Жетісу облысының өтініштер бойынша жиі қойылатын сұрақ-жауаптар тізбесі
|
№ |
Меморган |
Санаты
|
Жиі қойылатын сұрақ |
Қысқаша жауап |
Толық жауап |
НҚА-ға сілтеме |
Кілт сөздер және хештегтер |
|
1 |
«Жетісу облысының білім басқармасы» ММ |
Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету |
Мектепте қағаз оқулықтардың орнына тек оқу материалдары бар, интернетке қосылмайтын және ойындары жоқ планшетті пайдалануға бола ма? |
Электрондық оқулықтары бар планшеттерді қосымша оқу құралы ретінде пайдалануға рұқсат етіледі, бірақ қағаз оқулықтар оқу процесінің міндетті бөлігі болып табылады |
Балалардың денсаулығын сақтау мақсатында оқулықтардың салмағы нормативтік құқықтық актімен реттеледі. Мәселен, оқу басылымдарына арналған гигиеналық нормативтерде (ҚР ДСМ 02.12.2021 ж. № ҚР ДСМ-124 бұйрығы) бір оқу басылымының салмағы бекітілген және ол жас ерекшеліктеріне сәйкес 300 г-нан 600 г-ға дейін аспауы тиіс (1-4 сыныптар үшін 300 г, 5-6 сыныптар үшін 400 г, 7-9 сыныптар үшін 500 г, 600 г г 10-11 (12) сыныптар үшін). ҚР Оқу-ағарту министрлігі мақұлдаған барлық қолданыстағы оқулықтар көрсетілген салмақ шектеулеріне сәйкес келеді. Бұл өз кезегінде ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Ұлттық сараптама орталығы берген санитарлық-эпидемиологиялық қорытындының болуымен расталады. Сонымен қатар, сабақ кестесін құру білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар негізінде күнделікті оқу жиынтығының салмағын ескере отырып жасалады (ҚР ДСМ 05.08.2021 ж. № ҚР ДСМ-76 бұйрығы):
Электрондық оқулықтардың артықшылығы – мультимедиялық, интерактивті контенті мен функцияларында екендігін атап өтеміз. Электрондық оқулықтарды оқу процесінде пайдалану педагогтердің сабақтарды қызықты өткізуіне көмектеседі және оқушылардың білім алуға деген қызығушылығын арттырады. Өз кезегінде, электрондық оқулықтар қағаз оқулықтардың орнын алмастырмайды, дәстүрлі оқулықтарға қосымша оқу материалдары ретінде пайдаланылады. |
Электрондық оқулықтары бар планшеттерді қосымша оқу құралы ретінде пайдалану қағаз оқулықтар |
|
|
2 |
«Жетісу облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ |
Тұрғын үймен қамтамасыз ету |
Тұрғын үйге мұқтаж азаматтар үй кезегіне тұру үшін қандай рәсімдерді атқаруы қажет? |
Электрондық цифрлық қолтаңба арқылы интернет-порталында Кezekte.kz платформасында тұрғын үйге мұқтаж азаматтардың кезектілігіне өтінішті электронды түрде толтыру қажет. |
Қазіргі уақытта тұрғын үйге мұқтаж азаматтар мемлекеттік тұрғын үй қорынан алуға кезекке тұру үшін келесідей рәсімдерді жүзеге асыру үшін kezekte.kz цифрлы платформасында электронды цифрлы қолтаңба арқылы тіркеуден өтіп, тұрғын үйге мұқтаж азаматтар кезегіне тұруға осы аталған платформада өтініш электронды беріледі. |
ҚР «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңы |
Тұрғын үй |
|
3 |
«Жетісу облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ |
Құрылыс |
Нысандарды салу үшін қандай құжаттар қажет? |
құрылыс жөніндегі жобаларды іске асыру жер учаскесіне тиісті құқық негізінде асырылады |
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 75 бұйрығымен бекітілген Құрылыс саласында құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту Қағидаларының 22-тармағына сәйкес құрылыс жөніндегі жобаларды іске асыру жер учаскесіне тиісті құқық негізінде және мынадай кезеңдерде жүзеге асырылады: 1) құрылыс жобаларын әзірлеу үшін бастапқы материалдарды алу (құрылыс үшін жер учаскесімен бірге бастапқы материалдарды беруден басқа); 2) эскизді (эскиздік жобаны) әзірлеу және келісу 3) жобалау-сметалық құжаттамасын (бұдан әрі – жобалау) әзірлеу және құрылыс жобаларын ведомстводан тыс кешенді сараптамадан (бұдан әрі – сараптама) өткізу; 4) мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыратын органдарға құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғаны туралы хабарлау және құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүзеге асыру; 5) салынған объектіні қабылдау және пайдалануға беру. Үшінші жауаптылық деңгейіндегі техникалық жағынан күрделі емес объектілердің құрылысы эскиз (эскиздік жоба) бойынша жүзеге асырылады. Үшінші жауаптылық деңгейіндегі техникалық жағынан күрделі емес объектілердің құрылыс жобасын әзірлеу, оның сараптамасы, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыратын органдарға құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғаны туралы хабарлау талап етілмейді. |
Құрылыс |
|
|
4 |
«Жетісу облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ |
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық |
Көппәтерлі тұрғын үйлерге бюджет есебінен күрделі жөндеу жұмыстарын жасау үшін қандай құжаттар қажет? |
«Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» мен Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 29 сәуірдегі №246 бұйрығына» сәйкес |
Тұрғын үйдің жалпы мүлкін (шатыры, кіреберісі, су, кәріз, жылу, ортақ электр жүйелері, қасбеті) мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен қайтарымды қаржы негізінде күрделі жөндеуден өткізіледі. Нысанның ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізу (жаңғырту, реконструкциялау, реставрациялау) туралы шешім пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелерінің жалпы санының жартысынан астамы қатысатын жиналыста қабылданады. Шешім пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің жалпы санының көпшілігі келісуі қажет. Келісім хаттамасына сәйкес тұрғын үйді күрделі жөндеуден өткізуге жобалау-сметалық құжаттама әзірленетін болады. |
Көппәтерлі тұрғын үйлерге бюджет есебінен күрделі жөндеу |
|
|
5 |
«Жетісу облысының білім басқармасы» ММ |
Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету |
Мұғалімдерді білім беру ұйымының жөндеу жұмыстарына тартуға бола ма? |
Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, оны тартуға жол берілмейді |
«Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес педагогтің кәсіби қызметін жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, оны кәсіптік міндеттерімен байланысты емес жұмыс түрлеріне тартуға жол берілмейді. «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес жоғарыда аталған міндеттерді жүктеу түрінде жасалған бұзушылық үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. «Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы заңының осы талабының орындалуын қадағалау аумақтық Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменттерінің құзыретіне кіреді. |
педагогтің кәсіби қызметін жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, оны кәсіптік міндеттерімен байланысты емес жұмыс түрлеріне тартуға жол берілмейді. |
|
|
6 |
«Жетісу облысының білім басқармасы» ММ |
Балалардың құқықтарын қорғау |
Қамқоршылар мен қорғаншыларға баланы асырауға ай сайынғы жәрдемақы қандай мөлшерде төленеді? |
Қорғаншылар мен қамқоршыларға баланы күтіп-бағуға 10 АЕК мөлшерінде ай сайын жәрдемақы төленеді. |
Жәрдемақы тағайындау және төлеу қорғаншыларға немесе қамқоршыларға ата-анасының қайтыс болуына, ата-ана құқықтарының шектелуiне немесе олардан айрылуына, ата-аналары хабарсыз кеткен деп танылуына, олардың қайтыс болған деп жариялануына, әрекетке қабiлетсiз, әрекет қабiлетi шектелген деп танылуына, бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеуiне, ата-анасының іздестірілуіне, ата-анасының баласын тәрбиелеуден немесе оның құқықтары мен мүдделерiн қорғаудан жалтаруына, оның iшiнде ата-анасының өз баласын стационарлық үлгідегі тәрбиелеу, емдеу және медициналық-әлеуметтік мекемесiнен алудан бас тартуына байланысты, сондай-ақ ата-ана қамқоршылығы болмаған өзге де жағдайларда жалғыз ата-анасының немесе екеуiнiң де қамқорлығынсыз қалған кәмелетке толмаған баланы күтіп-бағуға жүргiзiледi. "Қорғаншыларға немесе қамқоршыларға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) күтіп-бағуға жәрдемақы тағайындау және төлеу мөлшері" мемлекеттік көрсетілетін қызмет болып табылады |
Қамқоршылар мен қорғаншыларға баланы асырауға ай сайынғы жәрдемақы жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) күтіп-бағуға жәрдемақы тағайындау |
|
|
7 |
«Жетісу облысының білім басқармасы» ММ |
Балалардың құқықтарын қорғау |
Бала асырап алушы бола алады және баланы асырап алуға ниет білдірген адамдарға қойылатын талаптар? |
Бала асырап алушылар толық қабілетті, ата-ана құқықтарынан айырылмаған немесе шектелмеген; тұрақты табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен емес; тұруға арналған баспанасы бар; соттылығы бар; балаларға қамқорлық жасауға кедергі келтіретін аурулардан зардап шекпейтін кәмелетке толған адамдар болуы мүмкін. |
Сот әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп таныған; Сот ата-ана құқықтарынан айырған немесе сот ата-ана құқықтарымен шектелген; өзіне ҚР заңдарымен жүктелген міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін қорғаншы немесе қамқоршы міндеттерінен шеттетілген; егер сот олардың кінәсінен асырап алудың күшін жойса, бұрынғы асырап алушыларды қоспағанда, кәмелетке толған адамдар асырап алушылар бола алады; денсаулық жағдайы бойынша ата ана құқығын жүзеге асыра алмайтын; тұрақты тұрғылықты жері жоқ; дәстүрлі емес жыныстық бағдарды ұстанатын; бала асырап алу сәтінде қасақана қылмыс жасағаны үшін өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар (онлайн соттылығының жоқтығы туралы анықтама алу); азаматтығы жоқ; бала асырап алынатын баланың ең төменгі күнкөріс деңгейін қамтамасыз ететін табысы жоқ; наркологиялық немесе психоневрологиялық диспансерлерде есепте тұрған, соттылығы бар немесе бар, психологиялық даярлықтан өтпеген қылмыстық қудалауға ұшырағандар немесе ұшырағандар. |
ұрақты табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен емес; тұруға арналған баспанасы бар; соттылығы бар; балаларға қамқорлық жасауға кедергі келтіретін аурулардан зардап шекпейтін кәмелетке толған адамдар болуы мүмкін. |
|
|
8 |
«Жетісу облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ |
Тұрғын үймен қамтамасыз ету |
Тұрғын үйді тегін жекешелендіруге кім құқылы? |
Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 13-бабы 8-тармағында тегін жекешелендіру құқығына ие санаттар көрсетілген. Қалған санаттар мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді қалдық құны бойынша жекешелендіру құқығына ие. |
Тегін жекешелендіру құқығына ие 11 санат бар, олар: - Ұлы Отан соғысының ардагерлері; - 1 және 2 топтағы мүгедектігі бар адамдар; - саяси қуғын-сүргін құрбандары; - Чернобыль апатының зардаптарын жоюға қатысқандар; - ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен азаматтар; - Арал маңы өңіріндегі экологиялық апат салдарынан зардап шеккен азаматтар; бұрынғы КСРО-ны қорғау кезінде жарақат, контузия немесе мертіккен салдарынан мүгедек болған әскери қызметшілер; - 20 жыл және одан көп қызмет өтілі бар әскери қызметшілер мен арнаулы мемлекеттік орган қызметкерлері; - қызмет өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшінің, ішкі істер органдары мен арнаулы мемлекеттік орган қызметкерінің отбасы мүшелері; - ғарышкерлер мен ғарышкерлікке кандидаттар; - 20 жыл және одан көп қызмет өтілі бар ішкі істер органдарының қызметкерлері. |
http://zan.gov.kz/kaz/docs/Z970000094_; http://zan.gov.kz/kaz/docs/P1300000673 |
өтеусіз жекешелендіру |
|
9 |
«Жетісу облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ |
Тұрғын үймен қамтамасыз ету |
Жалға берілетін тұрғын үйді жекешелендіру тәртібі қандай? |
Жекешелендіру тәртібі: 1. Пәтердің қалған құнын толық төлеп, жеке меншікке рәсімдеуге болады. 2. Немесе тұрғын үйді бөліп төлеу арқылы алу мүмкіндігі бар.
