«Қаратал ауданының Қабылиса жырау атындағы мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсәпорны сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стандарттары

1-тарау. Жалпы ережелер

  1. Жетісу облысы «Қаратал ауданының Қабылиса жырау атындағы мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсәпорны (бұдан әрі – сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2-тармағына, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган бекіткен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды қалыптастыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдарға сәйкес әзірленді.
  2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттардың мақсаты «Қаратал ауданының Қабылиса жырау атындағы мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсәпорны (бұдан әрі – аудандық мәдениет үйі) сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған ұсынымдар жүйесін белгілеу болып табылады.
  3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттардың міндеттері:

1) аудандық мәдениет үйі қызметкерлерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы орнықты іс-әрекетті қалыптастыру;

2) аудандық мәдениет үйі қызметкерлері белгіленген қағидаларды мүлтіксіз сақтауға бағытталған іс-қимылдары мен шешімдерін айқындау;

3) сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған ұсынымдар жүйесін

белгілеу болып табылады.

  1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттардың негізгі қағидаттары:

1) заңдылық;

2) адам мен азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды

мүдделерін қорғау басымдығы;

3) жариялылық және ашықтық;

4) мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимылы;

5) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын жүйелі және кешенді пайдалану;

6) сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларын басымдықпен қолдану;

7) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсететін адамдарды қорғау және көтермелеу;

8) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін жазаның

бұлтартпастығы болып табылады.

 

Дата публикации
14 октября 2025