«Дипломмен ауылға» бағдарламасы туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2024 жылғы 05 тамыздағы № 63 бұйрығының 1-1.тармағының. Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну мөлшері:

1) көтерме жәрдемақы жүз еселенген айлық есептік көрсеткішке тең сомада;

2) тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау – бюджеттік кредит:

ауылдық елді мекендерге келген мамандар үшін айлық есептік көрсеткіштің екі мың еселенген мөлшерінен аспайтын сомада айқындалсын.

2024  жылы бағдарлама бойынша 34 адам әлеуметтік қолдау алды, оның ішінде көтерме жәрдемақыға 27 адам және 7 адам бюджеттік несие алды.

2025 жылға әлеуметтік қолдау шараларының мөлшері АЕК сәйкес біржолғы әлеуметтік көмек: 3932 теңгені құрайды: - көтерме жәрдемақы 393200 теңгені құрайды. - бюджеттік несие 7 864,0 мың теңге.

"Дипломмен ауылға!" бағдарламасы бойынша Қазақстандық азаматтар Отбасы банкте депозит пен ағымдағы шотты ашуы қажет. Депозит пен ағымдағы шотты ашудың тәсілдері:

- Otbasy bank мобильді қолданбасында онлайн түрінде;

- ұялы телефоннан 300 нөміріне тегін қоңырау шалу арқылы;

- жақын жердегі банк бөлімшесіне немесе кеңес беру орталығына хабарласу арқылы іске асырылады.

өтінімдер otbasybank.kz жылжымайтын мүлік порталында онлайн режимде қабылданады. Ол үшін: порталда тіркелу, қажетті құжаттарды жүктеу және электронды цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) көмегімен өтінімге қол қою қажет.

  1. тармағы. Көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік кредит түріндегі әлеуметтік қолдау шаралары денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы сұранысқа ие мамандықтардың және ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілерінің тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) бойынша ұсынылады.

   Тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит түріндегі әлеуметтік қолдау шаралары жақын туыстарынан (жұбайынан (зайыбынан), атасынан (әжесінен), ата-аналарынан (оның ішінде асырап алушылардан), балаларынан (оның ішінде асырап алынғандарынан), ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-қарындастарынан) тұрғын үй-жай сатып алуға, сондай-ақ азамат тұрақты тұратын тұрғын үй-жайды сатып алуға пайдаланылмайды.

  1. тармағы. Әлеуметтік қолдау шараларын алу үшін көрсетілетін қызметті алушы электрондық цифрлық қолтаңбаның (бұдан әрі – ЭЦҚ) көмегімен немесе бір реттік парольмен куәландырылған Порталда тіркеуді жүзеге асырады және көрсетілетін қызметті берушіге Портал арқылы мынадай құжаттарды ұсынады:
  2. l) көтерме жәрдемақы алған кезде:

осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

жеке басты куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

білімі туралы диплом не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

көрсетілетін қызметті алушының еңбек қызметін растайтын құжаттың көшiрмесi;

2) тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит алған кезде:

осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;

жеке басты куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

білімі туралы диплом не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

көрсетілетін қызметті алушының еңбек қызметін растайтын құжаттың көшiрмесi;

неке қию (ерлі-зайыптылық) туралы куәлік не некеде тұрған көрсетілетін қызметті алушылар үшін цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

Кредиттік бюродан есеп.

Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді, неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркеу туралы куәліктерді, балалардың туу туралы куәліктерді, жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) туралы мәліметтерді, тұрғылықты жері бойынша тіркелуі туралы мәліметтерді, көрсетілетін қызметті алушының, оның жұбайының және балаларының жылжымайтын мүлкінің болмауы (болуы) туралы, көрсетілетін қызметті алушының атына тұрғын үй салуға берілген жер учаскесін пайдалану құқығы туралы анықтамаларды, ортадан кейінгі, техникалық, кәсіптік және/немесе жоғары білім дипломының болуы туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші Порталдан алады.

  1. Әлеуметтік қолдау шаралары: бұрын берілген кредиттер бойынша өтелмеген мерзімі өткен берешегі жоқ (осы Қағидалардың 10-тармағында көрсетілген құжаттарды қарау кезінде), сондай-ақ соңғы 2 (екі) жылда күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен астам мерзімін өткізу болмаған; өтініш беру кезінде сұранысқа ие мамандықтар тізбесіне сәйкес мамандықтар бойынша; өтініш берген күнінен бастап соңғы екі жылда келген маман жұмыс істейтін елді мекен қарайтын ауданда (облыстық маңызы бар қалада) маманның, оның жұбайының және балаларының тұрғын үйі жоқ көрсетілетін қызметті алушыларға ұсынылады.
  2. Тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік кредит түрінде әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы шешім қабылдаған кезде көрсетілетін қызметті беруші Порталда көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған немесе бір реттік парольмен куәландырылған мынадай құжаттарды:

1) тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит беру кезінде:

сатып алынатын жылжымайтын мүлікті бағалау актісін;

сатып алынатын тұрғын үйдің құны берілетін бюджеттік кредит мөлшерінен асқан кезде қоса қаржыландыруға жазбаша келісімді;

2) тұрғын үй салуға бюджеттік кредит беру кезінде:

кепіл мүлкін бағалау актісін;

кепіл мүлкін сақтандыру шартын;

тұрғын үй салу кезіндегі шығыстар берілетін бюджеттік кредит мөлшерінен асып кеткен кезде қоса қаржыландыруға жазбаша келісімді;

3) көтерме жәрдемақы беру кезінде:

жеке есеп шот туралы анықтаманы ұсыну қажеттігі туралы көрсетілетін қызметті алушыны хабардар етеді.

Мемлекеттiк  қызмет демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, жұмыс күндерi, кезек күту тәртiбiмен, алдын ала жазылусыз және жеделдетiлген қызмет көрсетусiз, 13-00-ден 14-30 сағатқа дейiнгi түскi үзiлiспен, 9-00-ден 18-30 сағатқа дейiн көрсетiледi.

      Уәкілетті  орган:  «Қаратал  ауданының  экономика және қаржы бөлімі» ММ

      Уәкілетті органның мекен жайы: Қаратал ауданы, Үштөбе қаласы, Қонаев даңғылы, 9.

      Телефон: 2-21-95, 2-13-41. Электрондық мекен жай: ek_karatal@mail.ru

 

Дата публикации
23 мая 2025