|
№ |
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың жоспарланған тақырыбы |
Қаржыландырудың жоспарланған көлемі (мың. теңге) |
Ақпараттың дерек көзі көрсетілген негіздеме |
Халықтың нысаналы тобы |
Күтілетін нәтиже |
|
1 |
Жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау. Жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында темекі шегудің, алкоголизмнің және нашақорлықтың алдын алу, жастар мен қоғамның арасында қайырымдылық мәдениеті мен аудан жастарының сана-сезімін және патриотизм деңгейін арттыру. «Жастар тәрбиесі және отбасылық құндылықтар» бойынша іс-шаралар ұйымдастыру. |
1500,0 |
«Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы» 2005 жылғы 12 сәуірдегі № 36 Қазақстан Республикасының Заңы |
Жастар, студенттер
|
Жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру , жастар мен қоғамның арасында қайырымдылық мәдениеті мен аудан жастарының сана-сезімін және патриотизм деңгейін арттыру мақсатында жалпы аудан жастарымен жалпы кездесулер, семинарлар,тренингтер өткізу, бүктемелер тарату. |
|
2 |
Отбасылық-демографиялық және гендерлік мәселелерді шешуге жәрдемдесу, отбасы құндылықтарын насихаттау. |
2000,0 |
«Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы» 2005 жылғы 12 сәуірдегі № 36 Қазақстан Республикасының Заңы |
Аудан тұрғындары, жас отбасылар, жастар, студенттер. |
Отбасы құндылықтарын насихаттауға, көп балалы аналар мен отбасыларды қолдауға бағытталған “Ұлдар кеңесі” мен “Қыздар кеңесі” кездесуін ұйымдастырып өткізу. Отбасы институтын мен репродуктивті денсаулықты нығайтуға бағытталған дөнгелек үстелдер, акциялар өткізіп, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Адамгершілік құндылықтарын жаңғыртуға және отбасы мен некенің (ерлі-зайыптылықтың) жағымды үлгісін дәріптеуге, отбасы мәртебесін арттыруға бағытталған аудандық «Мерейлі отбасы-2026» байқауын ұйымдастырып өткізу. |
|
3 |
Жетім балаларға, толық емес және көп балалы отбасылардағы балаларға көмек көрсету
|
1500,0 |
«Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы» 2005 жылғы 12 сәуірдегі № 36 Қазақстан Республикасының Заңы |
Көп балалы отбасылар
|
Жетім балаларға, толық емес және көп балалы отбасылардағы балаларға көмек көрсету бойынша түрлі нысандағы семинарлар, кездесулер, спорттық ойындар өткізу.
|
|
4 |
ҚР заңнамасына қайшы келмейтін өзге де әлеуметтік маңызы бар салалар бойынша «Заң және Тәртіп» қағидасына басты назар аудару |
1500,0 |
«Заң және Тәртіп» қағидасына басты назар аудару мемлекеттің қауіпсіздік саясатын, оның ішінде құқық қорғау органдарын, құқықтық тәртіпті және оның тетіктерін дамытуды жалғастыратынын білдіреді. |
Жастар Студенттер Аудан тұрғындары |
Заңдылық пен тәртіп кез келген мемлекеттің тұрақты дамуының негізі болып табылады, мемлекеттік институттардың тиімді жұмыс істеуі мемлекеттік органдардың да, азаматтық қоғамның да заң нормаларын қатаң сақтауымен ғана мүмкін болады. Бұл құқықтық мемлекетті нығайтуға, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайтуға және халықтың мемлекеттік институттарға деген сенімін арттыруға ұмтылысты көрсетеді. жалпы аудан жастарымен жалпы кездесулер, семинарлар, тренингтер өткізу, бүктемелер тарату |
2025 жылғы «17» шілде жағдайы бойынша