«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-1 бабына сәйкес, Қаратал аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Қаратал ауданының Бастөбе және Жолбарыс батыр ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы 2025 жылдың 15 маусымға тағайындалсын.
- Қаратал ауданының Бастөбе және Жолбарыс батыр ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың қоса беріліп отырған күнтізбелік жоспары бекітілсін.
- Осы қаулы Қаратал аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-парақшасында және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.
- Осы қаулының орындалуын бақылау аудандық аумақтық сайлау комиссиясының хатшысы Д. Тлектесовке жүктелсін.
Төраға А. Истыбаева
Хатшы Д. Тлектесов
2025 жылғы 7 мамырдағы
№ 2 Қаулы
Үштөбе қаласы