Қаратал аудандық мәслихатының 2024 жылғы 09 мамырдағы «Қаратал ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» № 21-78 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Қаратал аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Қаратал аудандық мәслихатының 2024 жылғы 09 мамырдағы «Қаратал аудандық тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» № 21-78 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 189820 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген шешіммен бекітілген Қаратал ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібінде:

8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«8. Құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау немесе көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру мерзімі Мемлекеттік корпорациядан немесе «электрондық үкімет» веб-порталынан құжаттардың толық топтамасын алған күннен бастап 6 (алты) жұмыс күнін құрайды.»

  1. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Дата публикации
30 июля 2025