Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық Кодексі) Кодексінің 529-бабының 6-тармағына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабына сәйкес, Қаратал аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қаратал ауданының елді мекендерінде салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициентітері бекітілсін.
- Қаратал ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 4 қарашадағы № 443 «Жетісу облысы Қаратал ауданының елді мекендерінде салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттерін бекіту туралы» қаулысының (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30455 тіркелген) қаулының күші жойылды деп танылсын.
- Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы А. Қасымжановқа жүктелсін.
- Осы қаулы 2024 жылдың 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.