|
Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген арендалық тұрғын үйді жекешелендіруге болады — яғни, Заңда көзделген шарттар бойынша жеке меншікке рәсімдеуге рұқсат етіледі. Жекешелендіру тәртібі 2013 жылғы 2 шілдедегі № 673 Жекешелендіру қағидаларымен реттеледі.Тұрғын үй қалдық құны бойынша жекешелендіруге болады. Анықтама үшін: тұрғын үйдің қалдық құны — тұрғын үйдің бастапқы құнынан оның физикалық тозуын шегеру арқылы есептеледі. Жекешелендіруді 15 жылға дейін бөліп төлеу арқылы рәсімдеуге болады. Бұл ретте алғашқы жарна ретінде тұрғын үй құнының 10%-ын төлеу қажет. |
жалға берілетін тұрғын үйді жекешелендіру |
|
|
10 |
«Жетісу облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ |
Тұрғын үймен қамтамасыз ету |
Басқа мемлекеттер аумағындағы жауынгерлік іс-қиммылдарға қатысқан ардагерлер баспана алу бойынша қандай құқықтарға ие? |
Басқа мемлекеттер аумағындағы жауынгерлік қимылдарға қатысқан ардагерлер тұрғын үй алу кезінде бірінші кезекте қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ, Ауғанстанда әскери қызмет өткеру кезінде жарақат, контузия немесе мертігу салдарынан мүгедек болған адамдардың тұрғын үйді тегін жекешелендіруге құқығы бар екенін атап өткен жөн. |
Басқа мемлекеттердің аумағындағы жауынгерлік әрекеттерге қатысқан ардагерлер ретінде танылатындар: - шет мемлекеттерде (мысалы, Ауғанстанда) ұрыс қимылдарына қатысқан КСРО Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері, ІІМ және КГБ қызметкерлері; - әскери жиындарға шақырылып, соғыс кезінде Ауғанстанға жіберілгендер; - Ауғанстанға жүк жеткізумен айналысқан жүргізушілер; - Ауғанстанға ұрыс тапсырмаларын орындауға ұшқан ұшқыштар; -Ауғанстандағы кеңес әскері құрамына қызмет көрсетіп жүріп марапатталған немесе жарақат алған азаматтық қызметкерлер; - Тәжік-Ауған шекарасында (1992–2001 жж.) ТМД шекарасын қорғауға қатысқан Қазақстан әскери қызметшілері; - Ирактағы бітімгерлік операцияларға қатысқан қазақстандық бітімгерлер (2003–2008 жж.); - Таулы Қарабақтағы қақтығыстарға қатысқан (1986–1991 жж.) күш құрылымдарының қызметкерлері. Бұл Қазақстан Республикасының «Ардагерлер туралы» Заңының 5-бабында көрсетілген. Сонымен қатар, жоғарыда аталған санаттағы азаматтар, оның ішінде басқа мемлекеттер аумағындағы жауынгерлік қимылдарға қатысқан ардагерлер, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуда басым құқыққа ие. Бұл санаттарға тұрғын үйдің жалпы көлемінің кемінде 70%-ы бөлінетін болады. Сондай-ақ, Ауғанстанда әскери қызмет өткеру кезінде жарақат, контузия немесе мертігу салдарынан мүгедек болған адамдардың тұрғын үйді тегін жекешелендіруге құқығы бар екенін атап өткеміз. |
басқа мемлекеттердің аумағындағы жауынгерлік іс-қимылдарға қатысқан ардагерлер, бірінші кезектегі құқық, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй |
|
|
11 |
«Жетісу облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ |
Құрылыс |
Құрылыс процесіне қойылатын негізгі талаптар қандай? |
Құрылыс процесінің негізгі талаптары аудандардың (қалалардың) жергілікті атқарушы органдарының жер учаскесіне тиісті құқық беру және сәулет-жоспарлау тапсырмасының шешімі негізінде тапсырыс берушінің жобалау тапсырмасын әзірлеуін қамтиды.Осыдан кейін әзірленген жобалық-сметалық құжаттама ведомстводан тыс кешенді сараптамаға жіберіледі. Сонымен қатар, тапсырыс беруші құрылыс-монтаждау жұмыстары басталғанға дейін мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын органдарды құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындауға байланысты қызметтің басталғаны туралы хабардар етуге міндетті. |
Құрылыс процесіне қойылатын негізгі талаптар «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 68-бабымен реттеледі. «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес құрылыс процесіне қойылатын негізгі талаптардың бірі аудандардың (қалалардың) жергілікті атқарушы органдарының жер учаскелеріне тиісті құқық беру және сәулет-жоспарлау тапсырмасының негізінде тапсырыс берушінің жобалау тапсырмасын әзірлеуі болып табылады.Осыдан кейін әзірленген жобалық-сметалық құжаттама ведомстводан тыс кешенді сараптамаға жіберіледі. Одан әрі, «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, құрылыс-монтаждау жұмыстары басталғанға дейін тапсырыс беруші құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындауға байланысты қызметтің басталғаны туралы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын органдарды хабардар етуге міндетті. Аяқталған нысан пайдалануға қабылдауға жатады.
|
Құрылыс |
|
|
12 |
«Жетісу облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ |
Құрылыс |
Жобалық құжаттамасыз не салуға болады? |
"Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Заңның 60-бабының 2-тармағына сәйкес Тапсырыс беруші (меншік иесі) Республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарымен келісім бойынша эскиздер (эскиздік жобалар) бойынша жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасыз жүзеге асыра алады:
|
Тапсырыс беруші (меншік иесі) Республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарымен келісім бойынша эскиздер (эскиздік жобалар) бойынша жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасыз жүзеге асыра алады: 1) екі қабаттан жоғары емес жеке тұрғын үйлер салуды; 2) жеке үй жанындағы учаскелер аумағында, сондай-ақ бағбандық және бау-бақша серіктестіктерінің (қоғамдарының) учаскелерінде шаруашылық-тұрмыстық құрылыстарды тұрғызуды; 3) алаңішілік байланыс желілерін салуды; 4) жұмыс істеп тұрған инженерлік желілерді өзгертуді талап етпейтін үй жанындағы учаскелерде және саяжай учаскелерінде абаттандыруды; 4-1) бір тоғанның және (немесе) бассейннің су бетінің алаңы 0,15 гектардан аспайтын балық өсіруді (акваөсіруді) жүргізуге арналған балық шаруашылығы технологиялық су айдындарын (балық өсіру тоғанын, балық өсіру бассейнін) орналастыруды; 5) контейнермен, блокпен және модульмен орындалатын ықшам кешендерді, сондай-ақ құрастырмалы-бұзылмалы конструкциялардан тұрғызылатын сауда, қоғамдық тамақтану және тұрмыстық қызмет көрсету кәсіпорындарына арналған бір қабатты ғимараттарды (құрылысжайларды) салуды; 6) төтенше ахуал және (немесе) төтенше жағдайлар кезінде қалпына келтіру жұмыстарын, техникалық жағынан күрделі болып табылмайтын екі қабаттан аспайтын тез тұрғызылатын ғимараттар мен құрылысжайлар салуды; 7) өрт, жарылыс, газ, химиялық агрессивті, улы және уытты заттар бойынша қауіпсіз уақытша, маусымдық немесе қосалқы мақсаттағы ғимараттар мен құрылысжайлар (тауарлар мен материалдарды сақтау үшін ерекше жағдайларды талап ететін қоймалар мен сақтау орындары (аралығы 6 метрге дейін, биіктігі 7 метрге дейін және алаңы 2000 шаршы метрге дейін қоса алғанда), жылыжайлар, парниктер, павильондар, байланыс, жарықтандыру тіректерін, қоршаулар және осыған ұқсас құрылысжайлар салуды; 8) маусымдық жұмыстар мен шалғайдағы мал шаруашылығы үшін тұрғын және (немесе) шаруашылық-тұрмыстық үй-жайлардың уақытша құрылыстарын салуды; 9) автомашиналар саны елу бірліктен аспайтын ашық үлгідегі автотұрақтарды, сондай-ақ екі автомашинадан аспайтын бокстары бар гараждарды салуды; 10) желілік инженерлік жолдар мен оларға арналған құрылысжайларға олардың жағдайын, төсеу тереңдігінің (биіктігінің) белгілерін, құбырларының диаметрін өзгертуді талап етпейтін күрделі жөндеуді; 11) шағын сәулет нысандарын салуды және аумақты қоршауды; 12) ашық спорт алаңдарын, тротуарларды салуды, ғимараттар (құрылысжайлар) маңында тас төсеніштер төсеуді; 13) технологиялық ресурсы таусылған және кәсіпорынды (цехты) реконструкциялауды немесе қайта бейіндеуді талап етпейтін технологиялық немесе инженерлік жабдықтың бірліктерін жөндеуді және ауыстыруды; 14) инженерлік желілерді электр коррозиясынан қорғауды; 15) жалпы ауданы 20 шаршы метрге дейінгі дара кәсіпкерлік объектілерін орналастыру үшін жеке тұрған бір қабатты ғимараттар (құрылысжайлар) салуды; 16) тұрғын үйлердегі (тұрғын ғимараттардағы) тұрғын және тұрғын емес үй-жайларды қосымша жер учаскесін бөлуді (аумақтан телім беруді) талап етпейтін, тіреу конструкцияларының, инженерлік жүйелер мен коммуникациялардың қандай да бір өзгерістерімен байланысты емес, сәулет-эстетикалық, өртке қарсы, жарылысқа қарсы және санитариялық сапаны нашарлатпайтын, пайдалану кезінде қоршаған ортаға зиянды әсер етпейтін реконструкциялауды (қайта жоспарлауды, қайта жабдықтауды); 17) өндірістік емес мақсаттағы үй-жайларды қолданыстағы ғимараттарда жүзеге асырылатын және тіреу конструкцияларын өзгертуді талап етпейтін қайта жоспарлауды (қайта жабдықтауды); 18) кәсіпкерлік субъектілері үшін белгіленген қуаты 200 кВт дейінгі электрмен жабдықтау желілерін салуды; 19) әкімшілік-тұрмыстық және өндірістік ғимараттардың ішінде автоматты күзет-өрт сигнализациясы жүйесін салуды және монтаждауды; 20) усадьба үлгісіндегі тұрғын үйлерде сумен жабдықтау және су бұру желілерін салуды; 21) жеке тұрғын үйлердің алаңішілік желілерін салуды және тұрмыстық мақсаттағы үйішілік газбен жабдықтау жүйелерін монтаждауды жүзеге асыра алады. |
Құрылыс |
|
|
13 |
«Жетісу облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ |
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық |
Қалай тиімді меншік иесі болуға болады? |
Меншік иелері көпқабатты үйді басқаруға қатысты барлық шешімдерді жалпы жиналыста қабылдайды. Үйдегі жиналысқа қатысу өте маңызды.
