Жетісу облысы Қаратал ауданы Бастөбе және Жолбарыс батыр ауылдық округтерінің сайланған әкімдерін тіркеу туралы ХАБАРЛАМА

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңы 14-бабының 9) тармақшасына, 45-бабына, 113-11-бабының 1-тармағына сәйкес, 2025 жылғы «15» маусымда болған Жетісу облысы Қаратал ауданы Бастөбе және Жолбарыс батыр ауылдық округтері әкімдері сайлауының қорытындысы туралы сайлау комиссиясы хаттамасының негізінде Қаратал аудандық аумақтық  сайлау комиссиясы:

  1. 1974 жылы туған, Қаратал ауданы Үштөбе қаласының тұрғыны, Бастөбе ауылдық округінің әкімі, Эдуард Афанасьевич Кимді Жетісу облысы Қаратал ауданы Бастөбе ауылдық округінің әкімі ретінде тіркеді.
  2. 1966 жылы туған, Қаратал ауданы Кәлпе ауылының тұрғыны, Қарашенгел ОМ тарих пәнінің мұғалімі, Сержан Ерболғанұлы Андасбаевты Жетісу облысы Қаратал ауданы Жолбарыс батыр ауылдық округінің әкімі ретінде тіркеді.

 

 

Қаратал аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

 

Дата публикации
16 июня 2025