"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-3-бабына сәйкес 2025 жылғы 15 маусымда Бастөбе және Жолбарыс батыр ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы өтеді.
2025 жылғы 7 мамырда аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Бастөбе және Жолбарыс батыр ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын 2025 жылғы 15 маусымға тағайындады. Сайлау тағайындау және сайлау округтерін құру туралы қаулылар, сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары, аудандық аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының құрамы және сайлау учаскелерінің шекаралары аудан әкімдігінің сайтының «Сайлау» парақшасында орналастырылған және аудандық газеттерде жарияланды.
Барлығы сайлауда 1 аумақтық және 7 учаскелік сайлау комиссиялары, 46 сайлау комиссияларының мүшелері жұмыс істейді.
Бастөбе ауылдық округі бойынша сайлаушылар саны 3357 адам.
Жолбарыс батыр ауылдық округі бойынша сайлаушылар саны 1548 адам
2025 жылдың 8 мамырынан бастап әкімдікке кандидаттар ұсыну басталды, ұсыну құқығы саяси партияларға, азаматтарға, өзін-өзі ұсыну жолымен, сондай-ақ ұсыну мерзімі аяқталған күні екіден кем кандидат ұсынылған жағдайда, аудан әкіміне тиесілі.
Кандидаттарды ұсыну мерзімінің аяқталуына қарай Бастөбе ауылдық округі әкімдігіне 3 кандидат өзін-өзі ұсыну жолымен, Жолбарыс батыр ауылдық округі әкімдігіне 5 кандидат өзін-өзі ұсыну жолымен ұсынылды.
Барлық кандидаттар бойынша мемлекеттік органдарға сұранымдар жолданды.
Сайлауға дайындық жұмыстары жалғасуда.
Қаратал аудандық сайлау комиссиясы