|
Басынан бастап бастайық. Пәтерді сатып алғаннан кейін сіз үйдің ортақ мүлкінің иесі боласыз. Сіздің пәтеріңіздің ауданына пропорционалды түрде сізде шатырдың, қасбеттің, жертөленің, кіреберістің, инженерлік жүйелердің және т.б. үлесі бар. Бұл үлесті көппәтерлі тұрғын үйдің ортақ мүлкінен алуға болмайды. Егер сіздің үйіңіз тиісті деңгейде ұсталмаса, ортақ мүліктің қысқа мерзімде қажетті инженерлік-техникалық қасиеттерін жоғалту ықтималдығы жоғары, нәтижесінде жеке меншікті пайдалану қауіпсіз әрі жайлы болмай қалады. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, тұрғындар өз үйлерін күтіп-ұстауға және жөндеуге толық жауапты. Сондықтан тұрғындар ортақ мүлікті сақтау және қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз етуге міндетті , бұл үшін олар "Тиімді меншік иесі" болуы керек! "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңында үйді басқару нысанын таңдау, сервистік компанияны анықтау немесе басқару функцияларын басқарушыға немесе басқарушы компанияға беру толығымен тұрғындардың қолында екендігі айтылған. Меншік иелері көпқабатты үйді басқаруға қатысты барлық шешімдерді жалпы жиналыста қабылдайды. Үйдегі жиналысқа қатысу өте маңызды. |
меншік иелері, жалпы жиналыс
|
|
|
14 |
«Жетісу облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ |
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық |
Құрылыс салушыдан басқарушы компания бұрыннан бар үйді басқаруды қалай жүгізеді? |
Тіпті егер көппәтерлі тұрғын үйде басқарушы компания бар болса да, пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері кондоминиум объектісін пайдаланудың басқару нысандарының бірін таңдауға міндетті. |
Мүлік иелерінің бірлестігі немесе жай серіктестік таңдау міндетті сипат киеді, бұл талап Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңында бекітілген. Тіпті егер көп пәтерлі тұрғын үйлерде басқарушы компания бар болса да, пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері кондоминиум объектісін пайдаланудың басқару нысандарының бірін таңдауға міндетті. Әрі қарай, егер олар қолданыстағы басқарушы компания қызметіне қанағаттанған жағдайда , олар онымен кондоминиум объектісін басқаруға келісім-шарт жасай алады немесе оның қызметтерінен бас тарта алады. |
Көппәтерлі тұрғын үй |
|
|
15 |
«Жетісу облысының жер қатынастары басқармасы» ММ |
Жер мәселелері |
Көгалдандыру үшін жер учаскесін қалай алуға болады? |
ҚР Жер Кодексінің 43 және 102-баптарына сәйкес, Жер кодексінің 48-бабының 1-тармағына сәйкес сауда-саттықта (аукциондарда) сату үшін ұсынылатын жер учаскелерінің тізбесіне енгізілген жер учаскелерін қоспағанда, жер учаскелері Қазақстан Республикасының азаматтарына жеке меншікке тегін беріледі |
Қазақстан Республикасының азаматтарына жеке меншікке мынадай мөлшерде тегін беріледі: 1) ауылдық жерлерде жеке қосалқы шаруашылық жүргізу үшін (үй жанындағы және далалық учаскелерді қоса алғанда) - Суарылмайтын жерлерде 0,25 гектар және суармалы жерлерде 0,15 гектар; 2) жеке тұрғын үй құрылысы үшін-0,10 гектар; 3) бау-бақша, сондай - ақ саяжай құрылысы үшін-0,12 гектар. Қосымша жер учаскесін беру туралы өтінішті www "электрондық үкімет" веб-порталында беруге болады.egov "Е-лицензиялау" бөлімінде. Ол үшін "жер қатынастарын" таңдап, "Сауда - саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтар алу" қызметін таңдау қажет, 1-кезең. Бұдан әрі, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығымен бекітілген "жер қатынастары саласында мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі Ережеге" сәйкес. |
жер телімі |
|
|
16 |
«Жетісу облысының жер қатынастары басқармасы» ММ |
Жер мәселелері |
Жеке меншікке жер учаскелерін тегін беру нормалары қандай? |
Жер учаскелерін жеке меншікке тегін беру нормалары келесідей: 1) Ауылдық жерлерде суарылмайтын жерлерде 0,25 га және суармалы жерлерде 0,15 га; 2) жеке тұрғын үй құрылысы үшін – 0,10 га; 3) бау-бақша, сондай-ақ саяжай құрылысы үшін – 0,12 га. |
Қазақстан азаматтарының белгілі бір мақсаттар үшін мемлекеттен бір рет тегін жер учаскесін жеке меншікке алуға құқығы бар. Бұл учаскелердің мөлшері Жер кодексінің 50-бабында белгіленген: 1) ауылдық жерлерде өзiндiк қосалқы шаруашылық (үй маңындағы және егiстiк телiмдердi қоса алғанда) жүргiзу үшiн - суарылмайтын жерде 0,25 гектар және суармалы жерде 0,15 гектар; 2) жеке тұрғын үй құрылысы үшiн (ЖТҚ) - 0,10 гектар; 3) бағбандық, сондай-ақ саяжай құрылысы үшiн - 0,12 гектар. Жер кодексінің 44-бабының 6-тармағына сәйкес, ЖТҚ үшін жер учаскелері Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелері су және электрмен жабдықтау желілерімен қамтамасыз етілген алаңдарда кезек тәртібімен және алаңдарды бөлуге дайындауға қарай немесе жеке тұрғын үй құрылысы үшін пайдаланылатын бос аумақтар болған кезде беріледі. Қазақстан Республикасының азаматтарына жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін олардың өтініштерін арнаулы есепке қоймай беруге тыйым салынады. Өзiндiк қосалқы шаруашылықты (үй маңындағы телiм) жүргiзу және жеке тұрғын үй салу үшiн жер учаскелерін жеке меншікке тегін беру жер учаскелері игерілгеннен кейін жүргізіледі. Азамат ЖТҚ үшін жер учаскелері бойынша арнайы есепке тұру үшін электрондық үкімет порталы (eGov.kz) арқылы «Жер учаскесін алу кезегіне қою» мемлекеттік қызметін пайдалануы қажет. Кезек келген жағдайда, азамат сұратылатын жер учаскесінің орналасқан жеріне байланысты «Кент, ауыл жерінен жер учаскесін беру» және «Республикалық маңызы бар қала, астана, облыстық және аудандық маңызы бар қалалар шегінде жер учаскесіне құқықтарды алу» мемлекеттік қызметтеріне сәйкес жер учаскесін алу үшін өтініш береді. Жеке қосалқы шаруашылықты немесе саяжай құрылысын жүргізу үшін жер учаскесін алу үшін азамат «Кент, ауыл жерінен жер учаскесін беру» мемлекеттік қызметін пайдалануы қажет. Бағбандық үшін жер учаскесін алу үшін азамат «Мемлекеттік меншіктегі, сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін жер учаскелеріне құқықтарды алу» мемлекеттік қызметіне сәйкес өтініш береді. |
Қазақстан азаматтарының белгілі бір мақсаттар үшін мемлекеттен бір рет тегін жер учаскесін жеке меншікке алуға құқығы бар. Бұл учаскелердің мөлшері Жер кодексінің 50-бабында белгіленген:
1) ауылдық жерлерде өзiндiк қосалқы шаруашылық (үй маңындағы және егiстiк телiмдердi қоса алғанда) жүргiзу үшiн - суарылмайтын жерде 0,25 гектар және суармалы жерде 0,15 гектар; 2) жеке тұрғын үй құрылысы үшiн (ЖТҚ) - 0,10 гектар;
3) бағбандық, сондай-ақ саяжай құрылысы үшiн - 0,12 гектар. |
|
|
17 |
«Жетісу облысының жер қатынастары басқармасы» ММ |
Жер мәселелері |
Жер телімін жеке меншікке қалай алуға болады? |
Сіз жер телімін жеке меншікке алу үшін Жүйеге кіріп немесе «электрондық лицензиялау» порталында тіркелініуіз керек |
www.elicense.kz «электрондық лицензиялау» порталында Осы беттегі https://egov.kz/cms/kk/serv мекенжайына «Қызметке онлайн тапсырыс беру» түймесін басу арқылы өтіңіз, содан кейін «электрондық лицензиялау» порталы жаңа терезеде ашылады. Жүйеге кіріңіз немесе «электрондық лицензиялау» порталында тіркеліңіз. Қызмет паспортында құжаттар пакетін қарап шығыңыз және «Қызметке онлайн тапсырыс беру» түймесін басыңыз немесе қажетті қызмет түрін таңдап, «Келесі» түймесін басыңыз. Қажетті ақпаратты беріңіз, өтінішті толтырыңыз және оған ЭЦҚ-мен қол қойыңыз. Сіз өзіңіздің жеке кабинетіңізде «Менің өтініштерім» бөлімінде берілген өтінімнің күйін бақылай аласыз. Рұқсат алу туралы «Менің рұқсаттарым» бөлімінде, ал хабарлама алу туралы «Менің хабарламаларым» бөлімінде білуге болады. электрондық лицензиялау" www.elicense.kz порталында. Осы бетте "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз, одан кейін жаңа терезеде "электрондық лицензиялау" порталы ашылады. Жүйеге кіріңіз немесе "электрондық лицензиялау" порталында тіркеліңіз. Қызмет паспортында құжаттар топтамасымен танысып "Қызметке онлайн тапсырыс беру" батырмасын басыңыз немесе қажетті қызметтің кіші түрін таңдап "Әрі қарай" батырмасын басыңыз. Қажетті мәліметтерді көрсетіп, өтінішті толтырып, ЭЦҚ-мен қол қойыңыз. Берілген өтініш мәртебесін "Менің өтініштерім" тарауынан қадағалауға болады. Рұқсатты алу туралы "Менің рұқсат құжаттарым" тарауынан, хабарлама алу туралы "Менің хабарламаларым" Тарауынан біле аласыз. |
Жүйеге кіріңіз немесе «электрондық лицензиялау» порталында тіркеліңіз.
Қызмет паспортында құжаттар пакетін қарап шығыңыз және «Қызметке онлайн тапсырыс беру» түймесін басыңыз немесе қажетті қызмет түрін таңдап, «Келесі» түймесін басыңыз.
Қажетті ақпаратты беріңіз, өтінішті толтырыңыз және оған ЭЦҚ-мен қол қойыңыз. |
|
|
18 |
«Жетісу облысының жер қатынастары басқармасы» ММ |
Жер мәселелері |
Жер учаскесін жалға алуға бола ма? |
Иә, жер учаскесін жалға алуға болады. Бұл уақытша ақы төлейтін жер пайдалану құқығы (жалға беру) негізінде жүзеге асырылады, ол қысқа мерзімді (5 жылға дейін) және ұзақ мерзімді (5 жылдан 49 жылға дейін) болуы мүмкін, жерді пайдалану мақсаттарына байланысты. |
Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 35-ші бабына сәйкес, уақытша жер пайдалану құқығы: 1. Жер учаскесi азаматтар мен заңды тұлғаларға уақытша өтеулi жер пайдалану (жалдау) немесе уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығымен берiлуi мүмкiн. 2. Егер осы Кодексте және Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде өзгеше белгiленбесе, уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығы 5 жылға дейiнгi мерзiмге беріледі. Осы Кодексте көзделген шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын беру жағдайларын қоспағанда, уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығы қысқа мерзімді (5 жылға дейін) және ұзақ мерзімді (5 жылдан 49 жылға дейін) болуы мүмкін. Арнайы экономикалық аймақты орналастыру үшін пайдаланылатын жерлер бойынша уақытша өтеулі жер пайдалану құқығы арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компанияларына арнайы экономикалық аймақты құру мерзіміне беріледі. Республикалық немесе өңірлік маңызы бар индустриялық аймақты орналастыру үшін пайдаланылатын жерлер бойынша уақытша жер пайдалану құқығы республикалық немесе өңірлік маңызы бар индустриялық аймақтың басқарушы компанияларына облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының индустриялық аймақ құру туралы шешімінде айқындалған мерзімге, бірақ кемінде 20 жылға беріледі. Елді мекен шегінде объектілер салу үшін пайдаланылатын жерлер бойынша уақытша өтеулі жер пайдалану құқығы кемінде үш жыл мерзімге беріледі. 3. Уақытша өтеулі жер пайдаланудың (жалдаудың) шекті мерзімдері осы Кодексте белгіленген уақытша жер пайдалану мерзімдеріне сәйкес жер учаскесiн нысаналы пайдалану ерекшеліктері ескеріле отырып, жалдаушының өтініші негізінде белгiленедi. 4. Осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, сондай-ақ шартты бұзу тәртiбi оның өзiнде көрсетiлген жағдайларда, атқарушы органдардың уақытша жер пайдалану шарттарын |
Жер учаскесi азаматтар мен заңды тұлғаларға уақытша өтеулi жер пайдалану (жалдау) немесе уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығымен берiлуi мүмкiн |
|
|
19 |
«Жетісу облысының жер қатынастары басқармасы» ММ |
Жер мәселелері |
Мұраны рәсімдеймін, жер учаскесін қалай рәсімдеу керек? |
Жер учаскесіне құқықты электрондық түрде «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы www.egov.kz «Жылжымайтын мүлік» - «Жер қатынастары» бөлімінде беруге болады |
Жер учаскесіне құқықты электрондық түрде «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы www.egov.kz «Жылжымайтын мүлік» - «Жер қатынастары» бөлімінде беруге болады.Ол үшін «Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу» мемлекеттік қызметін таңдау қажет, 1,2 кезеңдер.Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібіндегі қажетті құжаттардың тізбесі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығымен бекітілген Жер қатынастары саласында мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында көрсетілген. |
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібіндегі қажетті құжаттардың тізбесі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығымен бекітілген Жер қатынастары саласында мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында көрсетілген. |
|
|
20 |
«Жетісу облысының жер қатынастары басқармасы» ММ |
Ветеринариялық қауіпсіздік |
Қаңғыбас иттер мен мысықтарға қатысты қандай іс-шаралар өткізіледі? |
Қаңғыбас жануарлар, қаңғыбас жануарларды аулау, қаңғыбас жануарларды анықтау және жансыздандыру, иесіз және қаңғыбас жануарларды уақытша ұстау, сондай-ақ оларды сәйкестендіру шаралары жүргізіледі. |
2021 жылғы 30 желтоқсандағы № 97-VII ҚР Заңы «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Қазақстан Республикасында жануарларға адамгершілікпен және қауіпсіздікпен қарауды қамтамасыз етуге бағытталған. Негізгі ережелер: Қаңғыбас жануарларды аулау және жою: Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және қажет болған жағдайда жою, адам мен жануарлардың денсаулығына қауіп төндірмеу мақсатында жүзеге асырылады. Бұл әрекеттер санитарлық-эпидемиологиялық және ветеринарлық салауаттылықты қамтамасыз етуге бағытталған. Уақытша ұстау және сәйкестендіру: Қараусыз және қаңғыбас жануарлар арнайы орындарда уақытша ұсталуы тиіс. Олар сәйкестендіріліп, тіркеледі, бұл олардың есебін жүргізуге мүмкіндік береді. Вакцинация және зарарсыздандыру: Қаңғыбас жануарлар вакцинацияланып, зарарсыздандырылады. Бұл шаралар жұқпалы аурулардың, әсіресе құтырудың алдын алуға бағытталған. Жергілікті ережелер: Ұлытау облысында 2022 жылғы 23 қарашада № 10/70 және № 71 шешімдермен жануарларды аулау, уақытша ұстау және жою, сондай-ақ үй жануарларын ұстау және серуендету қағидалары бекітілді. Бұл қағидалар облыс аумағында жануарлармен жұмыс істеу тәртібін реттейді. Бюджеттік бағдарламалар: Ұлытау облысының ветеринария басқармасы келесі бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі болып табылады: 010 – Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жоюды ұйымдастыру. Қараусыз және қаңғыбас жануарларды уақытша ұстау 033 – Қараусыз және қаңғыбас жануарларды сәйкестендіру 034 – Қаңғыбас жануарларды вакцинациялау және зарарсыздандыру 035 – Иелері әлеуметтік осал топтарға жататын үй жануарларын сәйкестендіру Бұл шаралар жануарлардың санын бақылауға, адам мен жануарлардың денсаулығын қорғауға және қоғамда адамгершілік қағидаттарын нығайтуға бағытталған. |
2021 жылғы 30 желтоқсандағы № 97-VII ҚР Заңы «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Қазақстан Республикасында жануарларға адамгершілікпен және қауіпсіздікпен қарауды қамтамасыз етуге бағытталған. |
|
|
21 |
«Жетісу облысының жер қатынастары басқармасы» ММ |
Фитосанитарлық қауіпсіздік |
Пестицидтерді мемлекеттік тіркеу қалай жүзеге асырылады? |
Пестицидтерді мемлекеттік тіркеу Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 4-4/61 бұйрығымен бекітілген Пестицидтерді тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтарынан өткізу және мемлекеттік тіркеу қағидаларға (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес пестицидтерді тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтардың қорытындылары бойынша жүргізіледі.
