2025 жылы әлеуметтік төлемдерге жоспарланған 1 миллиард 369 миллион 051 мың теңге қаражаттың 384308,0 мың теңгесі игеріліп, жылдық жоспардан бюджеттің атқарылуы 28,1% құрады.
Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес бөлім мамандарымен Мемлекеттік қызметтің 16 түрі көрсетіледі.
2025 жылғы 01 шілдеге бөліммен 2012 қызмет көрсетілді.
2025 жылы ауданда 2504 жұмыс орынын құру жоспарланған, оның ішінде 1348 тұрақты, 1156 уақытша.
2025 жылғы 01 қаңтар мен 30 маусым аралығында аудан бойынша 1226 жұмыс орны құрылды (оның ішінде 987 уақытша), бұл жылдық жоспардың 49,0 пайызын құрады.
Еңбекші көшіп келушілерге (мигранттар) 112 рұқсат берілді.
Бекітілген квотаға сәйкес пробация қызметінде есепте тұрған 5 адам, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған 1 адам және мүгедектігі бар адамдар үшін квота бойынша 6 адам жұмысқа орналастырылды.
2025 жылы атаулы әлеуметтік көмек алатын 1075 отбасына (5200 отбасы мүшелеріне) 818 миллион 833 мың теңге жоспарланған.
Ағымдағы жылдың бес айында атаулы әлеуметтік көмек 500 отбасына, оның ішінде 2450 адамға 156180,3 мың теңге тағайындалып төленді.
2024 жылдың бес айымен салыстырғанда, бүгінгі күні атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 192 отбасыға азайып, атаулы әлеуметтік көмекке төленетін сомма 31889,7 мың теңгеге үнемделді.
1 жастан 6 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға төленетін қосымша төлем бойынша 1500 балаға 91 миллион 813 мың теңге жоспарланған.
Атаулы әлеуметтік көмек алушылардың 1 жастан 6 жасқа дейінгі балалары бар 337 отбасыға, оның ішінде 1 балаға 1,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (5898 теңге) барлығы ағымдағы жылдың бес айында 387 отбасы, оның ішінде 679 балаға 17301,7 мың теңге қосымша төлем төленді.
Жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша азаматтардың жекелеген санаттарына 800-ден астам әлеуметтік көмек алушыларға 89 миллион 190 мың теңге жоспарланған.
Аз қамтылған отбасылардың бала-бақшада тәрбиеленіп жатқан 98 балаларына тамақтануы үшін жыл басынан 8931,0 мың теңге төленді.
Әлеуметтік маңызы бар туберкулез ауруына шалдыққан тіркеуде тұрған 24 азаматтардың құжаттары қабылданып, оларға 7 АЕК мөлшерінде, яғни 27524 теңге әлеуметтік көмек тағайындалып, жыл басынан 6 айға 3408,5 мың теңге төленді.
АИТВ індетіне шалдыққан 3 балаға жыл басынан 1664,2 мың теңге тағайындалып, төленді.
Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде тұрған 7 адамға 412,9 мың теңге көлемінде біржолғы әлеуметтік көмек төленді (1 адамға 58 980 теңге).
Ауған соғысына қатысқан азаматтарға төленетін біржолғы көмек 39 адамға 850,0 мың теңге (1 адамға 150 000 теңге) төлем жүргізілді.
Ұлы жеңістің 80 жылдық мерекесіне орай, Чернобыль апатынан зардап шеккен 15 ардагерлерге 2949,0 мың теңге (1 адамға 196 600 теңге), Тәжік-Ауған учаскесінде тапсырмаларды орындаған ҚР 10 әскери қызметшісіне, Таулы Қарабақтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан ҚР 3 әскери қызметшісіне 2555,8 мың теңге (1 адамға 196 600 теңге), 86 тыл еңбеккерлері мен қайтыс болған соғыска қатысушылардың 2 жесірлеріне 8996,4 мың теңге (1 адамға 102 232 теңге) аудан бойынша барлығы 155 адамға 20351,2 мың теңге көлемінде біржолғы материалдық көмек төленді.
Аудан әкімдігі жанындағы «Мұқтаж азаматтардың жекеленген санаттарына әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау» жөніндегі арнайы комиссияның шешімімен әлеуметтік көмек 4 адамға 1486,4 мың теңге тағайындалып төленді.
Мүгедектігі бар балаларды үйде оқыту үшін кеткен шығындарды өтеу мемлекеттік қызметі бойынша – 4247,0 мың теңге, жыл басынан 42 адамға жәрдемақы тағайындалып, 2036,0 мың теңге төленді.
Ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына жоспарланған әлеуметтік көмек 17 миллион 183 мың теңге.
Бүгінгі күнге 759 ауылдық елді мекенде тұратын және жұмыс жасайтын мамандарға 14921,9 мың теңгеге отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек көрсетілді.
Мүгедектігі бар адамдардың оңалту бағдарламасына 243 миллион 666 мың теңге жоспарланған.
Бүгінгі күні аудан бойынша тіркеуде тұрған мүгедектер саны 1214 адам. (Оның ішінде 16 жасқа дейінгі балалар саны 190, I топтағы жандар 95 адам, II топтағы жандар 506 адам, III – топтағы азаматтар 423 адам).
Мүгедектігі бар азаматтардың жеке оңалту бағдарламасына сәйкес техникалық көмекші құралдарға 642 өтініш қабылданды. Оның ішінде 79 адам протездік-ортопедиялық көмекпен, 6 адам сурдотехникалық, 37 адам тифлотехникалық, 22 адам қол-арбамен, 183 адам санаторлы-курорттық емдеумен, 86 адам жеке көмекшінің қызметімен, 14 адам тіл мамандарының қызметімен, 215 мүгедектігі бар адам міндетті гигиеналық құралдармен қамтамсыз етілді.
Ағымдағы жылы 86 жеке көмекшінің жалақысына 59 миллион 318 мың (оның ішінде 83 адам үкіметтік емес ұйым арқылы, 3 адам жеке тұлғалар ретінде) және 1 топтағы мүгедектігі бар 14 адамның ымдау тілі маманының жалақысына 3084,0 мың теңге мөлшерінде қаражат жұмсалды.
Барлығы 124990,0 мың теңге жұмсалды.
Сонымен қатар мүгедектігі бар адамдарды тегін тасымалдауға «Инватакси» қызметіне арналған шығыстар ағымдағы жылдың 30 маусымына 4811,0 мың теңгесі игерілді.
Мүгедектігі бар 44 адамның барлығы 3336 өтінімі қанағаттандырылды ("Инватакси" қызметінің әлеуметтік тапсырысын орындаушы «Қаратал мүгедектер қоғамы» республикалық қоғамдық бірлестігі болып табылады).
Мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік инфрақұрылым нысандарының қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша 2025 жылға ауданда жоспарланған 19 объект (9 денсаулық сақтау, 3 мемлекеттік мекемелер, 7 білім).
2025 жылғы 30 маусымға 19 нысанның – 2 денсаулық сақтау нысаны аяқталды, 6 денсаулық сақтау нысанында құрылыс жүріп жатыр, 2 білім беру нысанында мемлекеттік сатып алулар өтті, мердігер анықталды, объектілерді бейімдеу басталады. 5 білім беру объектісіне бейімделуге қаражат бөлінуі күтілуде. 3 объектіде (әкімдіктер) бейімдеу жүргізілуде.
2025 жылы әлеуметтік төлемдерге 1 миллиард 369 миллион 051 мың теңгеден астам қаражат жұмсалады деп жоспарлануда, оның ішінде:
Атаулы әлеуметтік көмек алатын 1075 отбасына (5200 отбасы мүшелеріне) 818 миллион 833 мың теңге;
1 жастан 6 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға төленетін қосымша төлем бойынша 1500 балаға 91 миллион 813 мың теңге;
Жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша азаматтардың жекелеген санаттарына 800 ден астам алушыға 94 миллион 168 мың теңге;
Ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін 17 миллион 183 мың теңге;
Үйден тәрбиеленіп оқытылатын мүгедектігі бар балаларды материалдық қамтамасыз ету – 4247,0 мың теңге;
200 адамға тұрғын үй көмегіне 21 миллион 046 мың теңге;
Мүгедектігі бар адамдарды оңалтудың жеке бағдарламасын орындауға 243 миллион 66 мың теңге;
Инватакси қызметіне 9 миллион 623 мың теңге жоспарлануда.
Аудандағы жұмыссыздықтың жалпы деңгейі 2024 жылы 4,8% құрады.
2025 жылы 2600-ге дейін жұмыс орны ашылады деп жоспарлануда, жұмыссыздық деңгейі 4,7% дейін төмендеуі болжамдалуда. Өндірісті дамыту және жаңа жұмыс орындарын құру ұйымдардың өз қаражаты, тікелей отандық инвестициялар есебінен жүзеге асырылатын болады.