Жария талқылаудан кейін 2026 жылға арналған іске асырылуы жоспарланып отырған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың әлеуметтік жобалары және (немесе) әлеуметтік бағдарламалары туралы ақпарат

 

 

 

 

Мемлекеттік әлеуметтік
тапсырысты қалыптастыру,
оның іске асырылу
мониторингі және нәтижелерін
бағалау қағидаларына
3-қосымша

 

Жария талқылаудан кейін 2026 жылға арналған іске асырылуы жоспарланып отырған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың әлеуметтік жобалары және (немесе) әлеуметтік бағдарламалары туралы ақпарат

 

№

Бюджеттік бағдарлама әкімшісінің атауы

Әлеуметтік жобаның және (немесе) әлеуметтік бағдарламаның атауы

Жоспарланған сомасы

Әлеуметтік жобаның және (немесе) әлеуметтік бағдарламаның қысқаша мазмұны

 

1

2

3

4

5

4-сала. Жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау

1

«Қаратал ауданының ішкі саясат , мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» ММ

Нысаналы топ өкілдері арасында жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау

1 500 000

Жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында темекі шегудің, алкоголизмнің және нашақорлықтың алдын алу, жастар мен қоғамның арасында қайырымдылық мәдениеті мен  аудан жастарының  сана-сезімін және патриотизм деңгейін арттыру. «Жастар тәрбиесі және отбасылық құндылықтар» бойынша іс-шаралар ұйымдастыру. Жастар арасында топтық негізде ұлттық және бұқаралық спорт түрлерінен өзара сайыстар, тарихи, мәдени, рухани орындарға саяхаттар, топсеруендер және нысаналы топтар арасында интеллектуалдық, профилактикалық іс-шаралар кешенін өткізу.

5-сала. Отбасылық-демографиялық және гендерлік мәселелерді шешуге жәрдемдесу

2

«Қаратал ауданының ішкі саясат , мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» ММ

Отбасылық-демографиялық және гендерлік мәселелерді шешуге жәрдемдесу, отбасы құндылықтарын насихаттау.

2 000 000

Отбасы құндылықтарын насихаттауға, көп балалы аналар мен отбасыларды қолдауға бағытталған  “Ұлдар кеңесі” мен   “Қыздар кеңесі” кездесуін ұйымдастыру. Отбасы институтын мен репродуктивті денсаулықты нығайтуға бағытталған  дөнгелек үстелдер, акциялар өткізіп, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

Адамгершілік құндылықтарын жаңғыртуға және отбасы мен некенің (ерлі-зайыптылықтың) жағымды үлгісін дәріптеуге, отбасы мәртебесін арттыруға бағытталған аудандық «Мерейлі отбасы-2026» байқауын ұйымдастыру.

7-сала. Жетім балаларға, толық емес және көп балалы отбасылардағы балаларға көмек көрсету

3

«Қаратал ауданының ішкі саясат , мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» ММ

Жетім балаларға, толық емес және көп балалы отбасылардағы балаларға көмек көрсету

 

1 500 000

Жетім балаларға, толық емес және көп балалы отбасылардағы балаларға көмек көрсету бойынша түрлі нысандағы семинарлар, кездесулер, спорттық ойындар өткізу

20-сала. Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де әлеуметтік маңызы бар салалар бойынша

4

«Қаратал ауданының ішкі саясат , мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» ММ

ҚР заңнамасына қайшы келмейтін өзге де әлеуметтік маңызы бар салалар бойынша «Заң және Тәртіп» қағидасына басты назар аудару

1 500 000

Заңдылық пен тәртіп кез келген мемлекеттің тұрақты дамуының негізі болып табылады, мемлекеттік институттардың тиімді жұмыс істеуі мемлекеттік органдардың да, азаматтық қоғамның да заң нормаларын қатаң сақтауымен ғана мүмкін болады. Бұл құқықтық мемлекетті нығайтуға, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайтуға және халықтың мемлекеттік институттарға деген сенімін арттыруға ұмтылысты көрсетеді. жалпы аудан жастарымен  жалпы кездесулер, семинарлар, тренингтер өткізу, бүктемелер тарату

 

БАРЛЫҒЫ

 

6 500 000

 

           

 

 

Дата публикации
12 августа 2025