Қаратал ауданы Бастөбе және Жолбарыс батыр ауылдық округтерінің әкімдерін сайлау бойынша сайлау округін құру туралы

"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы " Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңның 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына, 22-бабына сәйкес Қаратал аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қаратал ауданының Бастөбе ауылдық округінің әкімін сайлау бойынша сайлау округі құрылсын:
  • Бастөбе ауылдық округі әкімінің сайлауы – Бастөбе сайлау округі Бастөбе ауылдық округі шекараларында.
  1. Қаратал ауданының Жолбарыс батыр ауылдық округінің әкімін сайлау бойынша сайлау округі құрылсын:

1) Жолбарыс батыр ауылдық округі әкімінің сайлауы – Жолбарыс батыр сайлау округі Жолбарыс батыр ауылдық округі шекараларында.

  1. Сайлау округтерінің тізімі, олардың шекаралары мен аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері көрсетіле отырып, Қаратал аудандық сайлау комиссиясының интернет-парақшасында және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.
  2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудандық аумақтық сайлау комиссиясының хатшысы Д. Тлектесовке жүктелсін.

          Төрайым                                 А. Истыбаева

          Хатшы                                    Д. Тлектесов

                             

 

2025 жылғы 7 мамырдағы

№ 3 Қаулы

Үштөбе қаласы

Дата публикации
08 мая 2025