2025 жылдың ІІ тоқсанында шағын және орта бизнесті дамыту бойынша ақпарат

 Өнеркәсіп

      2025 жылға жоспар 4700 млн. теңге, индекс көлемі 100,1 пайыз, қаңтар – маусым  айында   өнеркәсіп өндірісінің көлемі 2675,5 млн.теңге, 2024 жылмен салыстырғанда 107,9  пайызды құрайды (2024 жылы 2186,5 млн.тенге).

Өнеркәсіп саласында 17 кәсіпорын жұмыс жасауда, атап айтсақ: Сүт өнімдерін шығаратын «Үштөбе Айдын» ЖШС, «Үштөбе сүт өнімдері» ЖШС, балық өңдейтін «Қаратал Балық» ЖШС, профильдік бұйымдар шығаратын «Прогресс СМ» ЖШС, сыртқы киімдер тігетін «Қамқор» ЖШС, күріш өңдейтін «Уштобинский» ЖШС,  жылу энергиясын өндіретін «Жылту орталығы» ЖШС, сумен жабдықтау «Қаратал су» ЖШС,   «Бақыт и К» тұз өндіру, «Адина соль» ЖШС-гі полиграфиялық қызмет, «Уштобинский РЭС» электр энергиясын тарату, жер қойнауын  «Тамас», «New live group», «RISH22», «Жетысу Мунай», «Шымыр-Кайра», «ТКНМ»   аудан статистика басқармасына есеп берді.

Инвестиция

       2025 жылға әлеуметтік - экономикалық бағдарламаға сәйкес 25 млрд 100 млн.теңге инвестиция тарту жоспарлған.  Бюджеттен тыс инвестиция с омасы 10 млрд.теңге,  бюджеттік инвестиция 15млрд. 100 млн теңге.

        Қаңтар – маусым айында инвестиция көлемі 6536,1 млн.теңге, 2024 жылмен салыстырғанда 173,6 пайыз, бюджеттен тыс инвестиция 2693,6 млн.тенге 121,8 пайыз құрайды.

   Бөлшек тауарайналымы

          2025 жылға жоспар 8118 млн.теңге, индекс көлемі 100 пайыз

         Қаңтар-маусым айында бөлшек тауарайналымының көлемі 4721,4 млн.теңге, индекс көлемі 100 пайыз (2024 ж 4377,9 млн.тенге)

Шағын және орта бизнес

 Қаратал ауданы бойынша 2025 жылға арналған жоспарға сәйкес жұмыс істеп тұрған бизнес субъектілерін 2991-ге  немесе 100,5% - ға дейін жеткізу.

А.ж. 1 шілдеге жұмыс істеп тұрған 2971 бизнес субъектісі жұмыс істейді. Оның ішінде заңды тұлға – 172, жеке тұлға –1497, шаруа қожалықтары – 1302, өткен жылмен салыстырғанда 10 бизнес субъектісіне артты немесе 100,3 пайызды құрады .

                    Бюджетке түсетін түсімдер 720,6 млн. теңгені құрады, бұл өткен жылғы деңгейден 152,1құрайды (473,6  млн. теңге).

Дата публикации
24 июля 2025