Пестицидтерді мемлекеттік тіркеуді жүргізуге өтінімді тіркелуші (өтініш беруші) жоғарыда көрсетілген Қағидалардың негізгі талаптарының тізбесінің 8-тармағында көрсетілген Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы электрондық нысанда ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетіне беріледі. |
Пестицидтерді мемлекеттік тіркеу Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті (бұдан әрі – Комитет) жеке және заңды тұлғаларға тегін негізде көрсетілетін мемлекеттік қызмет болып табылады. Пестицидтерді мемлекеттік тіркеуді жүргізуге өтінім тіркелуші (өтініш беруші) жоғарыда көрсетілген Қағидалардың негізгі талаптарының тізбесінің 8-тармағында көрсетілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 4-4/61 бұйрығымен бекітілген Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы электрондық нысанда Комитетке беріледі. Тіркеу процессі препараттың құрамына байланысты 12-24 ай ішінде (1-2 толық вегетациялық маусым) өтеді (биологиялық заииарға негізделген пестицидтер үшін – 12 ай (1 толық вегетациялық маусым). Пестицидті тіркеуден бұрын ұсақмөлдекті және өндірістік сынақтар жүргізу, пестицидтердің қалдық мөлшеріне токсикологиялық бағалау жүргізу және қоршаған ортаны қорғау саласындағы және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдардың келісімін алу талап етіледі. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет қорытындылары бойынша тіркелушіге (өтініш берушіге) Қазақстан Республикасының аумағында пестицидті әкелуге, өндіруге (формуляциялауға), сақтауға, тасымалдауға, өткізуге және қолдануға рұқсат беретін пестицидке тіркеу куәлігі беріледі. Пестицидті тіркеу куәлігінің қолданылу мерзімі 10 жылды құрайды. Мемлекеттік тіркеуден өткен пестицидтерді Комитет пестицидтер тізіміне енгізеді. Пестицидтерді тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтарынан өткізу және мемлекеттік тіркеу қағидаларына сәйкес: 1) егер қажетті мақсаттағы пестицидтер болмаса, таралуы өсімдіктер мен өсімдік өніміне айтарлықтай зиян келтіруге, фитосанитариялық ахуалдың нашарлауына алып келуі мүмкін жекелеген зиянды және аса қауіпті зиянды организмдерге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында алғаш рет анықталған карантинді объектілерге қарсы күрес; 2) тәуекелі төмен биологиялық препараттар үшін екі жылдан аспайтын мерзімге пестицидтерді уақытша тіркеуге жол беріледі. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының шешімдеріне сәйкес тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтарынан өткізу және (немесе) ғылыми зерттеулер жүргізу үшін тіркелмеген өсімдіктерді қорғау құралдарының (пестицидтердің) үлгілерін әкелуге арналған қорытынды (рұқсат беру құжаты) негізінде тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтарынан өткізу және (немесе) ғылыми зерттеулер жүргізу үшін әкелінетін тәжірибелік үлгілерді қоспағанда, мемлекеттік тіркеуден өтпеген пестицидтерді, сондай-ақ тіркелмеген пестицидтерді өндіруге (формуляциялауға) арналған бастапқы құрамдастарды өндіруге (формуляциялауға), әкелуге, сақтауға, тасымалдауға, өткізуге және қолдануға тыйым салынады. |
Пестицидтерді мемлекеттік тіркеу Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті (бұдан әрі – Комитет) жеке және заңды тұлғаларға тегін негізде көрсетілетін мемлекеттік қызмет болып табылады |
|
|
22 |
«Жетісу облысының жер қатынастары басқармасы» ММ |
Фитосанитарлық қауіпсіздік |
Фитосанитарлық сертификат қандай өнімдерге қажет? |
Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 18 маусымдағы № 318 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасында және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында карантиндік фитосанитариялық бақылауға (қадағалауға) жататын карантинге жатқызылған өнімнің (карантинге жатқызылған жүктер, карантинге жатқызылған материалдар, карантинге жатқызылған тауарлар) тізбесіне сәйкес фитосанитариялық сертификат карантинге жатқызылған жоғары фитосанитариялық тәуекел өніміне талап етіледі |
Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 18 маусымдағы № 318 шешіміне (бұдан әрі – Шешім) сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасында және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында карантиндік фитосанитариялық бақылауға (қадағалауға) жататын карантинге жатқызылған өнімнің (карантинге жатқызылған жүктердің, карантинге жатқызылған материалдардың, карантинге жатқызылған тауарлардың) тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) бекітілді. Фитосанитариялық сертификат Тізімге сәйкес жоғары фитосанитариялық қауіпті карантинге жатқызылған өнімге талап етіледі. Осы тізбені пайдалану мақсаттары үшін тауардың атауын да, Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының кодын да басшылыққа алу қажет. Бұл ретте Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелу және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер арасында өткізу кезінде фитосанитариялық тәуекелі жоғары карантинге жатқызылған өнімдер (карантинге жатқызылған жүктер, карантинге жатқызылған материалдар, карантинге жатқызылған тауарлар) ғана фитосанитариялық сертификатпен міндетті түрде сүйемелденуге жатады. Шешімнің 3.1-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін карантинге жатқызылған өнім тізбесіне енгізілген карантинге жатқызылған өнімнің әрбір партиясы карантиндік фитосанитариялық бақылауға (қадағалауға) жатады. Сонымен қатар, экспорт кезінде экспорттаушы елдің фитосанитариялық қызметінің талаптарын сақтау міндеттілігін атап өту қажет. Сұрақтар туындаған кезде карантиндік фитосанитариялық бақылауға жататын карантинге жатқызылған өнімнің СЭҚ ТН атауы мен коды көрсетілген Тізбені басшылыққа алуды ұсынамыз. |
Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 18 маусымдағы № 318 шешіміне (бұдан әрі – Шешім) сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасында және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында карантиндік фитосанитариялық бақылауға (қадағалауға) жататын карантинге жатқызылған өнімнің (карантинге жатқызылған жүктердің, карантинге жатқызылған материалдардың, карантинге жатқызылған тауарлардың) тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) бекітілді. |
|
|
23 |
«Жетісу облысының жер қатынастары басқармасы» ММ |
Фитосанитарлық қауіпсіздік |
Пестицидтердi ұсақмөлдекті сынақтардан өткізуге арналған өтiнiмді қалай және қайда беріледі? |
1) Пестицидтерді тіркеу (ұсақмөлдекті) сынақтарын өткізуге арналған өтiнiм өткен жылдың 10 желтоқсанынан бастап ағымдағы жылдың 1 ақпанына дейін «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы ҚР АШМ агроөнеркәсіптік кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетіне (бұдан әрі – Комитет) электрондық нысанда беріледі. 2) Тіркелуші (өтініш беруші) ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 4-4/61 бұйрығымен бекітілген Пестицидтерді тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтарынан өткізу және мемлекеттік тіркеу қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) Негізгі талаптар тізбесіне сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынған жағдайда, Комитет ұсақмөлдекті сынақтардан өткізуге арналған құжаттарды қарайды және мына шешімдердің бірін қабылдайды: осы Қағидаларға 2-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсақмөлдекті сынақтардан өткізу жоспарына енгізу үшін өтінімді қабылдау туралы хабарламала беру туралы; 2) осы Қағидаларға 14-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тартуды беру туралы. |
Пестицидтерді тіркеу (ұсақмөлдекті) сынақтарын өткізуге арналған өтiнiм өткен жылдың 10 желтоқсанынан бастап ағымдағы жылдың 1 ақпанына дейін «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы ҚР АШМ агроөнеркәсіптік кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетіне (бұдан әрі – Комитет) электрондық нысанда беріледі. Пестицидтерді тіркеу (ұсақмөлдекті) сынақтарын жүргізуге өтінімді тіркелуші (өтініш беруші) ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 4-4/61 бұйрығымен бекітілген Пестицидтерді тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтарынан өткізу және мемлекеттік тіркеу қағидалардың (бұдан әрі – Қағидалар) 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Негізгі талаптарының тізбесінің 8-тармағында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып береді. Пестицидтi ұсақмөлдекті сынақтардан өткізуге арналған өтінім әр пестицидке жеке толтырылады. Пестицидтің атауы белгіленген тәртіппен тіркелген пестицидтердің атауларынан өзгеше болуы тиіс. Пестицидтің атауы тек цифрлардан тұрмауға, пестицидтің қасиеттері мен шығу тегі туралы жаңылыстырмауға тиіс. Тіркелуші (өтініш беруші) Негізгі талаптар тізбесіне сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынған жағдайда, Комитет ұсақмөлдекті сынақтардан өткізуге арналған құжаттарды қарайды және мына шешімдердің бірін қабылдайды: 1) осы Қағидаларға 2-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсақмөлдекті сынақтардан өткізу жоспарына енгізу үшін өтінімді қабылдау туралы хабарламала беру туралы; 2) осы Қағидаларға 14-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тартуды беру туралы.. Мынадай жағдайларда пестицидтерді ұсақмөлдекті сынақтардан өткізуге рұқсат етілмейді, егер: 1) пестицидтердiң әрекет етуші заттары немесе пестицидтің өзі өте уыттыға жатса, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ратификациялаған конвенциялардың тізбелеріне және «Қазақстан Республикасында қолдануға тыйым салынған әлеуетті қауіпті химиялық, биологиялық заттардың тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-276/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21804 болып тіркелген) сәйкес Қазақстан Республикасында қолдануға тыйым салынған әлеуетті қауіпті химиялық, биологиялық заттардың тізіліміне енгізілсе; 2) пестицидтердiң әсер етуші заттары немесе пестицидтің өзі Қазақстан Республикасының патенттерімен қорғалса; 3) Қазақстан Республикасында және Еуразиялық экономикалық одақ мүше мемлекеттерінде ұқсас дақылдардағы және дәл сондай зиянды организмдерге, аса қауіпті зиянды организмдерге, карантиндік объектілерге және бөтентекті түрлерге қарсы қолданылатын бұрын тіркелген пестицидтерден ерекшеленетін, шығыс нормалары төмендетiлген пестицидті сынауға өтінім берілсе. Пестицидтерді ұсақмөлдекті сынақтардан өткізу мерзiмдері: 1) биологиялық заттар негізіндегі пестицидтерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында тіркелмеген, жаңа әсер етуші заттары бар пестицидтер үшін – 24 айды (2 толық вегетациялық маусымды); 2) белгілі әсер етуші заттары бар пестицидтер, оның ішінде құрамдастырылған препараттар үшін тіркелген пестицидтерді пайдалану (қолдану) аясы кеңейтiлген, олардың рецептурасы мен препараттық нысаны, әсер етуші заттың пайыздық мөлшерi өзгерген кезде – 12 айды (1 толық вегетациялық маусымды); 3) биологиялық зат (-тар) негізіндегі пестицид үшін – 12 айды (1 толық вегетациялық маусымды) құрайды. |
