Қаратал ауданы әкімдігінің 2025 жылдың 1 тоқсанның қорытындысы бойынша көрсетілген мемлекеттік қызметтердің сапасына ішкі бақылау есебі

Мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі өз жұмыстарында барлық мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет көрсету туралы» Заңы мен мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы  Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік-құқықтық актілерін тікелей басшылыққа алады.

2025 жылдың 1 тоқсанның қорытындысы бойынша көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 1425, оның ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді «электрондық үкімет» веб-порталы және (немесе) Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету мүмкіндігі болса да, қызметті берушілермен (Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгендерді қоспағанда) қағаз түрінде көрсетілгендер саны – 116, электрондық ақпарат жүйесі арқылы – 574, Мемлекеттік корпорация арқылы – 47, «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы (электрондық ақпараттық жүйесі  арқылы «е-лицензирование») - 688.

«Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларына сәйкес, Қаратал ауданы әкімінің 2024 жылғы 13 желтоқсандағы № 96-ө н/қ өкімімен бекітілген Қаратал ауданы жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметтерді көрсету саласындағы заңнаманы сақтау бойынша 2025 жылға арналған Ішкі мемлекеттік бақылау туралы жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың 1 тоқсанның қорытындысы бойынша үш мекемеге ішкі бақылау іс-шаралары жүргізілді. Олар: «Тастөбе ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ—сі, «Жолбарыс батыр ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ—сі, «Елтай ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ—сі.

Тексеру нәтижесінде мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде бұзылған фактілер анықталып, тиісті ұсыныстар жолданған. Атап айтқанда;

Тастөбе ауылдық округі әкімінің бас маманы К.Солтанкулова мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы жұмыскерлердің біліктілігін арттырғандығы туралы курсынан өтпегені анықталды.

        2025 жылдың 1 тоқсанның қорытындысы бойынша мемлекеттік қызметтердің стандарттары мен қағидаларының бұзылуының алдын алу және көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді электронды түрде алу бойынша мемлекеттік органдар тарапынан 62 - дөңгелек үстел, семинар-кеңес, ашық есік күндер мен жәрмеңкелер, акциялар өткізілді. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру бойынша түсіндіру іс-шараларымен 1301 халық қамтылды.

Бұдан бөлек, аудан әкімдігінің қаулысына сәйкес, аудандық мәслихат, аудандық АМАНАТ партия депутаттары, сондай-ақ мемлекеттік емес ұйымдар қызметкерімен арнайы мониторингтік топ құрылды. Мониторинг тобымен мемлекеттік ұйымға бару арқылы, мүмкіндіктері шектеулі адамдарға, ережелер мен ыңғайлылықты сақтау бойынша 4 мекеме қаралып тиісті нұсқаулықтар берілді.

          Мемлекеттік қызмет көрсету саласын жақсарту мақсатында тоқсанына бір рет аудандық фракция және қоғамдық кеңес отырыстарында мемлекеттік қызмет көрсететін мекеме басшыларының жұмыстары талқыланып, тиісті шешімдер қабылданды.

Электрондық қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында аудан бойынша 47 өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары орнатылған, есептік кезеңде бұрыштар арқылы 3255 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

Сервистік әкімдік арқылы 3163 қызмет көрсетілді.

«Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту» мемлекеттік қызметін көрсету барысында туындайтын ақаулықтар бар.

Қазақстан Республикасы «Жер кодексінің» 37-бабына сәйкес «Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту» мемлекеттік қызмет түрі ЕГОВ портал жүйесінде автоматтандырылмағаны анықталды. Бүгінгі таңда аталған қызмет тек қағаз жүзінде ғана қабылданып, аудан тұрғындарына қолайсыз жағдай туындауына әсер етуде.  

Жоғарыда айтылғандардың негізінде «Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту» тәртібіне сәйкес жүйелерге түзетулер енгізу бойынша ұсыныс хат жолданған.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар ауданда болмады.

Мемлекеттік қызмет көрсету барысында Қаратал ауданы бойынша 13 қызметтен бас тарту анықталды. Есептік кезеңде мемлекеттік органдармен мерзімі бұзылған және қызметті алушыларға қызметті көрсетуден  негізсіз бас тарту жағдайлары тіркелмеген.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнамасы бұзылуының анықталған фактілері жоқ.

Есептік кезеңде қарау мерзімдері бұзылған мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына шағымдар аудан бойынша болмаған.

Халықты хабардар ету үшін мемлекеттік органдарда – қызмет берушілерде стандарттар мен қағидалар, анықтама телефондарының нөмірлері, өтініш бланкілерінің үлгілері орналастырылған стенділер ілінген.

         Бұл жұмыстардың тиімділігін бағалаудың шарттарының бірі – қызметті уақтылы әрі сапалы көрсету, азаматтардың қызметке ризашылық деңгейінің артуы болып отыр.

          Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша біліктілікті арттыру «Ең алдымен адамдар» курстарынан жоспарға сәйкес ағымдағы жылдың ақпан айында 1 мемлекеттік қызметші өтті.

 

 

              Қаратал ауданы әкімі

        аппаратының персоналды

        басқарудың бірыңғай

        қызметі бөлімінің бас инспекторы                                М.Бодаубекова

 

Дата публикации
09 апреля 2025