«Қаратал ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Жанұя» отбасын қолдау орталығы» КММ-нің сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стандарттары

1-тарау. Жалпы ережелер

 

  1. Осы «Қаратал ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Жанұя» отбасын қолдау орталығы» КММ-нің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды (бұдан әрі – сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2-тармағына, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган бекіткен қалыптастыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдарға сәйкес әзірленді.
  2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттардың мақсаты «Қаратал ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Жанұя» отбасын қолдау орталығы» КММ-де (бұдан әрі–Бөлім) сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған ұсынымдар жүйесін белгілеу болып табылады.
  3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттардың міндеттері:

1) Бөлім қызметкерлерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы орнықты іс- әрекетті қалыптастыру;

2) Бөлім қызметкерлерінің белгіленген қағидаларды мүлтіксіз сақтауға бағытталған іс-қимылдары мен шешімдерін айқындау;

3) Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған ұсынымдар жүйесін

белгілеу болып табылады.

  1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттардың негізгі қағидаттары:

1) заңдылық;

2) адам мен азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау басымдығы;

3) жариялылық және ашықтық;

4) мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимылы;

5) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын жүйелі және кешенді пайдалану;

6) сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларын басымдықпен қолдану;

7) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсететін адамдарды қорғау және көтермелеу;

8) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін жазаның бұлтартпастығы болып табылады.

Дата публикации
14 октября 2025