Тіркелуші (өтініш беруші) ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 4-4/61 бұйрығымен бекітілген Пестицидтерді тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтарынан өткізу және мемлекеттік тіркеу қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) Негізгі талаптар тізбесіне сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынған жағдайда, Комитет ұсақмөлдекті сынақтардан өткізуге арналған құжаттарды қарайды және мына шешімдердің бірін қабылдайды: |
|
|
24 |
«Жетісу облысының жер қатынастары басқармасы» ММ |
Жер мәселелері |
Жеке меншікке жер учаскелерін тегін беру нормалары қандай? |
Жер учаскелерін жеке меншікке тегін беру нормалары келесідей: 1) Ауылдық жерлерде суарылмайтын жерлерде 0,25 га және суармалы жерлерде 0,15 га; 2) жеке тұрғын үй құрылысы үшін – 0,10 га; 3) бау-бақша, сондай-ақ саяжай құрылысы үшін – 0,12 га. |
Қазақстан азаматтарының белгілі бір мақсаттар үшін мемлекеттен бір рет тегін жер учаскесін жеке меншікке алуға құқығы бар. Бұл учаскелердің мөлшері Жер кодексінің 50-бабында белгіленген: 1) ауылдық жерлерде өзiндiк қосалқы шаруашылық (үй маңындағы және егiстiк телiмдердi қоса алғанда) жүргiзу үшiн - суарылмайтын жерде 0,25 гектар және суармалы жерде 0,15 гектар; 2) жеке тұрғын үй құрылысы үшiн (ЖТҚ) - 0,10 гектар; 3) бағбандық, сондай-ақ саяжай құрылысы үшiн - 0,12 гектар. Жер кодексінің 44-бабының 6-тармағына сәйкес, ЖТҚ үшін жер учаскелері Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелері су және электрмен жабдықтау желілерімен қамтамасыз етілген алаңдарда кезек тәртібімен және алаңдарды бөлуге дайындауға қарай немесе жеке тұрғын үй құрылысы үшін пайдаланылатын бос аумақтар болған кезде беріледі. Қазақстан Республикасының азаматтарына жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін олардың өтініштерін арнаулы есепке қоймай беруге тыйым салынады. Өзiндiк қосалқы шаруашылықты (үй маңындағы телiм) жүргiзу және жеке тұрғын үй салу үшiн жер учаскелерін жеке меншікке тегін беру жер учаскелері игерілгеннен кейін жүргізіледі. Азамат ЖТҚ үшін жер учаскелері бойынша арнайы есепке тұру үшін электрондық үкімет порталы (eGov.kz) арқылы «Жер учаскесін алу кезегіне қою» мемлекеттік қызметін пайдалануы қажет. Кезек келген жағдайда, азамат сұратылатын жер учаскесінің орналасқан жеріне байланысты «Кент, ауыл жерінен жер учаскесін беру» және «Республикалық маңызы бар қала, астана, облыстық және аудандық маңызы бар қалалар шегінде жер учаскесіне құқықтарды алу» мемлекеттік қызметтеріне сәйкес жер учаскесін алу үшін өтініш береді. Жеке қосалқы шаруашылықты немесе саяжай құрылысын жүргізу үшін жер учаскесін алу үшін азамат «Кент, ауыл жерінен жер учаскесін беру» мемлекеттік қызметін пайдалануы қажет. Бағбандық үшін жер учаскесін алу үшін азамат «Мемлекеттік меншіктегі, сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін жер учаскелеріне құқықтарды алу» мемлекеттік қызметіне сәйкес өтініш береді. |
Қазақстан азаматтарының белгілі бір мақсаттар үшін мемлекеттен бір рет тегін жер учаскесін жеке меншікке алуға құқығы бар. Бұл учаскелердің мөлшері Жер кодексінің 50-бабында белгіленген: |
|
|
25 |
«Жетісу облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ |
Халықты жұмыспен қамту мәселелері бойынша |
Қоғамдық жұмыстарға қатысуға кімдердің құқығы бар? |
Қоғамдық жұмыстарға қатысуға: 1) жұмыссыздардың; 2) денсаулығына зиян келтірмейтін және оқу процесін бұзбайтын жұмыстарға оқудан бос уақытта студенттердің және жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушыларының; 3) тоқтап тұруға байланысты жұмыспен қамтамасыз етілмеген адамдардың құқығы бар.
|
«Субсидияланатын жұмыс орындарының, субсидияланатын жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылатын адамдарға қойылатын талаптардың, олардың жалақысын субсидиялау мөлшерлері мен мерзімдерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 15 маусымдағы № 476 қаулысымен қоғамдық жұмыстарға жұмысқа орналастырылатын адамдарға мына талаптар белгіленді: 1) жасы: 16 жастан бастап Әлеуметтік кодекстің 207-бабының 1-тармағымен белгіленген зейнеткерлік жасқа толғанға дейін; 2) мына әлеуметтік мәртебелердің бірінің болуы: - жұмыссыздар ретінде тіркелген адамдар; - оқудан бос уақытта студенттер және жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушылары; - өндірістің тоқтап тұруына байланысты жұмыспен қамтамасыз етілмеген адамдар. Осылайша, қоғамдық жұмыстарға қатысуға: 1) жұмыссыздар ретінде тіркелген адамдар; 2) оқудан бос уақытта студенттер және жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушылары; 3) өндірістің тоқтап тұруына байланысты жұмыспен қамтамасыз етілмеген адамдардың құқығы бар. |
Доступ к статье Доступно всем (административным органы + заявители)
Халықты жұмыспен қамту мәселелері бойынша |
Қоғамдық жұмыстар студенттер жұмыспен қамтылғандар
|
|
26 |
«Жетісу облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ |
Халықты жұмыспен қамту мәселелері бойынша |
Қазіргі уақытта мүгедектігі бар адамдарды жұмыспен қамту үшін қандай шаралар қабылдануда? |
Жұмыс іздеп жүрген адамдар, жұмыссыздар және азаматтардың жекелеген санаттары, оның ішінде мүгедектігі бар адамдар еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар мен біліктіліктер бойынша қысқа мерзімді оқыту курстарынан, жұмыс орнында оқытудан, «Электрондық еңбек биржасы» (бұдан әрі – ЭЕБ) базасында онлайн оқытудан өте алады (skills.enbek.kz), сондай-ақ бизнес-идеяларды іске асыру үшін өтеусіз мемлекеттік гранттар алу мүмкіндігі бар. Бұдан басқа мемлекет субсидиялайтын жұмыс орындарына және бос орындарға жұмысқа орналастыру көзделген. Жергілікті атқарушы органдар мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын арнайы жарақтандыруға байланысты жұмыс берушілердің шығындарын субсидиялау үшін жұмыс орындарын квоталауды белгілейді.
|
Жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету жөніндегі шаралар Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) шеңберінде іске асырылады. Кодекс шеңберінде жұмыс іздеп жүрген адамдар, жұмыссыздар және азаматтардың жекелеген санаттары, оның ішінде мүгедектігі бар адамдар еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар мен біліктіліктер бойынша қысқа мерзімді оқыту курстарынан, жұмыс орнында оқытудан, «Электрондық еңбек биржасы» (бұдан әрі – ЭЕБ) базасында онлайн оқытудан өте алады (skills.enbek.kz), сондай-ақ бизнес-идеяларды іске асыру үшін өтеусіз мемлекеттік гранттар алу мүмкіндігі бар. Бұдан басқа мемлекет субсидиялайтын жұмыс орындарына және ЭЕБ порталында орналасқан бос орындарға жұмысқа орналастыру көзделген. Сонымен бірге Кодекске сәйкес жергілікті атқарушы органдар мүгедектер үшін ауыр жұмыстардағы, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есепке алмағанда, жұмыс істейтіндердің жалпы санының 2-ден 4%-на дейін (кемінде 50 адам) мөлшерінде жұмыс орындарына квота белгілейді. Осыған байланысты мүгедек адамдардың жұмыс орындарын квоталау шеңберінде кәсіпорындар оларды ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан жұмысқа орналастыруға міндетті. Бұдан басқа, 2018 жылдан бастап халықаралық тәжірибені ескере отырып, мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын арнайы жарақтандыруға байланысты жұмыс берушілердің шығындарын субсидиялау тәртібі енгізілген. Жұмыс берушілерге субсидия арнайы жұмыс орындарын жарақтандыру үшін жабдықтарды сатып алу, монтаждау және орнатуға арналған шығындарды өтеу мақсатында беріледі. 2023 жылдан бастап арнайы жабдықтарталған жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан мүгедектігі бар адамдардың жалақысы үш жыл ішінде субсидияланады: - бірінші жылы жалақының 70% мемлекет субсидиялайды (бұл ретте субсидияланатын бөлігі 30 АЕК аспауы тиіс (117,9 мың теңге), 30%-ын жұмыс беруші субсидиялайды; - екінші жылы 65% - мемлекет, ал 35% - жұмыс беруші; - үшінші жылы 60% - мемлекет, ал 40% - жұмыс беруші. Айлық есептік көрсеткіш (АЕК) 2025 жылы 3 932 теңгені құрайды. |
мүгедектігі бар адамдардың субсидияланатын жұмыс орындары жұмыс орындарын квоталау арнайы жұмыс орындары
|
|
|
27 |
«Жетісу облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ |
Халықты жұмыспен қамту мәселелері бойынша |
Бизнес-идеяларды іске асыруға арналған гранттар қандай мақсаттарға және қанша рет беріледі? |
Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған гранттар бір рет беріледі және нысаналы мақсаты бойынша қажетті еңбек құралдарын, мүкәммалды, технологиялық жабдықты, жануарларды, малды, құстарды, көшеттерді, бұталарды, тұқымдарды, көшеттерді сатып алу, үй-жайларды жалдау ақысын төлеу үшін беріледі. |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 272 бұйрығымен бекітілген Кәсіпкерлік бастамаға жәрдемдесу жөніндегі шараларды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларының (бұдан әрі - Қағидалар) 12-тармағымен гранттар бір рет беріледі және нысаналы мақсаты бойынша қажетті еңбек құралдарын, мүкәммалды, технологиялық жабдықты, жануарларды, малды, құстарды, көшеттерді, бұталарды, тұқымдарды, көшеттерді сатып алу, коммерциялық жылжымайтын мүлік объектілерінің, сондай-ақ сауда объектілерінің, оның ішінде жалға алу, пайдалану, сенімгерлік басқару құқығындағы сауда объектілерінің аумағында жаңа бизнес идеяларды іске асыруға арналған үй-жайларды жалдау ақысын төлеу үшін беріледі. Бұл ретте жұбайынан (зайыбынан), жақын туыстарынан еңбек құралдары, мүкәммал, технологиялық жабдық, жануарлар, мал, құстар, көшеттер, бұталар, тұқымдар, көшеттер сатып алынбайды, сондай-ақ жаңа бизнес идеяларды іске асыруға үй-жайлар жалға алынбайды. Гранттар тұтынушылық мақсаттарға, кредиттік қарыздарды өтеуге, жылжымайтын тұрғын үй сатып алуға және салуға, жер учаскелерін сатып алуға, акцизделетін өнімдер өндіруге берілмейді. |
Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған гранттар нысаналы мақсаты бойынша қажетті еңбек құралдарын, мүкәммалды технологиялық жабдықты сатып алуға беріледі
|
|
|
28 |
«Жетісу облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ |
Халықты жұмыспен қамту мәселелері бойынша |
Жастар практикасына қатысушылар үшін жалақы мөлшері қандай? |
Жастар практикасына қатысушы жалақысының бір айдағы мөлшері экологиялық үстемеақылар бойынша төлемдерді есепке алмағанда, салықтарды, міндетті әлеуметтік аударымдарды, пайдаланылмаған еңбек демалысы үшін өтемақыны ескергенде 30 айлық есептік көрсеткішті (2025 жылы 3 932 теңге) құрайды. |
«Субсидияланатын жұмыс орындарының, субсидияланатын жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылатын адамдарға қойылатын талаптардың, олардың жалақысын субсидиялау мөлшерлері мен мерзімдерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 15 маусымдағы № 476 қаулысына сәйкес жұмыссыздың жалақысының бір айдағы мөлшері экологиялық үстемеақылар бойынша төлемдерді есепке алмағанда, салықтарды, міндетті әлеуметтік аударымдарды, пайдаланылмаған еңбек демалысы үшін өтемақыны ескергенде 30 айлық есептік көрсеткішті құрайды. Айлық есептік көрсеткіш (АЕК) 2025 жылы 3 932 теңгені құрайды.
