«Қаратал ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-нің мүгедектігі бар адамдарды оңалту және әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін бейімдеу бойынша 2024 жылға атқарған жұмысы және 2025 жылға арналған жоспарлары туралы
«Қаратал ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі халықты әлеуметтік қорғау саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Қазақстан Республикасының нормативтік – құқықтық актілеріне сәйкес 2024 жылы бөлімде Мемлекеттік қызметтің 16 түрінен 3650 қызмет көрсетілді, оның ішінде мүгедектігі бар адамдар үшін мемлекеттік қызметтің 6 түрі бойынша 627 өтініш қанағаттандырылды. 2025 жылдың 1 тоқсанында мүгедектігі бар адамдар үшін 383 қызмет көрсетілді.
2024 жылы аудан бойынша тіркеуде тұрған мүмкіндігі шектеулі адамдар саны 1214 адам. (Оның ішінде 16 жасқа дейінгі балалар саны 190, I топтағы жандар 95 адам, II топтағы жандар 506 адам, III – топтағы азаматтар 423 адам).
-мүмкіндігі шектеулі азаматтардың жеке оңалту бағдарламасына сәйкес техникалық көмекші құралдарға 665 өтініш қабылданды. Оның ішінде 121 адам протездік-ортопедиялық көмекпен, 17 адам сурдотехникалық, 10 адам тифлотехникалық, 38 адам қол-арбамен, 215 адам санаторлы-курорттық емдеумен, 90 адам жеке көмекшінің қызметімен, 17 адам тіл мамандарының қызметімен, 155 адам міндетті гигиеналық құралдармен қамтамсыз етілді.
2024 жылы 90 жеке көмекшінің жалақысына 111 миллион 459 мың теңге және I - топтағы мүгедектігі бар 17 адамның ымдау тілі маманының жалақысына 6 659,0 мың, барлығы 251 миллион 966,0 мың теңге қаражат жұмсалды.
Ауданда мүмкіндігі шектеулі адамдарды тегін тасымалдауға «Инватакси» қызметіне арналған шығыстар 9 623,0 мың теңгені құрады.
- Мүгедектігі бар 47 адамнан түскен барлығы 6186 өтінімдері қанағаттандырылды.
Ауданда мүгедектігі бар адамдар үшін әлеуметтік инфрақұрылым нысандарының қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін Қаратал ауданы әкімінің 2024 жылғы 17 мамырдағы 39-ө н/қ өкімімен мониторингтік топ құрылды.
Мониторингтік топқа аудан әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы, «Амаnат» партиясы филиалының төрағасы, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы, кәсіпкерлік бөлімінің басшысы, құрылыс бөлімінің басшысы, мүгедектігі бар адамдардың мәселелері жөніндегі әкімнің штаттан тыс кеңесшісі, ауылдық округ әкімдері кірді.
Мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік инфрақұрылым нысандарының қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша 2024 жылға ауданда жоспарланған (4 денсаулық сақтау, 1 мәдениет, 1 білім), атап айтқанда:
- Тастөбе ауылдық фельдшерлік-акушерлік пункті, Бастөбе ауылдық дәрігерлік амбулаториясы, Алмалы ауылдық ауылдық ауруханасы, Жаңаталап ауылдық дәрігерлік амбулаториясы, Үштөбе қаласының тарихи-өлкетану мұражайы және Үштөбе қаласының гуманитарлық колледжінде пандус дайындау және орнату жұмыстары толығымен аяқталды.
2025 жылғы 15 қаңтардағы Жетісу облысының мүгедектігі бар адамдар мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесі отырысының хаттамасына сәйкес, ауданда, жүргізілген мониторингтен кейін 2025 жылы бейімдеуге жататын 19 әлеуметтік инфрақұрылым нысаны анықталды.
Оның ішінде:
Денсаулық сақтау-9 нысан;
Білімі - 7 нысан;
Мемлекеттік мекемелер-3 нысан.
Қажетті қаражат 40546,1 мың теңге.
Бюджеттік өтінімдер мен сметалар жазылған хат Жетісу облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына жолданды.
Бүгінгі таңда 19 нысанның ішінде - 2 денсаулық сақтау нысаны аяқталу сатысында, 6 денсаулық сақтау нысанында жаңа ғимараттардың құрылыс жұмыстары жүргізілуде. 6 нысан бойынша бюджет қаражаты бөлінеді, екі білім беру нысанда мемлекеттік сатып алу күтіледі.
2024 жылы 31 меншік иесіне Қазақстан Республикасының әлеуметтік кодексінің 154-бабының 1-тармағына сәйкес инфрақұрылым нысанын мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік инфрақұрылымға кедергісіз қолжеткізу мақсатында қажетті стандарттарға сәйкестендіру туралы ескертпе хабарламалар берілді.
Ағымдағы жылдың 5 наурызында және 11 сәуірінде 12 коммерциялық нысандардың барлық меншік иелеріне хабарламалар қайта берілді.
2025 жылы мүгедектігі бар адамдарды оңалтудың жеке бағдарламасын орындауға әлеуметтік төлемдерге 247 миллион 167 мың теңге жұмсалады деп жоспарлануда.
Бүгінгі күнге дейін мүгедектігі бар азаматтардың жеке оңалту бағдарламасына сәйкес техникалық көмекші құралдарға 379 өтініш қабылданды.
Оның ішінде 28 адамға протездік-ортопедиялық көмекпен, 3 адамға сурдотехникалық, 8 адамға тифлотехникалық, 10 адам қол-арбамен, 187 адам санаторлы-курорттық емдеумен, 83 адам жеке көмекшінің қызметімен, 14 адам тіл мамандарының қызметімен, 46 адам міндетті гигиеналық құралдармен қамтамсыз етілуде.
Ағымдағы жылы 83 жеке көмекшінің жалақысына 20 миллион 433 мың теңге (оның ішінде 80 адам үкіметтік емес ұйым арқылы, 3 адам жеке тұлғалар ретінде) және 1 топтағы мүгедектігі бар 14 адамның ымдау тілі маманының жалақысына 1211,0 мың теңге қаражат жұмсалды.
Барлығы 51499,0 мың теңге жұмсалды.
Сонымен қатар мүгедектігі бар адамдарды тегін тасымалдауға «Инватакси» қызметіне арналған шығыстар ағымдағы жылдың 31 наурызына 2 405,0 мың теңгесі игерілді.
("Инватакси" қызметінің әлеуметтік тапсырысын орындаушы «Қаратал мүгедектер қоғамы» республикалық қоғамдық бірлестігі болып табылады).
2024 жылы аудан әкімінің мүгедектігі бар адамдар мәселелері жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі Қызыл Крест және Жарты Ай қоғамымен бірлесіп 1 500,0 мың теңгеден астам сомаға қайырымдылық көмек ұйымдастырды. Барлығы 500 мүгедектігі бар адамдар қамтылды.