арнайы комиссияның шешімімен әлеуметтік көмек 6 адамға 2713,5 мың теңге тағайындалып төленді.
Қазақстан Республикасының Конституция күніне орай, Қаратал ауданында тұратын 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар 188 балаға 6 АЕК мөлшерінде 23592 теңгеден, барлығы 4435,3 мың теңге бір реттік төлем жүргізілді.
Жоғарғы және орта кәсіптік оқу орындарында оқып жатқан отбасы жағдайы төмен 5 студентке 3602,6 мың теңге көлемінде әлеуметтік көмек төленді.
2025 жылғы 31 желтоқсанына 6267 мың теңге сомасына 180 отбасына тұрғын үй көмегі тағайындалып, төленді.
Мүгедектігі бар балаларды үйде оқыту үшін кеткен шығындарды өтеу мемлекеттік қызметі бойынша – 3757,0 мың теңге, жыл басынан 47 адамға жәрдемақы тағайындалып, 3757,0 мың теңге төленді.
Ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына жоспарланған әлеуметтік көмек 14 миллион 942 мың теңге.
Бүгінгі күнге 760 ауылдық елді мекенде тұратын және жұмыс жасайтын мамандарға 14941,6 мың теңгеге отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек көрсетілді.
Мүгедектігі бар адамдардың оңалту бағдарламасына 246 миллион 666 мың теңге жоспарланған.
Бүгінгі күні аудан бойынша тіркеуде тұрған мүгедектер саны 1577 адам. (Оның ішінде 18 жасқа дейінгі балалар саны 187, I топтағы жандар 166 адам, II топтағы жандар 633 адам, III – топтағы азаматтар 591 адам).
Мүгедектігі бар азаматтардың жеке оңалту бағдарламасына сәйкес техникалық көмекші құралдарға 884 өтініш қабылданды. Оның ішінде 119 адам протездік-ортопедиялық көмекпен, 13 адам сурдотехникалық, 53 адам тифлотехникалық, 32 адам қол-арбамен, 195 адам санаторлы-курорттық емдеумен, 92 адам жеке көмекшінің қызметімен, 14 адам тіл мамандарының қызметімен, 366 мүгедектігі бар адам міндетті гигиеналық құралдармен қамтамсыз етілді.
Ағымдағы жылы 92 жеке көмекшінің жалақысына 115 миллион 907 мың (оның ішінде 89 адам үкіметтік емес ұйым арқылы, 3 адам жеке тұлғалар ретінде) және мүгедектігі бар 14 адамның ымдау тілі маманының жалақысына 8523,0 мың теңге мөлшерінде қаражат жұмсалды.
Барлығы 246666,0 мың теңге жұмсалды.
Сонымен қатар мүгедектігі бар адамдарды тегін тасымалдауға «Инватакси» қызметіне арналған шығыстар ағымдағы жылдың 31 желтоқсанына 9621,0 мың теңгесі игерілді.
Мүгедектігі бар 51 адамның барлығы 6564 өтінімі қанағаттандырылды ("Инватакси" қызметінің әлеуметтік тапсырысын орындаушы «Қаратал мүгедектер қоғамы» республикалық қоғамдық бірлестігі болып табылады).
Мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік инфрақұрылым нысандарының қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша 2025 жылға ауданда жоспарланған 19 объект (6 денсаулық сақтау, 5 білім, 3 мемлекеттік мекемелер, 5 мәдениет және спорт).
Бүгінгі күнге дейін 19 нысанның – 19 нысаны толығымен аяқталды.
2026 жылы әлеуметтік төлемдерге 882 миллион 021 мың теңгеден астам қаражат жұмсалады деп жоспарлануда, оның ішінде:
Атаулы әлеуметтік көмек алатын 1075 отбасына (4491 отбасы мүшелеріне) 427 миллион 274 мың теңге;
1 жастан 6 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға төленетін қосымша төлем бойынша 1461 балаға 94 миллион 790 мың теңге;
Жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша азаматтардың жекелеген санаттарына 522 алушыға 81 миллион 375 мың теңге;
Ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін 16 миллион 089 мың теңге;
Үйден тәрбиеленіп оқытылатын мүгедектігі бар балаларды материалдық қамтамасыз ету – 3841,0 мың теңге;
200 адамға тұрғын үй көмегіне 12 миллион 519 мың теңге;
Мүгедектігі бар адамдарды оңалтудың жеке бағдарламасын орындауға 235 миллион 981 мың теңге;
Инватакси қызметіне 10 миллион 152 мың теңге жоспарлануда.
Аудандағы жұмыссыздықтың жалпы деңгейі 2024 жылы 4,8% құрады.
2025 жылы 2600-ге дейін жұмыс орны ашылады деп жоспарлануда, жұмыссыздық деңгейі 4,7% дейін төмендеуі болжамдалуда. Өндірісті дамыту және жаңа жұмыс орындарын құру ұйымдардың өз қаражаты, тікелей отандық инвестициялар есебінен жүзеге асырылатын болады.