|
Жұмысқа орналастыру жалақы жастар практикасы субсидияланатын жұмыс орындары қоғамдық жұмыстар
|
|
|
29 |
«Жетісу облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ |
Халықты жұмыспен қамту мәселелері бойынша |
Жұмыспен қамту органдары гранттарды қандай сомада береді? |
Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған гранттар 400 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде беріледі (2025 жылы 1 572 800 теңге).
|
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 272 бұйрығымен бекітілген Кәсіпкерлік бастамаға жәрдемдесу жөніндегі шараларды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларының 11-тармағымен жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған гранттар халықтың әлеуметтік осал топтары қатарындағы адамдарға конкурстық негізде 400 еселенген айлық есептік көрсеткіштің мөлшеріне (2025 жылы 1 572 800 теңге) дейін беріледі.
|
Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған гранттар нысаналы мақсаты бойынша қажетті еңбек құралдарын, мүкәммалды технологиялық жабдықты сатып алуға беріледі |
|
|
30 |
«Жетісу облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ |
Әлеуметтік көмек мәселелері бойынша |
Атаулы әлеуметтік көмек кімге тиесілі? |
Атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда және елордада белгіленген кедейлік шегінен аспайтын орташа жан басына шаққандағы табысы бар жеке тұлғаға немесе отбасына Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 120-бабы 4-тармағына сәйкес шартсыз немесе шартты ақшалай көмек түрінде беріледі. |
Қазақстан Республикасында атаулы әлеуметтік көмек (ӘӘК) жан басына шаққандағы табысы өңірде белгіленген кедейлік шегінен төмен азаматтар мен отбасыларға беріледі. Атаулы әлеуметтік көмекті кімдер ала алады? Аз қамтылған отбасылар – егер отбасының жан басына шаққандағы табысы өңірдегі ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-ынан төмен болса. Жалғызбасты азаматтар, табысы төмен жағдайда. Көпбалалы отбасылар, егер олардың табысы кедейлік шегінен төмен болса. Мүгедек балалары бар отбасылар, табысы төмен болған жағдайда. Жұмыссыз және аз қамтылған азаматтар, егер олар жұмыспен қамту орталықтарында тіркелген болса. ӘӘК қандай түрлері бар? 1. Шартсыз көмек – еңбекке жарамды мүшелері жоқ отбасыларға беріледі (мысалы, тек зейнеткерлер, мүгедектер, көпбалалы аналар және т.б.). 2. Шартты көмек – отбасында еңбекке жарамды адамдар бар болса, олар жұмыспен қамту бағдарламаларына қатысқан жағдайда беріледі. Қалай өтініш беруге болады? - eGov.kz порталы арқылы. - Жергілікті әкімдіктердің жұмыспен қамту және әлеуметтік бөлімдерінде. ӘӘК алу критерийлеріне сәйкестігіңізді анықтау үшін отбасы құрамы, табыстары және басқа да жағдайлар туралы құжаттарды ұсыну қажет. |
Қазақстан Республикасының әлеуметтік кодексі |
Атаулы әлеуметтік көмек
|
|
31 |
«Жетісу облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ |
Әлеуметтік көмек мәселелері бойынша |
Атаулы әлеуметтік көмек алуға кімдер үміткер бола алады? |
Атаулы әлеуметтік көмек жан басына шаққандағы орташа кірісі облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда және астанада белгіленген кедейлік шегінен аспайтын Қазақстан Республикасының азаматтарына, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын қандастарға, босқындарға, шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға беріледі. Егер әрбір отбасы мүшесінің табысы осы көрсеткіштен төмен болса, бұл айырмашылық атаулы әлеуметтік көмектің (АӘК) мөлшерін құрайды. |
Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын, жан басына шаққандағы орташа табысы облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада белгіленген кедейлік шегінен төмен Қазақстан Республикасының азаматтары, қандастар, босқындар, шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар. Егер әрбір отбасы мүшесінің табысы осы көрсеткіштен төмен болса, бұл айырмашылық атаулы әлеуметтік көмектің (АӘК) мөлшерін құрайды. Өзімен бірге Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктің жеке куәлігі не тұруға ықтиярхаты, азаматтығы жоқ адамның куәлігі, босқын куәлігі, ал қандастар үшін – қандас куәлігі болуы жеткілікті. Бұрын талап етілген барлық басқа құжаттар мен мәліметтер бұдан былай мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен автоматты түрде алынады, ақпараттық жүйелерде деректер болмаған немесе дұрыс болмаған жағдайда тиісті мемлекеттік органдарға сұрау салу жіберіледі. Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тартылатын еңбекке қабілетті отбасы мүшелері жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркелуге өтініш береді. Ескертпе: атаулы әлеуметтік көмекті қарауды және тағайындауды жеделдету үшін өз бастамасы бойынша өтініш берушінің құжаттардың көшірмесін қағаз жеткізгіште ұсынуға құқығы бар. Сізге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалғанын тексеру үшін Egov порталында онлайн-режимде тиісті ақпаратты алуға болады. |
Атаулы әлеуметтік көмек
|
|
|
32 |
«Жетісу облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ |
Медициналық көмек және медициналық сақтандыру (МӘМС) |
Тиісті медициналық көмек көрсетілмеген жағдайда қайда жүгіну керек? |
Тиісті емдеуді қамтамасыз етпеген медицина қызметкерлерінің іс-әрекеттеріне ресми шағым беру үшін тиісті денсаулық сақтау органына хабарласыңыз. |
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, әрбір азамат сапалы медициналық көмек алуға құқықты, ал медициналық ұйымдар қызметтерді белгіленген стандарттар мен нормаларға сәйкес көрсетуге міндетті. Сіздің жағдайыңызда медициналық көмек уақытында және тиісті деңгейде көрсетілуі керек еді, барлық қажетті процедуралар сақталуы қажет. Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 4-бөлігіне сәйкес шағым әкімшілік органға, әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын лауазымды адамға беріледі. Шағымды әрі қарай қарау үшін келесі әрекеттерді орындауды ұсынамыз: Тиісті емдеуді қамтамасыз етпеген медицина қызметкерлерінің іс-әрекеттеріне ресми шағым беру үшін тиісті денсаулық сақтау органына хабарласыңыз. Қайта диагностикалау және тиісті ем алу үшін медициналық мекемеге хабарласыңыз. Сіз мамандарға жолдама, сондай-ақ пациенттің жағдайын түзету үшін қажетті емдеу талаптарын сұрауға құқылысыз. Тиісті назар мен емдеудің жоқтығын көрсете отырып, жергілікті медициналық мекемелердің әрекетсіздігіне шағымданып, аумақтық денсаулық сақтау органдарына жүгіну. Егер жағдай жергілікті деңгейде шешілмесе, құқықтарды қорғау үшін сотқа шағымдануға болады. Қосымша, егер медициналық міндеттерді орындауда немқұрайлылық немесе тиісті көмек көрсетілмеген жағдайда, жауапкершілік медициналық мекеме мен қызметкерлерге жүктеледі және бұл әкімшілік немесе қылмыстық шараларға әкелуі мүмкін. |
http://10.61.42.188/kaz/docs/K2000000360, http://10.61.42.188/kaz/docs/K2000000350 |
әрекетке (әрекетсіздікке) шағым |
|
33 |
«Жетісу облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ |
Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар |
Қандай адамдарға Қазақстан Республикасының аумағына дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды әкелуге рұқсат етіледі? |
Дәрілік заттарды көтерме саудада өткізуді жүзеге асыратын өндірушілерге, субъектілерге, ғылыми-зерттеу ұйымдарына, әзірлеуге және мемлекеттік тіркеуге арналған зертханаларға, медициналық қызметті жүзеге асыру үшін шетелдік өндірушілерге, Денсаулық сақтау ұйымдарына. |
"Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды Қазақстан Республикасының аумағына әкелу жүзеге асырылуы мүмкін: 1) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өндірушілер; 2) дәрілік заттарды көтерме саудада өткізуді жүзеге асыратын субъектілер; 3) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды әзірлеу және мемлекеттік тіркеу үшін ғылыми-зерттеу ұйымдары, зертханалар; 4) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды шетелдік өндірушілер мемлекеттік тіркеу, клиникалық зерттеулер және (немесе) сынақтар кезінде сараптама жүргізу үшін және Қазақстан Республикасында дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар өндірушілердің көрмелеріне қатысу үшін; 5) медициналық қызметті жүзеге асыру үшін денсаулық сақтау ұйымдары. |
дәрілік заттарды әкелу, медициналық бұйымдарды әкелу |
|
|
34 |
«Жетісу облысының білім басқармасы» ММ |
Орта білім беру
|
Мамандандырылған мектептерге құжаттар кашан қабылданады? |
Құжаттар ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 ақпанынан бастап 15 сәуір аралығында қабылданады |
Мамандандырылған мектептерге (мысалы, НЗМ, РФММ, Дарын, БИЛ т.б.) құжаттар қабылдау онлайн түрде, ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 ақпанынан бастап 15 сәуір аралығында жүргізіледі жүргізіледі. Әр мектептің өз ережесі мен қабылдау платформасы бар |
құжаттар қабылдау онлайн түрде, ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 ақпанынан бастап 15 сәуір аралығында жүргізіледі жүргізіледі. Әр мектептің өз ережесі мен қабылдау платформасы бар |
|
|
35 |
«Жетісу облысының білім басқармасы» ММ |
Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету |
Оқулықтардың электронды нұсқалары қолжетімді ме? |
Білім беру ұйымдарында пайдалануға ұсынылған барлық оқулықтардың электрондық нұсқалары Министрліктің сайтында орналастырылған және https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/documents/details/734002?lang=ru сілтемесі бойынша қолжетімді. |
Білім беру ұйымдарында пайдалануға ұсынылған барлық оқулықтардың электрондық нұсқалары Министрліктің сайтында орналастырылған және https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/documents/details/734002?lang=ru сілтемесі бойынша қолжетімд |
https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/documents/details/734002?lang=ru |
ілім беру ұйымдарында пайдалануға ұсынылған барлық оқулықтардың электрондық нұсқалары |
|
36 |
«Жетісу облысының білім басқармасы» ММ |
Мектепке дейінгі білім беру |
Баланы балабақшаға кезекке қалай қояды? |
Кезекке қоюды ата-анасы немесе заңды өкілі Үкіметтің веб-порталы немесе басқа ақпараттандыру объектілері (жергілікті атқарушы органдардың ақпараттық жүйелері) арқылы жүзеге асырады. |
электрондық үкімет порталындағы онлайн-сервис арқылы; "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ-на қажетті құжаттармен бару; сілтемелері қалалар мен аудандар әкімдіктерінің білім басқармалары мен бөлімдерінің сайттарында жарияланған порталдар арқылы. Онлайн өтініш беру үшін "Баланы балабақшаға кезекке қою" жеке сервисіне өту қажет. Өтінімде баланың ЖСН көрсетіп, қажетті балабақшаны белгілеп және ЭЦҚ көмегімен қол қою қажет. Осыдан кейін ұялы телефонға балабақшаға кезекке қою уақыты бойынша кезек нөмірі бар хабарлама келуі керек. Сол қағида бойынша әкімдіктердің сервистері де жұмыс істейді. Егер Сіз "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ арқылы өтініш беруді шешсеңіз, онда өзіңізбен бірге келесі құжаттар болуы қажет: баланың туу туралы куәлігі; ата-аналардың бірінің жеке куәлігі; ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы (бар болса); фтизиатор-дәрігердің қорытындысы (бар болса). |
Кезекке қоюды ата-анасы немесе заңды өкілі Үкіметтің веб-порталы немесе басқа ақпараттандыру объектілері |
|
|
37 |
«Жетісу облысының білім басқармасы» ММ |
Мектепке дейінгі білім беру |
Күнтізбелік жыл ішінде 6 жасқа толатын балаларды балабақшаларда және мектептердің, лицейлер мен гимназиялардың мектепалды сыныптарында оқыту және тәрбиелеу қалай жүзеге асырылады? |
