Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 84-бабына, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының «Автомобиль жолдары туралы» Заңының 4-бабы 5-тармағына сәйкес, Жетісу облысы Қаратал ауданының прокуратурасының 2024 жылғы 19 наурыздағы № 2-04-24-00291 хаты негізінде, Қаратал ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Қаратал ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 09 қазандағы «Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін алып қоюға байланысты жер учаскесін бөлігін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы» №520 қаулысына төмендегідей өзгеріс енгізілсін:
Шорабаев көшесі бойында жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолын ашу үшін жер учаскесін алып қоюға байланысты Жолдыбай Смаилович Кусаиновтан Жетісу облысы, Қаратал ауданы, Үштөбе қаласы, Абдрахман ақын көшесі, 53 учаске мекенжайы бойынша орналасқан (кадастрлық нөмірі 03-270-012-403) жалпы алаңы - 0,8376 га жер учаскесіндегі «Иеліктен шығарылатын алаң - 0,15 га жер учаскесінің немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару басталсын» деген сөздер «Иеліктен шығарылатын алаң - 0,16,3 га жер учаскесі» немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару басталсын деген сөздермен өзгертілсін.
Мәжбүрлеп иеліктен шығару мерзімі 2026 жылдың наурыз айының 31 дейін белгіленсін.
Меншік иелері жүгінетін орын Жетісу облысы, Қаратал ауданы, Үштөбе қаласы, Қонаев даңғылы, 9, 17-кабинет болып белгіленсін.
«Қаратал ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі осы қаулыны қабылданған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде Қаратал ауданы әкімдігінің интернет-ресурсын қоса алғанда, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.
«Үштөбе қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі:
1) заңнамамен белгіленген тәртіпте меншік иесін хабардар етсін және меншік иесіне жер учаскесі бөлігінің өтемақысын төлеуді қамтамасыз етсін;
2) жер учаскесін бөлігін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару бойынша іс-шараларды аяқтағаннан кейін жер учаскесін бөлігін «Қаратал ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің теңгеріміне берсін;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған өзге де қажетті шараларды қабылдасын.
4) 2024 жылғы 09 қазандағы аудан әкімдігінің № 520 қаулысы жойылсын.
Осы қаулының орындалуын бақылау Қаратал ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Аудан әкімі Ұ. Досымбеков