«Қаратал ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі » мемлекеттік мекемесінің «Қаратал ауданының орталық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стандарттары

1-тарау. Жалпы ережелер

  1. Жетісу облысы «Қаратал ауданының орталық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2-тармағына, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган бекіткен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды қалыптастыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдарға сәйкес әзірленді.
  2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттардың мақсаты «Қаратал ауданының орталық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – аудандық кітапхана) сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған ұсынымдар жүйесін белгілеу болып табылады.
  3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттардың міндеттері:

1) аудандық кітапхана қызметкерлерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы орнықты іс-әрекетті қалыптастыру;

2) аудандық кітапхана қызметкерлері белгіленген қағидаларды мүлтіксіз сақтауға бағытталған іс-қимылдары мен шешімдерін айқындау;

3) сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған ұсынымдар жүйесін

белгілеу болып табылады.

  1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттардың негізгі қағидаттары:

1) заңдылық;

2) адам мен азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды

мүдделерін қорғау басымдығы;

3) жариялылық және ашықтық;

4) мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимылы;

5) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын жүйелі және кешенді пайдалану;

6) сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларын басымдықпен қолдану;

7) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсететін адамдарды қорғау және көтермелеу;

8) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін жазаның

бұлтартпастығы болып табылады.

Дата публикации
14 октября 2025