Мектеп жасына дейінгі балалар отбасында немесе балабақшада, сондай-ақ мектепалды сыныптарда тәрбиеленеді. Топтардағы балалардың жасы күнтізбелік жылға есептеледі, сол себепті бір топта балалар бір оқу жылында тәрбиеленеді. Келесі оқу жылының басында ересек топқа ауыстырылады. Күнтізбелік жылда алты жасқа толатын балалар мектепке дейінгі ұйымдардан және мектепалды сыныптардан шығарыладыда 1-сыныпқа қабылданады |
Күнтізбелік жыл ішінде 6 жасқа толатын балалар балабақшаларда және мектептер, лицейлер мен гимназиялар жанындағы мектепке дейінгі сыныптарда тәрбиеленіп, оқытылуы мүмкін. Мектепке дейінгі балаларды кім оқытады? Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбие келесі орындарда жүргізіледі: отбасында; балабақшаларда (1 жастан бастап); мектептер, лицейлер және гимназиялар жанындағы мектепке дейінгі сыныптарда (5 жастан бастап). Балабақшаларда топтар қалай құралады? Баланың жасы күнтізбелік жыл бойынша есептеледі. Бір жастағы топтағы барлық балалар оқу жылы ішінде бірдей бағдарламаны меңгереді. Егер бала мектепке дейінгі даярлық бағдарламасын меңгерсе және осы күнтізбелік жылы 6 жасқа толса — ол мектепке дейінгі мекемеден шығарылады және 1-сыныпқа баруға құқылы. 1-сыныпқа кім қабылданады? 6 жасқа толған барлық балалар. Сондай-ақ, ағымдағы жылдың соңына дейін 6 жасқа толатын балалар — олар мектепке қайда және қанша уақыт дайындалғанына қарамастан қабылданады. Сонымен қатар, 1-сыныпқа қабылдану баланың дайындығының деңгейіне байланысты емес. Ең бастысы — баланың осы жыл ішінде тиісті жасқа жетуі. Тақырып Күнтізбелік жыл ішінде 6 жасқа толатын балаларды балабақшаларда және мектептердің, лицейлер мен гимназиялардың мектепалды сыныптарында оқыту және тәрбиелеу қалай жүзеге асырылады? |
Егер бала мектепке дейінгі даярлық бағдарламасын меңгерсе және осы күнтізбелік жылы 6 жасқа толса — ол мектепке дейінгі мекемеден шығарылады және 1-сыныпқа баруға құқылы. |
|
|
38 |
«Жетісу облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ |
Спорт |
Спорттық атақтар қалай беріледі? |
Спорттық атақтар мен санаттарды беру мәдениет және спорт министрлігінің № 56 және спорт агенттігінің № 300 бұйрықтарымен реттеледі (екеуі де 2014 ж.). |
Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері", "Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері", "Қазақстан Республикасының спорт шебері", "Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген жаттықтырушысы" және біліктілік санаттарын беру жөніндегі мемлекеттік қызмет: біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты жаттықтырушы, біліктілігі орта деңгейдегі жоғары санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты әдіскер, орта санатты әдіскер біліктілігі жоғары санатты нұсқаушы-спортшы, жоғары санатты біліктілігі жоғары деңгейдегі нұсқаушы-спортшы, жоғары санатты ұлттық спорт төрешісі, ұлттық спорт төрешісі "спорттық атақтар, разрядтар мен біліктілік санаттарын беру үшін нормалар мен талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің м. а. 2014 жылғы 28 қазандағы № 56 және "спорт және дене шынықтыру істері жөніндегі Агенттік Төрағасының 2014 жылғы 29 шілдедегі № 300" беру қағидаларын бекіту туралы " бұйрықтарына сәйкес көрсетіледі және спорттық атақтардан, разрядтардан және біліктілік санаттарынан айыру, төсбелгілер беру, сондай-ақ олардың сипаттамасы". |
Спорттық атақтарын беру |
|
|
39 |
«Жетісу облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ |
Спорт |
Халықаралық спорттық жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері үшін Қазақстанның жоғары оқу орындарына грантқа түсу қандай жарлық негізінде жүзеге асырылады?
|
Халықаралық спорттық жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері соңғы үш жылда конкурсқа сәйкес мамандығы бойынша конкурссыз жоғары оқу орындарына білім грантымен қабылданады (Президенттің 2021.09.13 № 659 Жарлығы, «Білім туралы» Заңның 26-бабы, Білім Министрлігінің 2022.07.15 № 326 бұйрығы).
|
Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 13 қыркүйектегі № 659 «Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» 2021 жылғы 1 қыркүйектегі «Халық бірлігі және жүйелі реформалар - ел өркендеуінің берік негізі» Жарлығымен дарынды балаларға (жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық пәндік олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне, Шығармашылық пәндер бойынша гранттар беруге бағытталған өзгерістер енгізілді. конкурсқа қатыспай жоғары оқу орындарына түсу үшін). Сонымен қатар, «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабына сәйкес білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен тізбе бойынша соңғы үш жылдағы халықаралық спорттық жарыстардың (бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталған) жеңімпаздары мен жүлдегерлері жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына білім беру грантын бере отырып, олардың негізінде қабылданады олар таңдаған мамандық олимпиада, конкурс немесе спорттық жарыс пәніне сәйкес келген жағдайда өтініштер. Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Білім Министрінің 2022 жылғы 15 шілдедегі № 326 Бірлескен бұйрығымен соңғы үш жылдың жеңімпаздары мен жүлдегерлері (бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталған) жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына білім беру грантын бере отырып қабылданатын халықаралық спорттық жарыстардың тізбесі бекітілді. |
грантқа түсу жарыстар
|
|
|
40 |
«Жетісу облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ |
Спорт |
Спорт ғимараттарының тізілімі дегеніміз не? |
Дене шынықтыру-сауықтыру тізілімі спорттық ғимараттар-мұндай нысандарды есепке алудың ақпараттық жүйесі. Ол мәліметтерді қамтиды атауы, мекенжайы, меншік иесі, енгізу күні туралы пайдалануға, функционалдық мақсатына, өткізу қабілеттілігіне, алаңына, персоналға, медицинаға, допинг-бақылауға арналған үй-жайлардың болуына және көрермен орындарының саны.
|
Дене шынықтыру-сауықтыру және спорт ғимараттарының тізілімі мәліметтерді есепке алуға және сақтауға арналған ақпараттық жүйе болып табылады дене шынықтыру-сауықтыру және спорт ғимараттары туралы. Дене шынықтыру-сауықтыру және спорт ғимараттары тізілімге енгізілуге жатады. Дене шынықтыру-сауықтыру және спорт ғимараттарының тізілімі мынадай міндетті мәліметтерді қамтиды: 1) дене шынықтыру-сауықтыру немесе спорт ғимаратының толық атауы; 2) дене шынықтыру-сауықтыру немесе спорт ғимаратының мекенжайы (орналасқан жері); 3) дене шынықтыру-сауықтыру немесе спорт ғимараты бар меншік иесі туралы мәліметтер; 4) пайдалануға берілген, реконструкциялау, күрделі жөндеу аяқталған күн; 5) Дене шынықтыру-сауықтыру немесе спорт ғимаратының функционалдық мақсаты; 6) біржолғы өткізу қабілеті; 7) дене шынықтыру-сауықтыру немесе спорт ғимараты орналасқан жер учаскесінің алаңы; 8) құрылыстарда қызмет көрсетуші персонал үшін орындардың болуы немесе болмауы; 9) медициналық қызмет көрсету және допинг-бақылау жүргізу үшін арнайы жабдықталған үй-жайлардың болуы немесе болмауы; 10) көрермендер орындарының саны. |
Спорт ғимараттарының тізілімі |
|
|
41 |
«Жетісу облысының білім басқармасы» ММ |
Техникалық және кәсіптік білім беру |
Оқу орталықтары, ЖШС берген куәліктер мемлекеттік үлгідегі білім туралы құжаттар, яғни техникалық және кәсіптік білім туралы диплом болып табыла ма? |
Оқу орталықтары, ЖШС және басқа ұйымдар берген куәліктер мемлекеттік үлгідегі білім туралы құжаттар болып саналмайды |
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 32-1-бабына сәйкес (бұдан әрі – Заң), кәсіптік даярлық белгілі бір жұмыс түрін орындау үшін қажетті жаңа немесе өзгерген кәсіптік дағдыларды білім алушылардың жедел меңгеруіне бағытталған. Кәсіптік даярлық білім алушының білім деңгейін арттырумен байланысты емес. Қызметкерлердің немесе жұмыс берушімен еңбек қатынастарында тұрмайтын өзге де адамдардың кәсіптік даярлығын жұмыс беруші тікелей кәсіпорын (ұйым) базасында, оқу орталықтарында, курстарда, сондай-ақ заңды тұлғалардың әр түрлі оқу-өндірістік құрылымдарында немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жүргізеді. Біліктілік емтиханын тапсырған адамдарға нақты мамандық бойынша тиісті біліктілік деңгейі беріледі және біліктілік беру туралы куәлік (сертификат) беріледі. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2015 жылғы 28 қаңтардағы № 39 бұйрығының 17-қосымшасында «Кәсіптік даярлау туралы куәлік» құжатының нысаны бекітілген. Сонымен бірге, Заңның 39-бабының 1-тармағына сәйкес қорытынды аттестаттаудан өткен білім алушыларға білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжат, яғни техникалық және кәсіптік білім беру туралы диплом беріледі. Сондай-ақ, Заңның 39-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттарды білім беру бағдарламаларының тізіліміне енгізілген техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша білім беру қызметімен айналысуға лицензиясы бар және мемлекеттік аттестаттаудан өткен білім беру ұйымдары береді. |
Оқу орталықтары, ЖШС берген куәліктер мемлекеттік үлгідегі білім Біліктілік емтиханын тапсырған адамдарға нақты мамандық бойынша тиісті біліктілік деңгейі беріледі және біліктілік беру туралы куәлік (сертификат) беріледі. |
|
|
42 |
«Жетісу облысының білім басқармасы» ММ |
Техникалық және кәсіптік білім беру |
10 сыныпты бітірген соң 9 сынып аттестатымен колледжге түсуге болады ма? |
Колледжде мемлекеттік тапсырыс бойынша 10 сынып бағдарламасын меңгергеннен кейін оқу заңнамаға қайшы келеді, өйткені мемлекет тек бірінші рет орта білім алғандарға тегін білім береді. Алайда, 9 сыныпты бітіргеннен кейін колледжге ақылы негізде түсуге болады. |
Мемлекеттік тапсырыс бойынша колледждің бірінші курсында оқып жатқан оқушы 10 сыныптың жалпы білім беретін пәндер бағдарламасын меңгерген болса, сол пәндерді тағы да қайталап оқитын болады, бұл заңнамаға қайшы келеді. Өйткені, мемлекет азаматтарға тегін мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, сондай-ақ техникалық және кәсіби білім беру арқылы біліктілігі бар мамандық береді, бірақ осы деңгейлердің әрқайсысын азамат алғаш рет алған жағдайда ғана. Дегенмен, 10 сыныпты аяқтап 9 сынып аттестатымен колледжге түсу мүмкіндігі бар, бірақ ол тек ақылы негізде. |
Колледжде мемлекеттік тапсырыс бойынша 10 сынып бағдарламасын меңгергеннен кейін оқу заңнамаға қайшы келеді |
|
|
43 |
«Жетісу облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ |
Әлеуметтік көмек мәселелері бойынша |
Егер көп балалы отбасының әлеуметтік мәртебесі цифрлық құжатта көрсетілмесе, қайда жүгінуге болады? |
Әлеуметтік мәртебе туралы ақпарат өзекті болмаған немесе әлеуметтік мәртебе көрінбеген жағдайда, «электрондық үкімет» порталының (www.egov.kz) жеке кабинетіндегі «әлеуметтік мәртебе» бөлімін жаңарту қажет, әрі қарай eGov mobile және екінші деңгейлі банктер қосымшаларының «Цифрлық құжаттар» бөліміндегі «Құжаттарды жаңарту» түймесін басу қажет. Содан кейін ақпараттық жүйеде әлеуметтік мәртебесі бар азаматтың SOC-ID цифрлық құжаты пайда болады. |
Әлеуметтік мәртебе туралы ақпарат өзекті болмаған немесе әлеуметтік мәртебе көрінбеген жағдайда, «электрондық үкімет» порталының (www.egov.kz) жеке кабинетіндегі «әлеуметтік мәртебе» бөлімін жаңарту қажет, әрі қарай eGov mobile және екінші деңгейлі банктер қосымшаларының «Цифрлық құжаттар» бөліміндегі «Құжаттарды жаңарту» түймесін басу қажет. Содан кейін ақпараттық жүйеде әлеуметтік мәртебесі бар азаматтың SOC-ID цифрлық құжаты пайда болады.
