2025 жылғы 15 маусымда Қаратал ауданынның Бастөбе және Жолбарыс батыр ауылдық округтерінде әкімдер сайлауы өтті.
Қаратал аудандық сайлау комиссиясы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Қаратал ауданынның Бастөбе және Жолбарыс батыр ауылдық округтері әкімінің сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Ким Эдуард Афанасьевич – 1651; Трофименко Геннадий Иванович – 392.
Бастөбе ауылдық округінің әкімі болып Эдуард Афанасьевич Ким сайланды, 1974 жылы туған, Бастөбе ауылдық округінің әкімі, Үштөбе қаласының тұрғыны, өзін-өзі ұсынған.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Андасбаев Сержан Ерболғанұлы – 781; Тәнірбергенов Ануар Маратұлы – 293; Қарымсақова Алмагүл Серікқызы – 183;
Жолбарыс батыр ауылдық округінің әкімі болып Сержан Ерболғанұлы Андасбаев сайланды, 1966 жылы туған, Қарашенгел ОМ тарих пәнінің мұғалімі, Кәлпе ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсынған.
Қаратал аудандық аумақтық сайлау комиссиясы