2025 жылдың бірінші тоқсанында шағын және орта бизнесті дамыту бойынша ақпарат
Өнеркәсіп
2025 жылға жоспар 4700 млн. теңге, индекс көлемі 100,1 пайыз, ағымдағы жылдың бірінші сәуіріне өнеркәсіп өндірісінің көлемі 1373,0 млн.тенге, 2024 жылмен салыстырғанда индекс көлемі 123,9 пайыз.
Өнеркәсіп саласында 17 кәсіпорын жұмыс жасауда, атап айтсақ: Сүт өнімдерін шығаратын «Үштөбе Айдын» ЖШС, «Үштөбе сүт өнімдері» ЖШС, балық өңдейтін «Қаратал Балық» ЖШС, профильдік бұйымдар шығаратын «Прогресс СМ» ЖШС, сыртқы киімдер тігетін «Қамқор» ЖШС, күріш өңдейтін «Уштобинский» ЖШС, жылу энергиясын өндіретін «Жылту орталығы» ЖШС, сумен жабдықтау «Қаратал су» ЖШС, «Бақыт и К» тұз өндіру, «Адина соль» ЖШС-гі полиграфиялық қызмет, «Уштобинский РЭС» электр энергиясын тарату, жер қойнауын «Тамас», «New live group», «RISH22», «Жетысу Мунай», «Шымыр-Кайра», «ТКНМ» аудан статистика басқармасына есеп берді.
Инвестиция
2025 жылға әлеуметтік - экономикалық бағдарламаға сәйкес 25 млрд 100 млн.теңге инвестиция тарту жоспарлған. Бюджеттен тыс инвестиция с омасы 10 млрд.теңге, бюджеттік инвестиция 15млрд. 100 млн теңге.
Қаңтар – наурыз айында инвестиция көлемі 795,9 млн.тенге, 2024 жылмен салыстырғанда 122,1 пайыз, бюджеттен тыс инвестиция 715,6 млн.тенге 110,1 пайыз құрады.
Бөлшек тауарайналымы
2025 жылға жоспар 14962 млн.тенге, индекс көлемі 100 пайыз.
Қаңтар-наурыз айында бөлшек тауарайналымынің көлемі 2236 млн.тенге, индекс көлемі 100,2 пайыз.
Шағын және орта бизнес
Қаратал ауданы бойынша 2025 жылға арналған жоспарға сәйкес жұмыс істеп тұрған бизнес субъектілерін 2991-ге немесе 100,5% - ға дейін жеткізу.
А.ж. 1 сәуіріне есеп бойынша 2936 бизнес субъектісі жұмыс істейді. Оның ішінде заңды тұлға – 167, жеке тұлға – 1428, шаруа қожалықтары – 1340, өткен жылмен салыстырғанда 28 бизнес субъектісіне артты немесе 107,3 пайызды құрады .
Бюджетке түсетін түсімдер 404,8 млн. теңгені құрады, бұл өткен жылғы деңгейден 140,0 пайызды құрайды (289,0 млн. теңге).