|
|
әлеуметтік мәртебесі
|
|
44 |
«Жетісу облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ |
Әлеуметтік көмек мәселелері бойынша |
Көпбалалы отбасыға берілетін жәрдемақы алуға кімнің құқығы бар? |
Көп балалы отбасыларға төрт және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған балалары бар отбасылар жәрдемақы алуға құқылы. |
Қазақстан Республикасының 2023 жылғы 20 сәуірдегі Әлеуметтік кодексінің 90-бабына сәйкес бірге тұратын төрт және одан көп кәмелетке толмаған баласы, оның ішінде он сегіз жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында жалпы білім беретін немесе кәсіптік бағдарламалар бойынша күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын балалары бар отбасылардың көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы алуға құқығы бар. |
Көп балалы отбасыларға жәрдемақы
|
|
|
45 |
«Жетісу облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ |
Әлеуметтік көмек мәселелері бойынша |
Көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақыны тағайындауда отбасының кірісі ескеріле ме? |
Көпбалалы отбасыға берілетін жәрдемақы отбасының табыстарына қарамастан тағайындалады. |
Көпбалалы отбасыға берілетін жәрдемақы отбасының табыстарына қарамастан тағайындалады. Көпбалалы отбасына берілетін жәрдемақы ай сайын бюджет қаражаты есебінен мынадай: төрт балаға – 16,03 айлық есептік көрсеткіш; бес балаға – 20,04 айлық есептік көрсеткіш; алты балаға – 24,05 айлық есептік көрсеткіш; жеті балаға – 28,06 айлық есептік көрсеткіш; сегіз және одан көп балаға – әрбір балаға 4 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде төленеді. 2025 жылы айлық есептік көрсеткіштің мөлшері – 3 932 теңге болып бекітілді. |
жәрдемақы
|
|
|
46 |
«Жетісу облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ |
Әлеуметтік көмек мәселелері бойынша |
Көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақыны алу үшін тұрақты тұрғылықты мекенжайдың болуы және бірге тұру міндетті ме? |
Өтініш беруші бірге тұратын балалардың көпбалалы отбасыға жәрдемақы тағайындау туралы өтініште көрсете отырып, балалардың бірлескен тұрғылықты мекенжайын растайды. Бұл ретте, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 16-бабына сәйкес он төрт жасқа толмаған балалардың заңды өкілдерінің тұратын жері олардың тұрғылықты жері болып танылады. Көпбалалы отбасына берілетін жәрдемақыны тағайындау кезінде он сегіз жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында жалпы білім беретін немесе кәсіптік бағдарламалар бойынша күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын балалардың бірге тұру фактісіне қарамастан, олар отбасы құрамында ескеріледі. Ерлі-зайыптылар арасында неке (ерлі-зайыптылық) бұзылған жағдайда балалардың ата-ананың біреуімен бірге тұруы соттың тиісті шешімімен расталады. |
Өтініш беруші бірге тұратын балалардың көпбалалы отбасыға жәрдемақы тағайындау туралы өтініште көрсете отырып, балалардың бірлескен тұрғылықты мекенжайын растайды. Бұл ретте, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 16-бабына сәйкес он төрт жасқа толмаған балалардың заңды өкілдерінің тұратын жері олардың тұрғылықты жері болып танылады. Көпбалалы отбасына берілетін жәрдемақыны тағайындау кезінде он сегіз жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында жалпы білім беретін немесе кәсіптік бағдарламалар бойынша күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын балалардың бірге тұру фактісіне қарамастан, олар отбасы құрамында ескеріледі. Ерлі-зайыптылар арасында неке (ерлі-зайыптылық) бұзылған жағдайда балалардың ата-ананың біреуімен бірге тұруы соттың тиісті шешімімен расталады.
|
жәрдемақы
|
|
|
47 |
«Жетісу облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ |
Әлеуметтік көмек мәселелері бойынша |
Жалғызбасты аналар кімдер? |
Бүгінгі күні «жалғызбасты ана» деген ресми термин жоқ. Заңнамаға мұндай анықтаманы қосу отбасылық саясатты нығайту идеологиясына қайшы келеді және неке-отбасылық (ерлі-зайыптылық-отбасылық) қатынастардың, отбасылық тәрбиенің бұзылуына, сондай-ақ жалған ажырасулардың ұлғаюына әкеледі. |
Бүгінгі күні Қазақстанда азаматтар өмірінің барлық кезеңдерінде мемлекеттік жәрдемақылар, әлеуметтік төлемдер, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шаралары және салық салу кезінде жеңілдіктер жүйесін қамтитын балалары бар отбасыларды қолдаудың кешенді моделі құрылған. Отбасыларды әлеуметтік қолдау жүйесі әртүрлі өмірлік жағдайларды қарастырады және бір жарым жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға, көп балалы отбасылар мен аналарға, мүгедек балалары бар отбасыларға, аз қамтылған отбасыларға, асыраушысынан айырылған және балаларды қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа алған отбасыларға көрсетіледі. Бұл ретте негізгі критерий ата-анасының мәртебесіне емес, отбасында балалардың болуы болып табылады. Осылайша, Қазақстанда аналарды мемлекеттік қолдау шараларымен барлық әйелдер бірдей мөлшерде қамтылған. Елімізде ананы, әкені және баланы қорғау мәселелері «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодекспен, «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Заңмен, Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексімен және басқа да нормативтік құқықтық актілермен регламенттелген. Сонымен бірге «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуiрдегi Қазақстан Республикасы Заңының 68-бабымен толық емес отбасы - балаларды (баланы) ата-ананың біреуі, оның ішінде ажырасқан ата-ана, жесір әйел (тұл ер адам) тәрбиелейтін отбасы ұғымының анықтамасы берілген. Заңнамаға «жалғызбасты ана» деген жаңа анықтаманы енгізу бөлігінде өзгерістер енгізу отбасылық саясатты нығайту идеологиясына қайшы келеді және неке-отбасылық (ерлі-зайыптылық-отбасылық) қатынастардың, отбасылық тәрбиенің бұзылуына, сондай-ақ жалған ажырасулардың ұлғаюына әкеледі. |
әлеуметтік мәртебе
|
|
|
48 |
«Жетісу облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ |
Әлеуметтік көмек мәселелері бойынша |
Көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақыға құжаттар тапсыру үшін қайда жүгіну қажет? |
Қызмет алушы жәрдемақыны тағайындау үшін мынадай мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдерін қолдана алады: 1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» (ХҚКО) коммерциялық емес акционерлік қоғамы; 2) ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы (проактив); 3) «электрондық үкімет» www.egov.kz веб-порталы арқылы. |
Қызмет алушы жәрдемақыны тағайындау үшін мынадай мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдерін қолдана алады: 1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» (ХҚКО) коммерциялық емес акционерлік қоғамы; 2) ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы (проактив); 3) «электрондық үкімет» www.egov.kz веб-порталы арқылы. 4) екінші деңгейдегі банктерді ақпараттандыру объектілері.
|
|
Жәрдемақы
|
|
49 |
«Жетісу облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ |
Зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру |
Зейнетақы тағайындау кезінде еңбек өтілі қандай құжаттармен расталады? |
еңбек кітапшасы, бiлiмi туралы құжат, әскери билет, балалардың туу туралы куәліктері. |
Еңбек өтілін растайтын құжаттарға: еңбек кітапшасы, бiлiмi туралы құжат, әскери билет, жұмыс істемейтін ананың жас балаларды бағып-күткен уақытын растайтын құжаттар бойынша балалардың туу туралы куәліктері мен балалардың жеке басын куәландыратын құжат және басқалары жатады. |
зейнетақы еңбек өтілі
|
|
|
50 |
«Жетісу облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ |
Зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру |
Қазақстан Республикасында зейнетақылардың қандай түрлері бар және олардың айырмашылығы неде? |
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасы азаматтарының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың: 1) мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі; 2) жасына байланысты зейнетақы төлемдері; 3) еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері; 4) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдері; 5) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдері; 6) зейнетақы аннуитеті шарттары бойынша сақтандыру ұйымдарынан сақтандыру төлемдері түріндегі зейнетақымен қамсыздандырылуға құқығы бар. Бір мезгілде жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің немесе еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерінің тағайындалуына құқығы бар адамдарға олардың қалауы бойынша зейнетақы төлемдерінің осы түрлерінің біреуі тағайындалады.
|
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасы азаматтарының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың: 1) мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі; 2) жасына байланысты зейнетақы төлемдері; 3) еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері; 4) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдері; 5) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдері; 6) зейнетақы аннуитеті шарттары бойынша сақтандыру ұйымдарынан сақтандыру төлемдері түріндегі зейнетақымен қамсыздандырылуға құқығы бар. Бір мезгілде жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің немесе еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерінің тағайындалуына құқығы бар адамдарға олардың қалауы бойынша зейнетақы төлемдерінің осы түрлерінің біреуі тағайындалады. Базалық зейнетақы төлемі зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне байланысты (зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі – бұл 1998 жылғы 1 қаңтарға дейінгі еңбек өтілі және 1998 жылғы 1 қаңтардан кейінгі жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысудың нақты өтілі). Міндетті жарналарды жүзеге асыру кезеңі міндетті зейнетақы жарналарын аудару туралы орталықтандырылған деректер базасының мәліметтерімен расталады. Зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі 10 және одан аз жыл болған кезде базалық зейнетақы төлемінің мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің (бұдан әрі – ЕТКД) 70% - на 10 жылдан асқан әрбір жыл үшін базалық зейнетақы мөлшері 2%-ға ұлғаяды, бірақ ЕТКД-дан 110% аспайды (2025 жылғы ЕТКД - 46 228 теңге). Зейнетақы төлемі (ынтымақты) еңбек өтіліне (1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша кемінде 6 ай қажет) және 1998 жылғы 1 қаңтардан бастап жұмыс үзілістеріне қарамастан кез келген үш жыл қатарынан орташа айлық табысқа байланысты. Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін есептеу үшін кіріс республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің (бұдан әрі - АЕК) 55 еселенген мөлшерінен аспауға тиіс (2025 жылғы АЕК – 3 932 теңге). Еңбек өтілі еңбек кітапшасымен расталады, ал еңбек кітапшасы немесе онда тиісті жазбалар болмаған кезде жұмысы туралы мәліметтерді растайтын құжаттар не соттың шешімі негізінде белгіленеді. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін зейнетақы төлемдері азаматтардың жеке зейнетақы жинақтарынан төленеді және жинақталған қаражат көлеміне байланысты болады. Қазіргі уақытта жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау ерлерге 63 жасқа толғанда, әйелдерге 58 жасқа толғанда жүргізіледі. 5 және одан көп бала туған (асырап алған) және оларды сегіз жасқа дейін тәрбиелеген әйелдердің 53 жасқа толғанда жасына байланысты зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар. Зейнетақы аннуитеті шарттары бойынша сақтандыру ұйымдарынан төленетін сақтандыру төлемдеріне азаматтар сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шартын жасасу кезінде және жасына жеткенде – ерлер 55 жасқа, әйелдер 53 жасқа толғанда құқылы. |
зейнетақы
|